Бастапқы бет » Ардагерлер мен жастар балық аулап жарысты

Ардагерлер мен жастар балық аулап жарысты

10 окт 2017

1 қазан – халықаралық қарттар күніне орай Иіркөл ауылдық округіндегі Тұздыкөл жағасында ардагерлер мен жастар арасында балық аулаудан жарыс өтті. Жарыс нəтижесінде «Салмағы ең ауыр балық» аталымы бойынша Жақан Тоқтаров, «Ең көп балық» аталымы бойынша Сəдуақас Шалабаев, «Дəмді сорпа дайындағаны үшін» аталымымен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» өкілдері марапатталды. Жарыс жеңімпаздарына аудан əкімі Сұлтан Мақашов Алғыс хат пен сый-сыяпат тарту етті.