Бастапқы бет » Қоғам » Сайлау

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Қармақшы ауданы бойынша сайлау учаскелері


ӨЗІҢДІ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ТЕКСЕР

Кездесу өткізіледі

Аудандық сайлау комиссиясы өкілеттік мерзімі аяқталған Ақай, Жосалы, ІІІ Интернационал, Ақжар, Дауылкөл ауылдық округтері мен Жосалы кенті әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен (аудандық мәслихат депутатарымен) кездесуі 2017 жылғы 2 шілдеде  сағат 10.00-де Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында өтетіндігін хабарлайды.

Аудандық сайлау комиссиясы


Аудандық сайлау комиссиясының құрамы

Құлдүйсенов Әбдірахман -төрағасы, Бекенов Марат Сәдуақасұлы -төрағаның орынбасары, Құндақбаев Шегебай -хатшысы, мүшелері - Жүсіпәлиев Бақтыбай Аязбекұлы, Айекенов Ислам Сәдібекұлы, Дүйсенбаев Бауыржан Назарұлы, Сүйембетов Шәйкибек Шайхисламұлы.


Өкілеттік мерзімі аяқталған Ақай, Жосалы, ІІІ-Интернационал, Ақжар, Дауылкөл ауылдық округтері   әкімдеріне өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Жосалы кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

Аудандық сайлау комиссиясы өкілеттік мерзімі аяқталған  Ақай ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде 1964 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Төретам емханасының тіс дәрігері Жолымбетов Серік Есентайұлы, 1988 жылы  туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Омаров Асылхан Қанибекұлы және 1980 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Төретам кенті әкімінің орынбасары Умарова Гүлсара Панақызының, Жосалы ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде 1964 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, аудан әкімі аппараты кадр бөлімінің басшысы Есқалиева Сәрсенкүл Әлімжанқызы мен  1986 жылы  туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Жосалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жалғасбай Владимир Жақсылықұлының, ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде 1984 жылы  туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Жосалы кенті әкімі аппаратының қаржы және экономика бөлімінің басшысы Әбдіқасов Рауан Мұрсалұлы мен  1986 жылы  туған, ұлты қазақ, білімі жоғары Дауылкөл ауылдық округінің әкімі Тоғызбаев Нұрбол Аманқосұлының, Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде 1964 жылы  туған, ұлты қазақ, білімі жоғары,  аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Бисембаев Ерлан Берманұлы мен 1963 жылы  туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Ақжар ауылдық округі әкімінің бас маманы Қойшығұлов Пазылкен Ахатұлының,  Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде 1966 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, ІІІ-Интернационал ауылының әкімі Байбарақов Бақытбек Медетұлы мен 1965 жылы  туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Төлегенов Жағыпар Асанұлының, сондай-ақ  Жосалы кенті әкіміне кандидат ретінде  1959 жылы  туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, жер кадастры және ЖМТТ депертаменті Қармақшы бөлімшесінің басшысы Бодыбаев Оңалбай Абытұлы мен 1977 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы Досмұратов Қазихан Мусаханұлының тіркелгендігі жөнінде хабарлайды.     


Баспасөз хабары

Кеше аудандық кітапхананың оқу залында ауданға бағынысты қала, кент және ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты  өткізілетін сайлаулардың ұйымдастырылуы жөнінде облыстық сайлау комиссиясы ұсынған кестеге сәйкес   семинар- кеңес өткізілді.

Семинар жұмысына аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, кент, ауыл округтері әкімдігіне кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері шақырылды.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ә. Құлдүйсенов  ауданда 2017 жылғы 9 тамызға тағайындалған сайлауды ұйымдастыру барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталдщы.

Семинар-кеңесте облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қ.Наурызбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес кент, ауыл округтері сайлауын ұйымдастыру мен өткізудің маңызды мәселелерін сөз етті.

Семинарға қатысушылар өздерін ойландырып жүрген мәселелерге байланысты сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. 


2017 жылдың 9 тамызында өткізілетін  Жосалы кенті мен бірсыпыра ауылдық округтер әкімдерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайлау өткізудің Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 Жүктеу...115КБ