Бастапқы бет » Қармақшыда «Қорқыт және ұлы дала сазы» атты өнер фестивалі өтті

Қармақшыда «Қорқыт және ұлы дала сазы» атты өнер фестивалі өтті

2 окт 2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімі және «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен Қорқыт ата атындағы мемориалды кешенінде Қызылорда қаласынан бастау алған түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің қорытынды концерті өтті. Үш жылда бір рет аталып өтетін шарада Қазақстанның халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы өкілі Асқар Тұрғанбаев, аудан әкімі Сұлтан Мақашов және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова құттықтау сөз сөйлеп, өнер жұлдыздарына ақеден тілектерін арнады. Сонымен қатар, фестиваль қонақтарына сый-сияпаттар табыстап, арнайы дипломдармен марапаттады. Фестивальде Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан елдерімен қатар еліміздің өнер жұлдыздарының да жыр-термелері тамашаланды.