Бастапқы бет » Мем.қызмет » ЖАО мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

2016 жылы Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі  

1.   Жалпы ережелер

1.1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

  1. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қармақшы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. «Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. «Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. «Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  8. «Қармақшы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  9. Кент және ауылдық округі әкімінің аппараты;

1.2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2016 жылы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтің 92 түрі көрсетілді. 2016 жылдың қорытындысымен жалпы ұсынылған мемлекеттік қызметтің саны 70057 құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 44 түрі көрсетіледі.    

Жыл көлемінде мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 16819 қызмет ұсынылған.    

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 87.

Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 5.

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

Қағаз жүзінде – 31 қызмет.

Электрондық нысанда – 61 қызмет.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламент саны

2016 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары саны – 91, регламенттер саны – 90.

2.   Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (www.karmakshy.gov.kz) орналастырылған. Онымен қоса, мемлекеттік қызметті ұсынушы жергілікті атқарушы органдарда арнайы ақпараттық тақтада мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері туралы ақпараттар орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кздесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында аудандық «Қармақшы таңы» газетіне 7 рет түсіндірме мақала жарияланды.

3.   Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

1 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау өңірлік орталығында мемлекеттік қызметтер көрсету тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4.   Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Есепті мерзімде мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

2016 жылдың ІІ, ІІІ және ІV-тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау іс-шарасына сәйкес, 8 бөлім, 2 кент және 12 ауылдық округі әкімінің аппараты және аудандық мектептерде ішкі бақылау шаралары жүргізілді. Нәтижесімен, мекемедегі ақпараттық тақтаның жаңартылуы, жауапты қызметкердің жұмыс орнында стандарт талаптарының болуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустың болуы, қызмет алушыға стандарт талабына сәйкес өтінішті, құжаттар пакетін қабылдағаны жөнінде қолхат бермеуі, өтініш иелерінің аталмыш қызметтің стандартына сәйкес мәртебелері (статус) анықталмай, өтініштердің жазылған уақыты көрсетілмеген, жанұя мүшелерінің табысы туралы мәліметтерінің нақтыланбауы, баланың медициналық анықтамасы өтініштен кейін ұсынылғаны туралы мәліметтер анықталды. Осы қызметтерге жауапты мамандарға «Ескерту» тәртіптік шарасы көрілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері

2016 жылы қоғамдық мониторинг Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Білім» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен жүргізілді.

Мониторинг барысында жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) көрсетілетін барлығы 17 қызмет түрі қамтылған. Алайда мониторингтің қорытынды талдауында  зерттеу ЖАО-мен көрсетілетін  9 қызмет түрі бойынша жүргізілді делініп, бағалау нәтижесі тиісінше 9 қызмет түрі бойынша белгіленген.

Мониторингтік зерттеуге Қызылорда облысының 4,9% тұрғыны қатысқан. 

Қоғамдық мониторинг жүргізуде қолданылған негізгі әдістер:

-кабинеттік зерттеулер;

-жалпылама сауалнама;

-құпия сатып алушы;

-тереңдетілген сұхбат.

Көрсетілетін қызметті берушілермен көрсетілген қызметтер сапасын, қолжетімділігін және көрсету рәсімдерін бағалау 5 баллдық шкаламен есептелген.  Анкета (сауалнама) 46 сауалдан құрастырылған.  

Сауалнама негізінен көп жағдайларда (55,2%) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан «шығып жатқан» жерлерде жүргізілген болса, 43% - ЖАО-мен ұсынылған көрсетілетін қызметті алушылардың тізіміне сәйкес немесе телефон арқылы жүргізілген. Қызмет алушылардың 1,8%-ына сауалнаманы олардың жұмыс орындары – коммерциялық және үкіметтік емес ұйымдарда жүргізген.

Мониторинг барысында  бағалаудың келесі  критерийлері, атап айтқанда қызмет алушылардың:  

-мемлекеттік  қызметтің көрсетілу сапасымен;

-мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесімен;

-қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар қызметкерлерінің байланыс орнату қабілетімен;

-қызметкерлердің ізеттілігі мен кәсіби этикасымен;

-мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығы пен қолжетімділігімен;

-алған ақпараттың ашықтығы мен шынайылығымен; 

-көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдар ғимаратының орналасқан жері мен қолжетімділігімен; 

-құжаттарды жинақтау және ұсыну процесінің қарапайымдылығы мен анықтығымен;

-мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімімен;

-мемлекеттік қызметке төленетін ақы көлемімен;

-мемлекеттік қызметке ақы төлеу әдісімен қанағаттану деңгейі зерттелген. 

Қоғамдық мониторинг нәтижесімен Қызылорда облысы 8,9 баллмен (89 %) жергілікті атқарушы органдардың ішінде 4-ші орынға ие болды (ӨДБ бойынша 2016 жылға жоспар - 82%). 

Өткен жылдары өткізілген қоғамдық мониторингтерден 2016 жылы жүргізілген мониторинг ЖАО-мен көрсетілетін қызметтер санының қамтылу бөлігімен, сондай-ақ, жүргізілген талдаулардың тереңдігімен ерекшеленеді. 

Мониторингтің қорытынды талдауында көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жерлерін көрсетіле отырып, пікір/ұсыныстары келтірілген. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процесстерін жетілдіру мақсатында әр қызмет түрі бойынша нақты қорытындылар келтіріліп, түрлі ұсыныстар берілген.

5.   Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілген қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін арттыру және құжаттардың стандарт, регламент талаптарына сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында 11-20 сәуір аралығында аудандық білім бөліміне қарасты 30 мектепке және 2016 жылдың 20-24 маусымы аралығында 2 кент, 12 ауылдық округі әкімі аппараттарымен ұсынылатын 9 қызметтің ұсынылу барысында іс – тәжірибелік көмек көрсетілді. Аталған жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.


2015 жылы аудандық жергілікті атқарушы органдарымен 85 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді:

7 қызмет түрі – кент, ауылдық округтер деңгейінде;
78 қызмет – аудандық бөлімдер деңгейінде.
Мемлекеттік органдармен 85 қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде:
18 қызмет – меморган + портал;
35 қызмет – тек мемлекеттік органдардың өзімен;
10 қызмет түрі – меморган + ХҚКО;
14 қызмет – меморган + ХҚКО + портал;
6 қызмет – ХҚКО + портал
2 қызмет – тек қана ХҚКО
2015 жылы жергілікті атқарушы органдармен 65142 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:
ХҚКО арқылы - 16848;
Меморганмен – 26951;
Баламалы түрде – 17764;
Үкіметтің Электронды порталы арқылы - 3579
Қазақстан Республикасының Президенті қойған тапсырмаларды орындау негізінде «электрондық үкіметті» дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру, оларды электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі күнде ауданда мемлекеттік қызметтердің 15 түрі автоматтандырылған.
2015 жылы аудан әкімі аппаратының және аудандық бөлімдердің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған 13 шара өткізілді. Оның ішінде аудан әкімі аппаратымен 3 жиналыс өткізілсе, аудандық бөлімдермен мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне «Қармақшы таңына» 10 түсіндірме мақала жарияланды.


Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2015 жылдың І жарты жылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жайы туралы мәжілістің хаттамасы

Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2015 жылдың І жарты жылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі (слайд)

Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2015 жылдың І жарты жылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №45 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген толықтыруларға сәйкес бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдармен 162 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 85 қызмет аудандық жергілікті атқарушы органдар арқылы ұсынылады. Өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда қызметтер саны 20-ға 30,8 пайызға артқан.
Мекемелер бойынша бөлгенде аудандық ауылшарушалығы бөлімінде 15, аудандық білім бөлімінде 23, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөілімінде 26, аудандық жер қатынастары бөлімінде 5, аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімінде 4, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде 5, аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінде 4 және кент, ауылдық округтерде 2 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 43 қызмет мемлекеттік орган арқылы болса, қалған 41-і ХҚКО және үкіметтің электронды порталы арқылы ұсынылады.
2015 жылдың І жарты жылдығында аудандық жергілікті атқарушы органдармен 22102 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 7867 қызмет ХҚКО арқылы, 1046 қызмет электронды порталмен көрсетілген. 6168 қызмет мемлекеттік орган, 7021 қызмет ХҚКО және мемлекеттік орган, яғни, балама түрде жасалған. Салыстырмалы қарағанда 2015 жылдың алты айында жалпы қызмет көрсету 9,8 (20118), электронды қызмет 7,8 (970), ХҚКО арқылы қызметтер 5,5 (7454) пайызға өскен.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына тұтынушылар тарапынан шағым түскен емес. Дегенмен, жыл басынан қаңтар айында аудандық білім бөлімі тарапынан электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» қызметінің бөлімдегі жауапты қызметкердің декрет демалысына шығуға құжат әзірлеуі кезінде қараусыз қалып, мерзімі бұзылған. Нәтижесінде бөлім қызметкеріне «ескерту» түрінде тәртіптік шара көрілді.
Аудандық жұмыспен қамту , әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөліміндегі «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық филиалдары арқылы мерзімдері бұзылып көрсетілді.
Бұл жөнінде облыстағы жоғары тұрған тиісті құрылымдармен бірлескен акті жасалды. Ал, жыл басынан 4 мерзім бұзу фактісімен мемлекеттік орган қызметкерлеріне қаралған 4 «ескерту» тәртіптік шарасы 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай алынып тасталды.
Ағымда 2015 жылы аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі құрылғаннан кейін мамыр және маусым айларында аудан әкіміне қарасты мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу жағдайына талдау жұмыстары жүрзігілген болатын.
1 кент, 4 ауылдық округ пен 7 аудандық бөлімге жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесі ауданда мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасының әлі де болса талапқа сай емес екенін көрсетті. Атап айтқанда, мекемелердің 90 пайызында сол мекемеде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері жаңартылмаған немесе мүлдем жоқ.
Сондай-ақ осынша мекемеде өтініш нысандарының толтыру үлгісі мен стандарттар арнайы тақтаға орналастырылмаған. Және де қызмет алушыларға арнайы күту орындары қарастырылмаған. Өтініштер мен қызмет нәтижесімен берілетін анықтамаларды немесе шешімдерді тіркеу журналдары арналмаған.
Сонымен қатар, 2015 жыл бойынша аудандық ауылшаруашылығы бөлімі арқылы көрсетілетін тыңайтқыштардың, су жеткізудің және жанар-жағар май құнын субсидилаудың тәртіптері ғана аудандық «Қармақшы таңы» газетіне жарияланған. Ал, қалған бөлімдердегі қызметтерді алудың стандарттары мен регламенттері аудан әкімінің сайтында орналастырылғанымен, аудандық «Қармақшы таңы» газетінде қарапайым халыққа түсінікті тілмен талданып жарық көрген жоқ.
Енді аудан бойынша мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызметтердің бөлімдер бойынша талдауына көшетін болсақ. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде 15 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Оның 10-ы мемлекеттік орган, 4-еуі ХҚКО, 1-еуі үкіметтің электронды порталы арқылы ұсынылады.
1 қызмет ақылы болса, қалған 14 қызмет ақысыз негізде ұсынылады. 15 мемлекеттік қызметке бөлімнің 4 жауапты қызметкері бекітілген.
Жоғарыда аталғандай 15 қызметтің де стандарттары мен регламенттері және өтініш толтыру нысандары көрнекі жерге ілінбеген.
Бөлімдегі инспектор Д.Пірназарова жауапты «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметі бойынша стандартқа сәйкес қызмет алушыға құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат ұсынылмаған және өтнініштерді тіркеу журналы арналмаған. Бөлімнің сектор меңгерушісі Т.Өмірқұлов жауапты 7 қызмет бойынша да өтініштерді тіркеу журналдары арналмаған және әрбір өтініш берушіге бөлек папка арналмай, барлық өтініш берушінің құжаттары бір папкаға жинақталған.
Бұл өз кезегінде құжаттарды түгендеуге кері әсерін тигізеді. Бас маман Н.Жансейітов жауапты 6 қызметтің құжаттары сапалы рәсімделгенімен қызмет нәтижесімен ұсынылатын шығыс құжаты тіркелмеген және стандартқа сәйкес өтініш көшірмесі қызмет алушыға ұсынылмаған.
Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде 4 қызмет ХҚКО орталығы арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті арасында жасалған меморандум негізінде мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылып келеді.
Бөлімдегі 4 қызметке 4 қызметкер жауапты етіп бекітілген. Бөлімдегі инспектор А.Сұлтанов жауапты «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» қызметі бойынша түскен өтініштер арыз ретінде тіркеліп, жауап беріліп келген.
Сонымен қатар, стандартта нобайлық сызба талап етілуі тиіс болса да кейбір құжаттарда ол қоса тігілмеген.
Бөлімдегі инспектор Р.Құлшығаев жауапты «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» қызметінде де жоғарыда айтылғандай кемшіліктермен қатар, қызмет ХҚКО арқылы қабылдануы тиіс болса да, мекеме басшысының тапсырмасымен мемлекеттік органда құжат қабылданған.
Инспектор А.Бүркітбаева жауапты «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша адресный реестрде тұлғаның аты, жөні және тегі болмағандықтан қосымша стандартта жоқ жер актісі талап етіледі. Бұл жөнінде жоғары тұрған органдарға хабар берілген. Мәселе шешімін күтуде.
Бөлімдегі Ғ.Сағатбекұлы жауапты «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы арналмаған және стандарт пен регламент көрнекі жерге ілінбеген. Және қабылданған құжаттар тәртіпке келтірілмеген.
Аудандық білім бөлімі арқылы көрсетілетін 23 қызметтің регламенттері стандарттары мекеменің көрнекі жеріне арнайы тақтаға ілінбеген. Бөлімдегі М.Төрешоваға қарасты үкіметтің электронды порталы арқылы жүзеге асырылатын «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» қызметінен басқа қызметтерде ай және тоқсан сайын есеп беру кезінде бөлімдегі маман Н.Сарымсақов жауапты «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», А.Тоқшылықова жауапты «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» қызметтері есепке алынбай қалған. Сонымен қатар, бөлімде белгілі бір қызметкер кезекті еңбек демалысына шыққанда немесе уақытша еңбекке жарамсыз болғанда бірін-бірі алмастыру мәселесі жолға қойылмаған.
Бөлімдегі қызметкер Н.Сарымсақов жауапты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра рәсімдеу үшін анықтамалар беру» қызметі бойынша мұра иесінің қайтыс болғаны туралы нотариуспен куәландырылған анықтама талап етілуі тиіс болса да құжат толық рәсімделмеген.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде 26 мемлекеттік қызмет 8 қызметкермен көрсетіледі. Оның 10 мемлекеттік орган, 15 ХҚКО, 1 электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
Бөлімдегі Е.Біләлов жауапты мемлекеттік органда көрсетілетін 6 қызмет бойынша ортақ кемшілік стандарттар мен регламенттер түгел емес. Қызмет алушыға берілетін хабарламаны тіркейтін журнал арналмаған. Бөлімдегі өзге де Ж.Жансейітова, Ш.Әликеева Ж.Жайылғановалар жауапты қызметтер бойынша да стандарттар мен регламенттер түгел емес. Өтініштерді тіркейтін және қызмет нәтижесімен берілетін хабарламаны тіркейтін журналдар толық арналмаған.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде 5 қызмет бар. Олардың 3 мемлекеттік орган, 1 ХҚКО және 1 үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Қызметтердің рәсімделуіне инспектор А.Асанова жауапты. 5 қызмет бойынша да стандарттар мен регламенттер жинақталмаған. Анықтама беру бойынша журнал арналмаған. Қызметтер бойынша түскен өтініштерді тіркеу журналы жоқ.
Аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы 5 қызмет ХҚКО арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің көрсетілуіне 1 адам яғни А.Буркитбаева жауапты. Қызметтер барлық талапқа сай көрсетіледі және тиісті құжаттары толығымен рәсімделген.
Жоғарыда аталғандай 1 кент, 5 ауылдық округтегі 4 мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жайы талданған болатын. Соның ішінде аудандық вет.иснпекция мамандары көрсететін «Ветеринариялық анықтама беру», ауылдық округтер беретін «Жеке қосалқы шаруашылықтары бар болуы жөніндегі анықтама беру» қызметтері бойынша Т.Көмекбаев, Алдашбай ахун ауылдарында стандартқа сәйкес құжаттар талап етілмеген және өтініштерді тіркейтін журналдар арналмаған. Стандарттар мен регламенттер көрнекі тақтаға ілінбеген. Ай сайын берілген есептілік пен нақты көрсетілген қызмет сандары сәйкес келмейді. Өзге елді мекендердегі жағдай салыстырмалы түрде орташа болғанымен, әлі де құжаттар бойынша жұмыс жасауды талап етеді.
Жыл сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына, қол жетімділігіне және ашықтығы мен жариялылығына талап күшейтіліп келеді. Ауданда да осы талаптардың үдерісінен шығу үшін жұмыстар атқарылып, жоспарлар түзілуде.
Маусым айының соңында ғана барлық мемлекеттік қызметтердің есебін жүргізетін облыс бойынша бірыңғай база жасақталғанын және сол базаға жыл басынан мемлекеттік орган арқылы көрсетілген қызметтердің енгізілгенін және ай сайын базаның жаңартылып отырылуы тапсырылғанын жақсы білесіздер.
Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдағы қызметтердің сапасын бақылауға жағдай жасаса, екінші кезекте мекемедегі қызмет ұсынушы мен орындаушының біліктілігіне үлкен сын болып табылады. Яғни, базаға енгізілетін мәліметті мұқият бірнеше рет тексеріп барып енгізбесек, оны қайта жөндеуге біздің мүмкіншілігіміз жоқ.
Тағы да бір айта кететін жағдай ХҚКО арқылы көрсетуге мүмкіндігі бар қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілуі қатаң бақылауға алынады. Біздің мақсатымыз қызмет ұсынушы мен алушы арасындағы байланысты барынша шектеу болып табылады. Ал, ХҚКО арқылы көрсететін қызметті біз қасақана мемлекеттік орган арқылы көрсетсек, демек қызметімізден белгілі бір пайда табуға мүдделі болғанымыз. Бұл жоғары аталған база арқылы қатаң бақылауда ұсталатынын бөлім басшыларының тағы да бір есіне салғым келеді.
Мемлекеттік қызметтердің сапасына талаптың артып келе жатқанын жақында ғана Қазалы ауданында өткен семинар барысында және 11 шілдеде облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Жайсанбаевтың төрағалығымен өткен бейне конференция кезінде естіп көрдіңіздер.
Бірнеше аудандағы мекеме басшыларына семинар қорытындысымен алынған тесттен өте алмаған қызметкерлерді жұмыстан босату немесе өзге қызметтерге ауыстыруға тапсырма берілді. Және осындай тест байқауының жүйелі түрде өткізіліп тұратынын хабарлады. Сонымен қатар, алдағы уақытта қызметтер бойынша мерзім бұзушылық фактілері бойынша орындаушыға ғана шара көрмей мекеме басшысына да шара қарастырылады.
Аталған мәжілістің хаттамасы кеше ғана ауданға келіп жетті. Онда мерзім бұзушылыққа жол берген қалалық жер қатынастары бөлімің басшысына «қатаң сөгіс», қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің басшыларына «ескерту» түрінде шара қолданылды. Және де жоғары аталғандай тест тапсыра алмаған қызметкерді өзге қызметке ауыстыру немесе жұмыстан босату жөнінде тапсырма жолданған.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет сапасына деген талап бұдан да күшейе бермек. Қызметкерлердің біліктілігін анықтауға бағытталған тест тапсыру сияқты шаралар жүйелі түрде өткізілетін болады. Қызметке қол жетімділікті арттыруға да байланысты үлкен талаптар қойылып отыр.
Осы орайда, 2015 жылдың 9 шілдесінде аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Бухановпен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сол қызметтерді көрсету процесстері туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қармақшы таңы» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мақалалар мен материалдар жариялаудың кестесі» бекітілді және аудандағы 7 бөлім басшысына №1/3-307-іқш хатпен жолданды.
Бұл жерде мекеме басшысы сол мекемеде көрсетілетін қызметті қалай, қайда, қашан және қанша уақытта, кімнен ала алатыны туралы және қандай құжаттар талап етілетіні жайлы сұрақ жауап ретінде мақала әзірлеуі тиіс. Кез-келген қызмет бойынша регламенттер мен стандарттар интернет ресурстарда тұр және оны қалаған уақытта алуға болады.
Бірақ, бұл жерде біздер қарапайым халықтың барлығы дерлік компьтерлік жағынан сауатты емес екенін және интернетпен қамтылмағанын ескеруіміз керек. Мақала жариялаудың мақсаты да осы кемшіліктен туындайтын мәселелердің алдын алу болып табылады. Мақала түсінікті, қарапайым тілмен сұхбат ретінде қызмет алушыға барлық жағдайды жеткізетін болуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілетін қызметтің стандарты мен регламенті бойынша жауапты қызметкерлердің тест тапсыратынын айтқан болатынбыз. Бұл ретте 400-200.kz сайтында әзірге аудандағы білім беру, әлеуметтік қамыздандыру, жер қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салалары қамтылып отыр.
Алдағы уақытта басқа да салалар қосылады деп күтілуде. Және де осы тапсырылған тесттің нәтижесімен ауданның мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, жауапты қызметкерлердің біліктілігі бағаланатын болады. Сондықтан аталған сала мамандары өздері көрсетіп отырған қызметтер бойынша стандарттар мен регламентті алып, осы кезден әзірліктерін пысықтауды бастап кетуі тиіс.
Сонымен бірге, аудан әкімі тарапынан да тоқсан сайын аудандағы көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қорытынды жиын жүйелі өткізіліп тұратын болады.
Жоғарыда аталған жайттарды ескере келе:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, қол жетімділігін, жариялылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі қарай жандандыру;
- 2015 жылдың 1 тамызына дейін барлық мекемелерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері мен толтырылатын өтініш үлгілері ілінген арнайы тақта орнату;
- мекеме басшылары ұсынылған кестеге сәйкес «Қармақшы таңы» газетіне мерзімінде сапалы мақала жариялауды қамтамасыз ету;
- мекемедегі барлық мемлекеттік қызметтердің тиісті стандарттар мен регаменттер талаптарына сәйкес көрсетілуін қатаң бақылау;
- 2015 жылдың 20 тамызына дейін мекемедегі мемлекеттік қызметтерді көрсетуші жауапты мамандардың өзара ауысымдылық кестесін жасақтап, бұйрықпен бекітіп аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөліміне жолдау;
- мекемелер анықтамада көрсетілген кемшіліктерді жоюдың іс-шара жоспарын жасап, оның 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жойылуын қамтамасыз ету ұсынылады.


Қармақшы ауданы бойынша 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебіне түсіндірме-жазба

2014 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебінің қорытындысы туралы (слайд)

2014 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебінің қорытындысы туралы

Жергілікті атқарушы органдармен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қол жетімділігін арттыру және қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, қызмет ұсынушы мен алушының қызметке жұмсалатын уақытын барынша шектеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірінде «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
2014 жылы жоғарыда аталған заң аясында көрсетілетін тізілімге енгізілген барлық 574 қызметтің 128-і облыстық деңгейдегі атқарушы органдарда көрсетілсе, оның 67-сі аудандық  атқарушы органдардың үлесіне тиесілі болды.
Оның ішінде  аудандық білім бөлімінде 18, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 17, кент, ауылдық округтерде 4, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде 15, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде 4, аудандық жер қатынастары бөлімінде 4, аудандық спорт бөлімінде 1, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде 2, аудандық ветеринария бөлімінде 2 қызмет.
67 қызметтің 64-і тегін көрсетілсе, ауылшаруашылығы бөліміне қарасты яғни «Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру», «Монтаждалған арнайы жабдығы бар өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерді қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді, сонымен қатар жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»,  Монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді тіркеу, қайта тіркеу» сияқты   3 қызмет ақылы негізде ұсынылады.
2014 жылдың қорытындысымен аудан бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 19 497 (2013 жылы 17 714 110,1 % өскен), қызмет, үкіметтің электронды  порталы арқылы 2 478 (2013 жылы 1886 131,4 % өскен), мемлекеттік орган арқылы 43 381 (2013 жылы 112 193 61,3  % азайған) барлығы 65 356 (2013 жылы 131 793 50,5 % азайған) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тиісінше мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған адам саны да 65356.
2014 жылғы мемлекеттік орган арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің азаю фактісі, кезінде кент, ауылдық округтер арқылы «ауылшаруашылығы жануарларын бірегейлендіру» және «малға ветеринарлық паспорт беру» қызметтері бөлек есепке алынғанымен түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта тек қана «ауылшаруашылығы жануарларын бірегейлендіру» қызметі есепке алынып, сол қызмет көрсетілген малға ветеринарлық паспорт беріледі деп есептеледі.  Нәтижесінде 2013 жылы 21 091 «малға ветеринарлық паспорт беру» (жалпы қызметтің 131 793 16,0 %) және 60 418 (2013 жылы 131793 45,8 %) «ауылшаруашылығы жануарларын бірегейлендіру» қызметтері көрсетілсе, 2014 жылы бар болғаны 12 326  «ауылшаруашылығы жануарларын бірегейлендіру» қызметі көрсетілген (2014 жылы 65356 қызметтің 18,9 %).
Талдау көрсеткендей 2014 жылы аудан халқының  (53 952) 36,2 пайызы (53 541 2013 жылы 33,1 %)  мемлекеттік қызметте халыққа қызмет көрсету орталықтары, 4,6 пайызы (2013 жылы 3,5 %)  үкіметтің электронды  порталы, 80,1 пайызы (2013 жылы әрбір адам жылына 2 рет)  мемлекеттік орган арқылы қызмет алған.
2014 жылы аудандық білім бөлімінің электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» қызметі 39 рет, «Мектепке дейінгі білім беру» қызметі 18 рет балама түрде ХККО арқылы көрсетілсе, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі 3 154 рет, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» қызметі 24, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі 465 рет, кент, ауылдық округтері арқылы көрсетілетін «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру» қызметі 2 136 рет балама түрде мемлекеттік орган арқылы көрсетілген. Айта кететін бір жағдай бұл қызметті Жосалы, Төретам кенті мен Ақай ауылдарында ғана ХҚКО орталықтары арқылы көрсетуге мүмкіншілік бар.
2014 жылы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 67 түрлі қызметтің 18  ХҚКО (26,9 %), 4 (6,0 %) қызмет электронды үкімет порталы қалған 45-і яғни 67 пайызы балама түрде ХҚКО немесе мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
Талдау нәтижесі Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет алушы мен оны ұсынушының байланысын барынша шектеу мақсатында тұтынушының қызметтерді электронды  түрде алуға жағдай жасау және итермелеу жөніндегі тапсырмасы әлі де болса аудан мекемелері тарапынан тиісті деңгейде орындалмай отырғанын көрсетеді.
Есепті мерзімде кент, ауылдық округтері мен аудандық бөлімдер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімі бойынша аудандық білім бөлімінде электронды портал арқылы көрсетілетін  «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» қызметі 1, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ХҚКО арқылы көрсетілетін «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі 1, аудандық тұрғын коммуналдық шаруашылық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде электронды портал арқылы көрсетілетін   «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі 1 күнге кешіктіріліп, барлығы 3 мерзім бұзу фактісі орын алған.
Нәтижесімен 3 мемлекеттік органның қызметкеріне мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қаралды. 2015 жылдан бастап қызметтің мерзім бұзуы бірнеше рет қайталанса сыбайлас жемқорлық  фактісі бойынша тәртіптік шара қарастырылатынын естеріңізге саламын.
Бұл ретте қызмет мерзімдерінің бұзылуына мемлекеттік орган басшылары тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мамандарға қосымша өзге қызметтерді жүктеуі, еңбек демалысына шыққанда өзге мамандармен ауыстыруға тиісті мән берілмеуі сияқты фактілерінің әсер еткенін жасыра алмаймыз. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметті көрсетуші маманның уақыты шектеулі немесе еңбек демалысы кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуге мүмкіндігі болмай жатады.
Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттік орган басшылары мекемесіндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маманның қызметтік жүктемесін қайта қарап, мемлекеттік қызметке бөлетін уақытын барынша арттыруға немесе өзге қызметтерден босатуға жағдай жасауы тиіс.
Осы ретте мекеме арқылы ай сайын және тоқсан сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтің есептілігін, яғни №7 форма мен айларға бөлінген ішкі бақылау есебін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөліміне тапсыру кезінде ондағы мәліметтердің сапасы мен тапсырылу мерзімінің сақталуына мекеме басшылары тарапынан тиісті бақылау болмай жататынын атап айтуымыз керек.
Есептілікті әр айдың 27 жұлдызына дейін сапалы және уақытылы тапсыру жөнінде мекеме басшыларының атына аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Бухановтың атынан бірнеше мәрте хат жолданса да Алдашбай ахун, Т.Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтері мен аудандық білім бөлімінде есептілікті асығыс түрде әзірлеп, мерзімі тақалған кезінде тапсыру әдетке айналған.
Бұл жерде аудандық білім бөлімі жөнінде бірнеше мәселені анықтау қажет. Біріншіден,  бұл мекемеде бұрын мекеме арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет есептілігінің сапасы мен мерзіміне бұйрық арқылы аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары жауапты етіп белгіленген болатын. 2014 жыл бойында мекемедегі 18 қызмет бойынша есептіліктің жасақталып, уақытылы өткізілуін мекеменің бас маманы М.Төрешова жүзеге асырып келді.
Ал, мекемедегі қалған басқа қызметкерлер есептіліктің тапсырылуына атсалыспаған. Сондықтан мекеме басшысы мекемесіндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты әрбір қызметкердің есептілікті жасақтауға және мерзімінде тапсыруға жауапты екенін қатаң бақылауда ұстап, тиісті тапсырмасын бергені дұрыс. Және де бұйрықпен есептілікті тапсыруға жаңадан жауапты адамдарды бекіту қажет.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де есептілік кезінде мәліметтердің жасақталуы мен есептілікті тапсыру кезінде тиісті жауапты қызметкерлердің барынша тиімді жұмыс жасауын үйлестіруі қажет.
Алдағы уақытта мекемедегі мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасы мен мерзіміне, есептіліктердің уақытылы тапсырылуына мекеме басшысының тікелей өзі жауапты болатынын ескеретін болсақ, тиісті қорытынды шығарылады деп есептеймін. Бұл жөнінде де ағымдағы жылы аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Бухановтың атынан мекеме басшыларына хат жолданғанын естеріңізге саламын.
Сонымен қатар, мекеме басшылары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлердің мәдениетті, ұқыпты, қызмет ұсыну кезінде барынша ұстамды және білікті болуын басты назарда ұстауы тиіс. 2014 жыл қорытындысымен мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан қандай да бір шағым түскен жоқ.
Дегенмен бұл біздегі қызмет көрсету деңгейінің жоғары екенін көрсетпейді. Керісінше аудан халқының сабырлы және қазахи әдептен аспағандығын айғақтайды.   
Мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдастыру техникаларының да тұтыну мерзімдері сын көтермейді. Атап айтқанда аудандық білім бөліміндегі бірнеше мелмекеттік қызмет базасы бір ғана компьютерге жүктелген. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің дербес жұмыс жасауын шектейді. Қуаңдария, Т.Көмекбаев ауылдық округтерінде интернет жүйесі жұмыс жасамайды. Қызмет көрсетілетін орындардың көпшілігінде қызмет алушыға толық жағдай жасалмаған.
Жосалы кентіндегі «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру» қызметін көрсететін орында қызмет алушының тынығып, кезек күтіп отыруына жағдай жасалмаған болса, аудандық білім бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріндегі орындар өте тар. Алдағы уақытта тиісті мекеме басшылары осы мәселенің шешу жолдарын қарастырғаны жөн.
2014 жылы әрбір тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер есептілігінің қорытындысымен Қармақшы ауданы әкімінің веб-сайтына мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіндірме ақпарат жарияланды.
Сонымен қатар, 2014 жылы аудан орталығы Жосалы кенті мен Төретам кенттерінің орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алу жолдары бейнеленген 2 билборд орнатылып, Жосалы кенті орталығындағы алаңда «LED» экран арқылы бейне роликтер бекітілген кестеге сәйкес аптасына 2 рет көрсетіліп тұрды. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру және қызмет алушыға жоғары деңгейде қызмет ұсыну мақсатында мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен 2014 жылы 4 дөңгелек стол өткізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу мерзімі мен сапасына бақылау жүргізудің жайы талқыланды.
Аудандық «Қармақшы таңы» газетінде «Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау», «Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)  құнын субсидиялау»,  «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» қызметтерін алу жолдары түсінідірлеген арнайы 3 мақала жарық көрді.
Жоғарыда айтылғандар негізінде және 2014 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебін қорыта келе:
- кент, ауылдық округтері әкімдері мен аудандық бөлім басшыларына мемлекеттік қызметті көрсетуге және сол бойынша есептіліктің тапсырылуы мен мерзімдерінің сақталуына жауапты қызметкерлерді 2015 жылдың 1 мамырына дейін бұйрықпен жаңадан бекітуді;
- жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі қарай ұтымды және нәтижелі жүргізу;
- мекемедегі мемлекеттік қызметті көрсетуші және есеп тапсырушы қызметкерлердің қызметтік жүктемелерін қайта қарау;
- мекемедегі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдастыру техникаларының қолдану мерзімдерін қайта қарап, оларды жаңарту бойынша жұмыстар жасау;
- барлық кент, ауылдық округтерінде «жеке және қосалқы шаруашылығы бар болуы туралы анықтама» беру қызметін автоматтандыру мақсатында оны өзектендіру жұмыстарын 2015 жылдың 5 мамырына дейін аяқтау;
- мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімдігінің веб-сайтында жүйелі түрде жариялап отыру ұсынылады.