Бастапқы бет » Фестиваль қонақтары этноауылда болды

Фестиваль қонақтары этноауылда болды

2 окт 2017

«Қорқыт жəне Ұлы дала сазы фестивалі аясында шара қонақтары ұлы баба кешені маңайында орналасқан этноауылда болды. Ұлтттық салт-дəстүрімізді дəріптеген этноауылда бірнеше ақшаңқан киіз үй тігіліп, қолөнер бұйымдары қойылған. Мұнда фестиваль қонақтарына «Бесікке салар», «Тұсау кесер», «Тілашар» секілді ұлттық дəстүрлер көріністері көрсетілді. Татарстаннан келген өнерпаз Айдар Алиев бұл бұл шарадан түркіге ортақ көрініс тапқанын айтса, əзірбайжандық Бабек Гулиев қазақ халқының əдет-ғұрпына қызыққанын жеткізді.