Бастапқы бет » Қоғам » EXPO 2017

Құрметті аудан тұрғындары!

2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде ақпараттық – ресурстық орталығы төмен бағадағы жеңілдік купондарымен ЭКСПО қалашығында орналасқан тұрғын үй кешендерінен тәуліктік 1, 2, 3 бөлмелік пәтерлер ұсынады.
Тұрғын үй кешені жанында ЭКСПО қалашығы, «Silk Way» мега орталығы орналасқан.
Тәуліктік пәтерлерді алдын ала брондауға және қосымша ақпараттарды ақпараттық-ресурстық орталықтың 8 /7242/ 40-10-97, 70-20-28, 8-775-115-93-32 байланыс телефондары арқылы алуға болады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №28 үй («Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының 3-қататы, №311 бөлме»). E-mail: expo2017kzo@mail.ru


Тұрғындар  назарына! 

Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО 2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесі өткізіледі. Көрменің басты тақырыбы «Болашақ энергиясы» болмақ. Келешекте жаңадан  пайдаланылатын энергия көздерінің мүмкіндіктері үлкен қауым алдында көрсетіледі. Көрмеге қатысушылар Көрме уақытында қауым назарына қойылған заманауи жаңа технологиялардың ғажайып мүмкіндіктеріне куә болатыны сөзсіз.

Қазақстанда бірінші рет өтетін «ЭКСПО 2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне кіру билетін https://expo2017astana.com сайтынан және Қармақшы аудандық «ҚазПошта» торабынан алуға (билет алу үшін жеке куәлік қажет) болатынын хабарлайды.

«Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне кіру билеттің 3 түрі бар:

Жұмыс күнге арналған күні белгіленбеген билет- құны бір адамға 6000 теңге.

Күні белгіленбеген билет – бұл Көрмеге оның кез-келген жұмыс істеу күні келуге мүмкіндік беретін билет (жұмыс немесе демалыс күні).
Күні белгіленбеген билеттерді ала отырып, Сіз электрондық пошта арқылы сатып алуыңызды растайтын құжат алатыныңызға назар аударыңыз  («Сатып алуды растау»). Аталған «Сатып алуды растау» міндетті түрде Сіз Көрмеге баратын нақты күніңізді жоспарлаған  кезде, күні белгіленген Билетке алмастырылуы тиіс. «Сатып алуды растауды»  күні белгіленген билетке ауыстыруды бастау ЭКСПО-2017-ге билеттерді сататын ресми сайтында қосымша жарияланады. «Сатып алуды растауды» билеттер сататын сайтта құрылған өзіңіздің жеке кабинетіңізде билеттерге ауыстыра аласыз.

Демалыс күнге арналған күні белгіленбеген билет- құны бір адамға 8000 теңге.

Күні белгіленбеген билет – бұл Көрмеге оның кез-келген жұмыс істеу күні келуге мүмкіндік беретін билет (жұмыс немесе демалыс күні).
Күні белгіленбеген билеттерді ала отырып, Сіз электрондық пошта арқылы сатып алуыңызды растайтын құжат алатыныңызға назар аударыңыз  («Сатып алуды растау»). Аталған «Сатып алуды растау» міндетті түрде Сіз Көрмеге баратын нақты күніңізді жоспарлаған  кезде, күні белгіленген Билетке алмастырылуы тиіс. «Сатып алуды растауды»  күні белгіленген билетке ауыстыруды бастау ЭКСПО-2017-ге билеттерді сататын ресми сайтында қосымша жарияланады. «Сатып алуды растауды» билеттер сататын сайтта құрылған өзіңіздің жеке кабинетіңізде билеттерге ауыстыра аласыз.

Күні белгіленген билет- құны бір адамға 4000 теңге.  Көрменің әдеттегі(аптаның жұмыс күндеріне:дүйсенбі-жұма) күніне арналған, күні нақты белгіленген билет. 


 Тұрғындар  назарына! 

Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО 2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесі өткізіледі. Қармақшы ауданы әкімдігі және «ТрансТурСервис-Қызылорда» ЖШС-гі арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, «ЭКСПО 2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне Қармақшы ауданы тұрғындарын тасымалдайтын автобустық маршрут жасақталды. Автобустық маршрут «Жосалы – Қызылорда –Астана» (Қарағанды облысы арқылы) бағытында қатынайды, бару-қайту ұзақтығы 3-күн. Жолдың және маршруттағы әрбір автобустың  қауіпсіздігіне назар бөлінуде.  Автобуспен Көрмеге барудың артықшылығы, Көрмені тамашалап қалып қойған, барған автобуспен қайтуға үлгермеген азамат «ТрансТурСервис-Қызылорда» ЖШС-нің келесі қайтып бара жатқан автобусымен қайтуына жағдай қарастырылған, яғни алынған билет «күйіп» кетпейді. Толық ақпаратты Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнерпкәсіп және туризм бөлімінен (телефон 2-31-08) алуға болады.


Жеңілдікті билеттер

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеңілдікті билеттер қарастырылған.
Жеңілдікті билетті тек Көрмеге келетін күні, Көрменің кіре берістерінде орналасқан кассалардан, жеңілдікті растайтын құжат пен жеке тұлғаны куәландыратын құжатты көрсетіп қана алуға болады.

Жеңілдікті билеттерді алуға құқығы бар тұлғалардың санаты

Билеттің құны

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

ақысыз

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
теңестірілген тұлғалар

ақысыз

Барлық топтағы мүгедектер

ақысыз

Жетім балалар

ақысыз

6 жасқа дейінгі (6 жас қоса) балалар

ақысыз

Мектеп оқушылары

Билет құнының 50%-ы

Студенттер

Билет құнының 50%-ы

Зейнеткерлер

Билет құнының 50%-ы

Көп балалы ата-аналар

Билет құнының 50%-ы

4 және одан көп кәмелетке жетпеген бірге тұратын балалары бар көпбалалы
жанұялар

Билет құнының 50%-ы

Шетелдік азаматтарға жеңілдік жүрмейді.
6 жасқа дейінгі балалар үшін ерекшелік қарастырылған. Оларға кіру тегін.