Бастапқы бет » Аудан әкімі ауданнын үздік ұстаздарын құттықтады

Аудан әкімі ауданнын үздік ұстаздарын құттықтады

6 окт 2017

1 қазан «Халықаралық қарттар» күні жəне ұстаздардың кəсіби мерекесіне орай аудан əкімі Сұлтан Мақашов ардагер ұстаздар мен білім саласында еселі еңбек етіп жүрген мұғалімдерді қабылдады. Салтанатты қабылдауда аудан əкімі ұстаздар қауымын мерейлі мерекелерімен құттықтап, аудан бойынша білім саласындағы жетістіктерге кеңінен тоқталды. - Адам баласы көне заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тəлім мен тəрбие беру ең ұлы мұрат болып есептелген. Ендеше, Мұғалімдер күні – орны бөлек, дəрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Сондықтан барша ұстаздар қауымы мен білім саласының ардагерлерін осынау мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ізгілік пен ұстамдылық, бақыт пен мол қуаныш тілеймін – деп, шəкірттерін білім нəрімен сусындатқан 6 ардагер ұстаздарға ерекше ілтипат көрсетсе, бірқатар ұстаздарға «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар табыстады. Ұстаздарға арналған жылы лебіздер, ізгі тілектер еселей түсіп, жыл сайын қоңыр күзде келетін ұстаздар мерекесі мерекелік əн шашумен жалғасты.