Бастапқы бет » Орташа өнім әр гектардан 56.5 центнер

Орташа өнім әр гектардан 56.5 центнер

11 окт 2017

Биылғы жылы ауданымыздың 6 ірі және 12 шағын ауылшаруашылығы құрылымдары өздеріне бекітілген 14209 гектар егістік алқапқа күріш дақылын орналастырса, бұл күндері, оны жинап алуда аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда аудан диқан-механизаторлары күріштің соңғы гектарларын бастыруда, бүгінде орташа өнім гектарына 56,5 центнерді көрсетуде. Сыр салысын төкпей-жинап алуда білікті маман Орынбасар Төлепов басқаратын «Жаңажол» ЖШС-нің егіншілері алда келеді. Олар 3200 гектар күріштік алқаптың әр гектарынан 67 центнерден өнім алуда. Нұрлан Іздібаев басшылық жасайтын «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқан-мехиназаторлары өздеріне бектіліген 1510 гектар Сыр салысының әр гектарынан 66 центнерден, Нұржан Пірмантаев басқаратын «Тұрмағамбет» ЖШС-і әр гектардан 59 центнерден, ал Милияр Арифов басшылық жасайтын «Достық Жер МК», Сапар Асқаров басқаратын «Ораз ахун» ЖШС егіншілері әрқайсысы 48 центнерде өнім жинауда. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары арасында сала маманы Тұрғанбек Іздібаев басқаратын ақтөбелік «Дөйт» ШҚ-ның диқандары өздеріне бекітілген 365 гектар күріштіктің әр гектарынан 66 центнерден, Байзақ Төрәлиев, Аштар Муратов, Сағат Шоқбаров пен Гугчак Ригибовалар басқаратын «Ақжар», «Ақниет», «Шәкизада» және «Талас» шаруа қожалықтары гектарына 61-50 центнерден өнім алды.