Бастапқы бет » Қоғам » Мәдениет

Мәдени мекемелер жүйесі


Мәдениет саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар 

Аудандық мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс жасайды.
2017 жылы 9 ай қорытындысы бойынша 204873,0 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде бөлімге –11330,0 мың теңге, аудандық мәдениет үйіне – 60369,0 мың теңге, кітапханаға –74146,0 мың теңге, жыраулар үйіне 27639,0 мың теңге, тарихи-өлкетану музейіне 31389,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.
Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 80 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде 75 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 5-і аудандық Жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1180 мүше тартылған, оның 1090-ы мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 90-ы Жыраулар үйінің үйірме мүшелері.
Аудан бойынша мәдениет саласында жыл басынан бері 835 мәдени шара өткізілді. Оның ішінде аудандық Мәдениет үйінде 81 мәдени шара, Жыраулар үйінде 58 іс-шара, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 271 іс-шара, аудандық тарихи-өлкетану музейде 4 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар ауылдық мәдениет және клуб үйлерінде 421 шара өткізілген.
Ш.Төлепова атындағы Мәдениет үйі.
Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйіне 2017 жылдың 9 айында – 60369,0 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді.
Аудандық мәдениет үйі бойынша 12 үйірме жұмыс жасайды, оған 189 мүше тартылса, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында 63 үйірме жұмыс жасап барлығы 901 мүше тартылған.
Сонымен қатар аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтар бойынша 502 мәдени шара өткізілді. Оның ішінде аудандық мәдениет үйі 81 шара өткізсе, ауылдық клубтар 421 шара өткізген.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.
Аудан, ауыл тұрғындарына мемлекеттік жүйедегі 18 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Олар: 1 - орталық, 1 - орталық балалар, 1- қалалық, 1 - кент кітапханасы, 14-кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан.
2017 жылдың 9 айында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 468512 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 17969 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны -143513, оқырмандар арасында берілген кітап саны-320710 дананы құрады. 2389 дана жаңа кітап келіп түсті.
Оқырмандар арасында 271 іс-шаралар өткізілді. Түрлі тақырыптарда 393 кітап көрмелері ұйымдастырылып,оқырман назарына ұсынылды. Үш Модельді ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. Олар: Ақай, Тұрмағамбет, Дүр Оңғар ауылдық кітапханалары.
2017 жылы сандық форматқа 11 кітап 1867 бет енгізілді. Электронды каталогқа барлығы 37593 дана кітап 108167 аталым және 23787 мақала енгізілді .
К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі.
Жыраулар үйіне қарасты 5 үйірме класы жұмыс жасайды, оған барлығы 90 мүше тартылған. Үйірме жұмыстары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізілуде.
Үйірмелердің 2-і Жыраулар үйінде, қалған 3-і елді-мекендерде, оның ішінде: 2-і Тұрмағамбет ауылында, 1-і Ақжар ауылында орналасқан. Жыраулар үйіне қарасты 5 үйірме класы ашылып, оған барлығы 90 мүше тартылған. Үйірме жұмыстары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізуде. Аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде 2017 жылдың 9 айында 58 іс - шара өткізілді.
Тарихи-мәдени ескерткіштер.
2017 жылы 2 ескерткішке, атап айтқанда: Шірік-Рабат (7 000,0 м.т.) және Сортөбе (5 635,0 м.т.) қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
Археологиялық зерттеу бойынша:
2017 жылы 2 ескерткішке, атап айтқанда: Шірік-Рабат (7 000,0 м.т.) және Сортөбе (5 635,0 м.т.) қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты құрылған "Киелі жерлердің географиясы" жобасын жүзеге асыру барысында Қармақшы ауданы бойынша Қазақстанның киелі жерлері тізіміне Ежелгі Шірік-Рабат қалашығы, Қорқыт Ата кешені, Ежелгі Бәбіш мола қалашығы, Марал ишан мазары, Қалқай ишан кесенесін енгізілді.
Аудандық тарихи-өлкетану музейі.
Аудандық тарихи-өлкетану музейінің негізгі қызметі музей жәдігерлерімен коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету. Өлке халқының тарихымен мәдениеті жайлы ғылыми негізделген материалдарды музейлік әдістер арқылы насихаттауды жүргізу. Оның ішінде экскурсия, көшпелі көрмелер, лекциялар, ғылыми жұмыстар, археологиялық қазба жұмыстары кіреді.
Музейдің 2 залы бар. 1 зал - «Өлке тарихы», 2 зал - «Тәуелсіз Қазақстан».
«Өлке тарихы» залында - «Кіріспе», «Археология», «Этнография», «Табиғат», «Соғыс», «Тыл ардагерлері», «Социалистік еңбек ерлері» «Білім», «Ақын - жазушы, ғалымдар», «Медицина», «Өнер және мәдениет», «Спорт» бұрыштары;
«Тәуелсіз Қазақстан» залында «Тәуелсіздік», «Рәміздер», «Қорқыт Ата», «Байқоныр», «Желтоқсан» бұрыштар орналасқан.
Жинақталған заттарға қабылдау актісі, түгендеу картошкасы, ғылыми төлқұжаты, түсім кітабына жазбаша және электронды нұсқасы толтырылып, енгізілді.
Жоспарға сәйкес 6 мәдени-көпшілік іс-шараның 4 өткізілді, 500 экскурсияның 250 жүргізілді, 36 лекцияның 19 оқылды, 18 көрменің 12 өткізілді.
Аудандық «Қармақшы таңы» газетіне 5 мақала, әлеуметтік желіге 10 іс-шара, көрме және 4 лекция жарияланды.
Тілдерді дамыту мен қолданудың Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылғы тиісті іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Аудандық білім мекемелеріне «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында «Үш тілде білім берудің 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» бойынша жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қармақшы ауданы бойынша орындалуы жайлы мәселе аудан әкімдігінің 2017 жылдың екінші жартыжылдығында өтетін отырысында қаралатын болады.
Алдағы уақытта да мәдениет саласы бойынша атқарылар ауқымды істер мен игі жаңалықтар жалғасын таба бермек.


Мәдениет саласы бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығында  атқарылған жұмыстар 

Аудандық мәдениет саласы бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 21 мекеме жұмыс жасайды.
Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 80 үйірме жұмыс жасауда. Оның ішінде 75 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 5 аудандық Жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1180 мүше тартылған, оның 1090 мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 90 Жыраулар үйінің үйірме мүшелері.
2017 жылдың мәдениет үйлерімен клубтардың ақылы қызмет жоспары 13 542 000 теңге оның 6 айда орындалғаны 2 844 820 теңге. Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің жылдық жоспары 500,0 мың теңге оның 6 айда орындалғаны 250 мың теңге. Қармақшы аудандық жыраулар үйі жылдық жоспары 683 мың теңге оның 6 айда орындалғаны 95 мың теңге.
Аудан бойынша 6 айда 283 мәдени шара өткізіліп, оған 59 609 көрермен тартылды. Оның ішінде «Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК ны 39 мәдени шара өткізіп, оған 12712 көрермендер тартылған.
Ақылы қызметтен түскен қаржы 2 844 820 теңге, оның ішінде аудандық мәдениет үйі – 607 820тг, мәдени демалыс кешені – 41 000тг, халық театры – 59 000тг, ауылдық жерде – 2 137 000тг.
2017 жылдың 7 қаңтары күні аудандық мәдениет үйінде «Адамзаттың абзалы» атты рухани –мәуліт мерекесі өткізілді.
10 қаңтар күні айтыскер ақын Мұқтар Ниязовпен аудан жастарының кездесу кеші, 18 қаңтар күні жас өнерпаз Жамбыл Шерғазиннің ән кеші, 22 қаңтар күні Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Мусахан Досмұратовтың 90 жылдық мерейтойы аталып өтілді.
18 ақпан күні «Ерлікке тағзым» атты Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарлығанына 28 жыл толуына орай еске алу кеші, 22 ақпан күні «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының аудандық іріктеу туры өткізіліп 24 ақпан күні «Домбырасын моншақтаған жыр жампозы» атты өнер фестивалі өтті.
Роза бағланованың 95 жылдығына орай «Бұлбұл әнші» атты аудандық әншілер байқау, 28 ақпаны «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер байқауы, 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған мәдени шара ІІІ-Интернационал ауылдық мәдениет үйінде өткізілді.
7 наурыз күні аудан әкімінің «Әйел өмір шуағы» атты мерекелік салтанатты жиын, 14 наурыз күні «Мінекей Мейірманның ізбасарлары» атты байқаудың аудандық іріктеу туры, 22 наурыз күні Орталық алаңда «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты наурыз мерекесі тойланды.
1-мамыр Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігі күніне арналған«Менің елім-Мәңгілік ел!»
атты мерекелік шара,
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өткізілетін «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік шара,
9 мамырҰлы Жеңістің жылдығы мерекесіне арналған «Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ» атты мерекелік шара өткізілді.
12 мамыр – «Ауылдың ару қыздары-ай!» атты аудандық ару қыздар байқауы ұйымдастырылып, әр ауылдық клуб үйлері мүшелері қатысып, дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
22 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай «Мәдениетім - мәртебем» атты салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада сала үздіктері Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, Аудан әкімінің қолымен аудандық мәдениет үйінің директоры Е.Құлмырзаевқа облыстық кәсіподақ ұйымының мерекелік төсбелгісі табысталды. Мерекелік шара мәдениет саласының өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
29 мамыр «Мен Қазақпын» атты телевизиялық байқауының аудандық іріктеу туры өткізілді.
1маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мәдени шара орталық алаңда болып, аудандық балабақшалардың тәрбиеленушілерінің мерекелік әсем билерімен жалғасты.
3 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай орталық Рәміздер алеясында «Мемлекеттік Рәміздер – Ұлт мақтанышы» атты салтанатты шара өткізілді.
5 маусым «Рәміздер – Тәуелсіздік тұмары» атты аудандық патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылып, өнерпаздар дипломдармен марапатталды.
16 маусым – Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне, 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері мерекесіне және 27 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орайластырылған салтанатты шаралар болып өтті.
Жыраулар үйі
Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйіне қарасты 5 үйірме жұмыс жасайды, оған барлығы 91 мүше тартылған. Үйірме жұмыстары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізуде.
Атап айтқанда К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде - 1, Дауылкөл ауылдық округінде - 2 , Ақжар ауылдық округінде - 1, Т.Көмекбаев ауылдық округінде - 1 үйірме жұмыс жасауда.
2017 жылдың 6 айында жыраулар үйінде 42 іс-шара өткізілді. Тартылған көрермендер саны – 3818.
Ескерткіштер жайлы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын қағидаларды басшылыққа ала отырып тарихи-мәдени мұраның сақталуын, пайдалануын, насихатталу шараларын жүзеге асырады.
Аудан көлемінде 86 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 3-і республикалық, 51-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 32 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған (облыстық комиссияның 11.03.2016 жылғы № 03/1-6/1734 хаттамалық шешімімен алдын-ала тізімге Т.Көмекбаев бюсті енгізілді).
Кітапхана жүйесі
Аудан, ауыл тұрғындарына мемлекеттік жүйедегі 18 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Олар: 1-орталық, 1-орталық балалар,1- қалалық, 1-кент кітапханасы, 14-кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан.
2017 жылдың 6 айында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 467412 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 14129 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны - 106351 Берілген кітап саны-226684 дананы құрады. Келіп түскен жаңа кітап саны-1289. Оқырмандар арасында 195 іс-шаралар өткізілді. Түрлі тақырыптарда 296 кітап көрмелері ұйымдастырылып олардың назарына ұсынылды.
Тарихи-өлкетану музейі
2017 жылдың І жарты жылдығында аудандық тарихи-өлкетану музейі бойынша 3 көшпелі, 9 тақырыптық көрме, 4 іс-шара, 16 лекция, 270 экскурсия өткізілді.
Музей қорына 308 экспонат жинақталып, 208 негізгі, 100 көмекші қорға қабылданды.
Сонымен қатар Экспонат жинақтау жұмыстары музей қызметкерлері аудан тұрғындарының үйін аралап, кент, ауылдық округтерге іс-сапарға шығу арқылы жүргізілді. Тұрғындардың үйлерін аралау барысында жалпы музей жұмысы түсіндіріліп, үгіт насихат жұмыстары орындалды. Осы жұмыстар барысында археология, этнография, нумизматика, құжат, бояқ, кеуде белгілері, фотосуреттер, кітап, қолжазбалар, зергерлік бұйымдар жинақталды.
Жинақталған заттарға қабылдау актісі, түгендеу картошкасы, ғылыми төлқұжаты, түсім кітабына жазбаша және электронды нұсқасы толтырылып, енгізілді.


Мәдениет саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында  атқарылған жұмыстар 

Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 76 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде 71 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 5 аудандық Жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1086 мүше тартылған, оның 988 мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 98 Жыраулар үйінің үйірме мүшелері.
Аудан бойынша мәдениет саласында 2017 жылдың 3 айында 203 мәдени шара өткізіліп, 29693 көрермен тартылды.
Аудандық мәдениет үйінде 35 мәдени шара өткізілді. Тартылған көрермендер саны – 6455
Оның ішінде ауылдық жерлерде – 159, тартылған көрермен саны – 23238.
2017 жылдың 7 қаңтары күні аудандық мәдениет үйінде «Адамзаттың абзалы» атты рухани –мәуліт мерекесі өткізілді.
10 қаңтар күні айтыскер ақын Мұқтар Ниязовпен аудан жастарының кездесу кеші болып өтті.
18 қаңтар күні жас өнерпаз Жамбыл Шерғазиннің ән кеші өтті.
22 қаңтар күні Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Мусахан Досмұратовтың 90 жылдық мерейтойы аталып өтілді.
18 ақпан күні «Ерлікке тағзым» атты Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарлығанына 28 жыл толуына орай еске алу кеші өткізілді.
22 ақпан күні «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының аудандық іріктеу туры өткізілді.
24 ақпан күні «Домбырасын моншақтаған жыр жампозы» атты өнер фестивалі өтті. Роза бағланованың 95 жылдығына орай «Бұлбұл әнші» атты аудандық әншілер байқауы .
28 ақпаны «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер байқауы, 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған мәдени шара ІІІ-Интернационал ауылдық мәдениет үйінде өткізілді.
7 наурыз күні аудан әкімінің «Әйел өмір шуағы» атты мерекелік салтанатты жиыны болып өтті.14 наурыз күні «Мінекей Мейірманның ізбасарлары» атты байқаудың аудандық іріктеу туры өткізілді.
22 наурыз күні Орталық алаңда «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты наурыз мерекесі тойланды.
20 наурыз күні «Мәңгілік ел» аллеясында «Ұлттық ойындар халық мұраты» атты мәдени шара өтті.
27 наурыз күні «Мәдениет өркенін бізбен бірге жаса! Атты клуб қызметкерлерінің аудандық командалық байқауы болды.
Жыраулар үйі
Жыраулар үйіне қарасты 5 үйірме классы жұмыс жасайды, оған барлығы 91 мүше тартылған. Үйірме жұмыстары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізуде.
Үйірмелердің 1 Жыраулар үйінде, қалған 4 елді-мекендерде орналасқан. 2 Тұрмағамбет ауылында, 1 Ақжар ауылында, 1 Көмекбаев ауылында орналасқан.
4 қаңтар күні Ақжар ауылдық клуб үйі қызметкерлері мен «Рүстембек жырау» үйірмесі, ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне орай «Мәуліт мерекесі мүбарак болсын» атты ауыл тұрғындары мен ауыл имамымен кеш өткізілді.
20 қаңтар күні Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінде орналасқан «Тасберген жырау» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Жыраулық асыл мұрамыз» атты үйірме оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді. Үйірме жетекшісі Кәрібаева Зауре жыраулық дәстүрлі өнер жөнінде мағлұмат берді.
16 ақпан күні Ақжар ауылдық клуб үйінде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
16 ақпан күні Тұрмағамбет ауылында «Бозторғай- ХІХ» балалар шығармашылығы байқауының іріктеу туры өткізілді.
Сонымен қатар Тұрмағамбет ауылының клуб үйінде Сыр шайыры, ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына-135 жыл толуына орай «Жыр жұлдызы- Тұрмағамбет» атты жыр кеші өткізілді
3 наурыз күні аудандық К.Рүстембеков атындағы "Жыраулар үйінің"ұйымдастыруымен 8наурыз -халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "ҚЫЗ ҒҰМЫР-ҒАЖАЙЫП СЫРЛЫ ӘЛЕМ" атты аудандық қыз -бойжеткендер байқауы өтті.
6 наурыз күні Көмекбаев ауылында 8 наурыз – халықаралық аналар күніне орай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік кеш өткізілді.
7 наурыз күні Ақжар клуб үйінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Анадан асқақ жан бар ма» мерекелік концерт ұйымдастырылды.
7 наурыз күні Тұрмағамбет ауылында 8 наурыз- халықралақы әйелдер күніне орай «Ана-өмір шуағы» атты кеш өткізілді.
17 наурыз күні Ұлыстың ұлы күніне - Наурыз мерекесіне орай «Наурыз айшықтары» атты мерекелік жыраулар концерті өткізілді
29 наурыз күні аудандық «Жыраулар үйінде» Алты Алашқа танымал жырау, Сыр сүлейі Базар Оңдасұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Жамиғы қазақ бір туған" атты облыстық жыршы-жыраулар байқауы өткізілді.
Ескерткіштер жапйлы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын қағидаларды басшылыққа ала отырып тарихи-мәдени мұраның сақталуын, пайдалануын, насихатталу шараларын жүзеге асырады.
Аудан көлемінде 86 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 3-і республикалық, 51-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 32 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған (облыстық комиссияның 11.03.2016 жылғы № 03/1-6/1734 хаттамалық шешімімен алдын-ала тізімге Т.Көмекбаев бюсті енгізілді).


  Қармақшы аудандық мәдениет саласы бойынша  2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Аудандық мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс жасайды.

2016 жылы 11 ай қортындысы бойынша 235248,0 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде бөлімге – 14671,0 мың теңге, мәдениет үйлері мен клубтарға –55943,0 мың теңге, кітапханаға –63668,0 мың теңге, жыраулар үйіне 27278,0 мың теңге, тарихи-өлкетану музейіне 73688,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.
Аудандық мәдениет саласы бойынша 213,5 штат бірлігімен 236 адам жұмыс атқарады, оның 144 маман, 97,5 техникалық қызметкер.
Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 76 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде 71 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 5-і аудандық Жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1086 мүше тартылған, оның 988-і мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 98-і Жыраулар үйінің үйірме мүшелері.
Аудан бойынша мәдениет саласында жыл басынан бері 1573 мәдени шара өткізілді.
Аудандық 5 байқау өткізіліп, жеңімпаздардың 2-і облыстық байқауға қатысып жүлделі орындармен марапатталды.
Осы жылдың 15 ақпанында облыстық «Самғау» телевизиялық жоба конкурсының іріктеу туры өткізілді.
15-наурыз күні облыстық «Әжем айтқан ертегі» атты байқауда Ақжар ауылынң өнерпаздары жүлделі Ш орынды иемденді.
27 наурыз күні Шиелі ауданында өткен «Театр көктемі» атты театр байқауында аудандық мәдениет үйі жанындағы Халық театры Бас бәйгені иемденді.Халық театрының режиссері Ақмарал Кішкентаева «Облыстың үздік режиссеры» номинациясымен марапатталды.
Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 12 ақпан күні «Үйірмеге үйір бол» атты клуб қызметкерлерінің семинар кеңесі өткізіліп, «Үздік үйірме» мүшелерінің Гала концерті берілді. 18 ақпан күні халық театрының дайындаған «Қыз жиырмаға толғанда» атты спектаклі халыққа көрсетілсе, 26 ақпан күні «Егемен елдің – көрікті арулары» атты қыз сыны байқауы,5 наурыз күні «Әйел- өмір шуағы» атты аналармен кездесу кеші,1 наурыз күні «Елге тағзым» атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт, театрланған қойылым, 7 наурыз күні «Қазақстан Ұлы Достық мекені» атты заманауи әндерді орындаушылардың байқауы, 10 наурыз күні «Жүректегі жауһарлар» атты жазба ақындар мүшайрасы, 15 наурыз күні «Сырласайық жеңеше» атты отбасылық сайыс, «Жан шуағы» атты көркемөнерпаздардың концерті болып өтті. 22 наурызкүні орталық алаңда «Армысың әз Наурыз» атты ұлыстың ұлы күніне арналған наурыз мерекесі өтті.Мәдениет үйінде 30 наурыз күні облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығына арналған облыстық байқадың іріктеу туры өткізілді. 15 сәуір күні «Жыр орданың Орақ жырауы» атты облыстық жыршы- термешілердің фестивалі Қуандария ауылдық клуб үйінде 27 сәуір күні «Егемен елдің-ерікті жігіттері» атты жігіттер байқауы өтті. 1мамыр күні «Қазақстан –ұлы достық мекені» атты Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мәдени-шара өткізілді. 6 мамыр күні Отан қорғаушы күні мерекесіне арналған салтанатты жиын, 7 мамыр күні Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық мемиоралдың ашылу салтанаты және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 71жылдығына арналған «Ұмытылмас ерлік ,өшпес даңқ» атты мерекелік шара, «Мәңгілік алау» мемиоралында тағзым ету, осы күні аудан орталығында «Ардагерлер үйінің ашылу салтанаты болды.19 мамыр күні мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімінің қабылдауы 31 мамыр күніқуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мәдени-шара болып өтті.
Орталық алаңда 1маусым халықаралық балаларды қорғау күні 4 мамыр Қазақстан Республикасының Рәміздер күні тойланды.6 шілде Астана күніне орай орталық алаңда ұйымдастырылған «Әнім сенсін Астана» атты мәдени шара ұйымдастырылды.
26 тамызда Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Ұлттық қасіреттен – ұлттық мақтанышқа» атты мәдени іс-шара.
1-қыркүйекте Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері А.Зайчиковпен кездесу болып өтті.
9-қыркүйекте Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Мақсұт Өтегеновтің 70 жылдық мерейтойы тойланды.
12-қыркүйекте «Құрбан айт» мейрамы.
20-қыркүйекте Облыстық ардагерлер семинары өткізілді.
1- желтоқсан «Елін сүйген Елбасы» салтанатты жиын.
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл
салтанатты жиын.
31- желтоқсан күні орталық алаңда жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік шара болып өтті.
Мәдениет үйлері мен клубтар
Аудан бойынша1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі жұмыс жасайды.
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі №426 қаулысына сәйкес аудан елдімекендеріндегі клуб үйлері – Кент, ауылдық округ әкімдері жанындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта құрылған.
Кітапхана жүйесі
Аудан, ауыл тұрғындарына мемлекеттік жүйедегі 18 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Олар: 1-орталық, 1-орталық балалар, 1- қалалық, 1-кент кітапханасы, 14-кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан.
2016 жылдың 6 айында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 473677 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 8031 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны -52200 оқырмандар арасында берілген кітап саны-113741 дананы құрады. 47 дана жаңа кітап келіп түсті.
Оқырмандар арасында 84 іс-шаралар өткізілді. Түрлі тақырыптарда 210 кітапкөрмелері ұйымдастырылып олардың назарына ұсынылды. Үш Модельді ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. (Ақай, Тұрмағамбет, Дүр Оңғар ауылдық кітапханалары)
2016 жылы сандық форматқа 5 кітап 1378 бет енгізілді. Электронды каталогқа барлығы 3308 дана кітап 1994 атауы және 3065 мақала енгізілді Аудан, ауыл кітапханаларында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар даму» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдау және насихаттау жұмыстары атқарылуда. Кітапханашыларға өздері тұ­ратын өңірде, көпшілік орын­дарда, мектепте, оқырмандар арасында Жолдау жайында наси­хат жұмыстарын жүргізіп, кітап­ханада бұрыштар, Жолдауға қатыс­ты жинақ папкаларын, көрме­лер ұйымдастыру тапсырылды.
Кітапханаларда Елбасы жолдауын насихаттау барысында кітапханаларда кітап көрмелері ұйымдастырылып, пікірталас, талқылаулар, тақырыптық сағаттар өткізілуде.
Президенттің жыл сайын­ғы Жолдауларының арасында бір-бірімен тығыз байланыс бар. Бұл байланыстардың барлығы да еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстанның жаңа саяси бағытына келіп тоғысқандай. Еліміз қазір тұрақты даму жолына бағыт алды, ел экономикасы көтеріліп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Салауатты өмір салты бойынша әдебиеттерді насихаттай отырып, оқырмандарды адамгершілік, рухани, құқықтық тәрбиеленуіне назар аударады. Кітапханалар оқырмандармен жұмыс істеуде - әдеби –сазды кештерді, денсаулық сағаттары, ерлік, сағаттары, кітап-экскурсия көрмелері т.б әртүрлі шаралар әдістері мен түрлерін қолданады. Әр күн сайын мыңдаған оқырмандар кітапханаларға өз талаптарымен, оқырмандық қызығушылықтарымен, сұраныстармен, әдебиетке деген сезімдерімен, кітап және кітапхана маңызын өзінше түсінгендіктен келіп жатады.
К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі
Жыраулар үйіне қарасты 5 үйірме класы жұмыс жасайды, оған барлығы 91 мүше тартылған. Үйірме жұмыстары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізілуде.
Үйірмелердің 1-і Жыраулар үйінде, қалған 4-і елді-мекендерде, оның ішінде: 2-і Тұрмағамбет ауылында, 1-і Ақжар ауылында, 1-і Көмекбаев ауылында орналасқан.
Қаңтар айының 5 жұлдызында Ақжар ауылдық клуб үйінде «Жауһар жауған Жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік болып өтті.Сахнаға жаңа жыл мерекесіне арналған бейнепроектор арқылы видоролик жүргізіліп тұрды. Музыка фонында ортаға жүргізуші шығып келген қонақтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жаңа жылдық ертеңгіліктің кейіпкерлері қой жылы менмешін жылы ортада балалармен шырша айналып жүрді.Ауыл әкімі Мүсіркегенов Құрманғали Қоңырбайұлы құттықтау сөз сөйлеп балаларды келіп жеткен Мешін жылымен құттықтады.Одан ары қарай Аяз ата мен Қарша қызды ортаға шақырып бүлдіршіндер тақпақ пен өлең айтып би билеп өнерлерін көрсетті.Мекеме қызметкерлері әсем әндері мен үйірме мүшелерінің би көріністерімен әсемдеді. Бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылып ертеңгілік жақсы аяқталды.
15 қаңтар күні Көмекбаев ауылында Елбасы Жолдауын насихаттауға арналған «Болашақтың бағдары-Жолдауымда»атты ақпараттық насихаттау концерті өткізілді.
18 қаңтар күні Тұрмағамбет ауылында «Тасберген жырау» үйірмесінде «Сүлейлер өнген топырақ» атты үйірме оқушыларының танымдық сабағы өткізілді.
26 қаңтар күні аудандық «Жыраулар үйінде» жырау Бидас Үрістембековтің-60 жылдық мерейтойына арналған «Жыр жампозы- Биаға» атты шығармашылық кеші өткізілді.
29 қаңтар күні Ақжар ауылдық клуб үйінде жырау Бидас Үрістембековтің- 60 жылдық мерейтойына арналған «Алтынның сынығы, асылдың көзі» атты шығармашылық кеші өткізілді.
29 қаңтар күні Ақтөбе ауылдық клуб үйінде жырау Бидас Үрістембековтің- 60 жылдық мерейтойына арналған «Бидас Үрістембеков- 65 жас» атты шығармашылық кеші өткізілді.
3 ақпан күні Ақжар ауылдық клуб үйі қызметкерлерімен «Рүстембек жырау» үйірме жетекшісінің ұйымдастыруымен үйірме мүшелерінің қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған «Ауылым алтын бесігім» атты концерттік бағдарлама болып өтті.Концертте «Рүстембек жырау» үйірме мүшелері Хасенова Фариза, Шоңбаева Динара, Төленді Ерсұлтан,Мүсілім Нұрділда жардан шашу шашты. Тарғанова Назерке мен Әбілтаева Ақлиман «Менің қазағым» әнімен бастаса кішкене бүлдіршіндеріміз «Аққу» биін биледі. «Қазақ», «Орыс», «өзбек» билерімен Оспанов Бағдат,Төралиев Алмат және Санақбаев Бағдаулет,Серікбаев Әлішер және Жүнісов Азамат «Ауылдастар» командалары көрініс қойып көрермен көңілінен шықты.
9 ақпан күні Көмекбаев ауылында ақны Мұқағали Мақатаевтың -85 жылдығына арналған «Мұқағали- қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты еске алу кеші өткізілді.
10 ақпан күні Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінде жырау Бидас Үрістембековтің- 60 жылдық мерейтойына арналған «Жыр бесікке бөленген- Бидас жырау» атты шығармашылық кеш өткізілді.
13 ақпан күні Ақжар ауылдық клуб үйінде клуб үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ерлігің әрқашан есте» атты Кеңес одағының Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті.Кешке ауыл ақсақалдары мен мекеме қызметкерлер,оқушылар мен мұғалімдер қатысты.Ауыл кітапханашысы Ауған соғысы ардагерлері жайында баяндама жасады.Ауыл әкімі Мүсіркегенов Құрманғали Қоңырбайұлы кеш барысында сөз сөйледі.Мектеп директоры Жұбандықов Хамидулла мырзаға сөз берілді.Кеш барысында клуб үйі қызметкерлерінің дайындаған концерттік бағдарламасы болып өтті.Кеш өз дәрежесінде болды.
16 ақпан күні Кеңес әскерлерінің ауған соғысынан шығарылғанына -27 жыл толуына орай аудандық «Жыраулар үйі» және Қорқыт ата музейімен бірлесіп ұйымдастырылған Қорқыт ата кешенінде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
16 ақпан күні Көмекбаев ауылнында орналасқан «Базар жырау» үйірмесінде Жиенбай жыраудың ұрпағы Бидас Үрістембековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр бұлбұлы- Бидас жырау» атты танымдық сабақ өткізілді.
27 ақпан күні Тұрмағамбет ауылында ел ішінен талантты жастарды табу мақсатында «Бозторғай-ХҮІІІ» балалар шығармашылығы байқауы өткізілді.
8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ақжар ауылында «Ана- тіршілік тірегі» атты мерекелік концерт өткізілді.
8 наурыз – халықарарық әйелдер күні мерекесіне орай Тұрмағабет ауылдық клуб үйінде «Ана- өмір шуағы» мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қазақ халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында Алғыс айту күнін тұңғыш рет атап өтуде. «Алғыс айту күні» – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
14 наурыз күні тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған «Ұлы даланың ұлы ескерткіші» атты Қорқыт ата кешешінде экскурсия ұйымдастырылды.
16 наурыз күні Жыраулар үйінде «Мейірімділік мейрамы- Наурыз» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
18 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Өнер- халықпен өміршең, ертеңімен- мәңгі» атты ұлы өнер фестивалі өткізілді. Фестивалге жыраулық өнер, күй өнері, айтыс өнері, би өнерінен өнерпаздар қатыстырылды.
25 наурыз күні Сыр сүлейлерінің ізбасары, жырау Әнуар Рысбаевқа- 100 жыл толуына орай «Әуелетіп ән салған- Әнуар» атты облыстық жыршы- жыраулар фестивалі өткізілді.
1-мамыр Қазақстан халықтарының Ынтымық күні, 9-мамыр Ұлы Жеңістің 71-жылдығы арналған мәдени іс-шара өткізілді.
25 маусым күні №121 мектептің жазғы тынығу лагерінде 26 маусым- халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлық- ғасыр дерті» атты мәдени шара өткізілді. Лагерде демалушылар салауатты өмір салтын насихаттайтын тақпақтар айтып, флешмоб ұйымдастырды.
Астана күні мерекесіне орай 5 шілде күні «Туған күніңмен Астана» тақырыбында жастар арасында аудандық 2 бөлімнен тұратын әндер фестивалі (1-бөлім – Астанаға арналған ән; 2-бөлім – еркін тақырыпта) болып өтті.
Даңғайыр жыраулардың ұрпағы, жырау, ақын Көшеней Рүстембекұлының туғанына 70 жыл толуына орай аудандық орталықтандырылған кітапханамен бірлесіп «Жыр жұлдызы - Көшеней» тақырыбында еске алу кеші болып өтті. Кешке аудан ардагерлері, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері және мектеп оқушылары қатыстырылды.
17 қыркүйек күні Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, кеудесіне көрме жасап, жүрегіне жырдан қалап от жаққан Қуандық жыраудың туылғанына биыл- 80 жыл толуына орай туған жері Тұрмағамбет ауылында "Ақ домбыра қолға алып..." тақырыбында жас жыршы- термешілердің жыр фестивалі болып өтті. Еңкейген қартынан, еңбектеген баласына дейін жыр шерткен Тұрмағамбет аспаны жырмен шалқыды. Әке әруағына арналып дұға бағышталып, ас берілді.
20 қыркүйек күні аудандық «Жыраулар үйінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің- 25 жылдығы аясында Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті. Мүшәйраға ауданға қарасты елді- мекендерден, кент орталығында орналасқан 12 мектептен, 32 жазба ақындар қатыстырылып, бақ сынасты. Өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жастарына ауданымыздың белгілі тұлғаларынан құралған қазылар алқасы бектіліп, Қазылар алқасының төрағасы- Құлдүйсенов Әбдірахман- халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы, қазылар алқасының мүшесі- Талайлы Досымова – ақын, «Сыр сазы», «Жан шуағы» атты кітаптардың авторы, Шегебай Құндақбаев- «Ұлт бірлігі- Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы өз бағаларын берді. Нәтижесінде Төлегенова Мөлдір – Бас жүлде /№183 мектеп/, Тоқташова Ақерке –І орын /№199 мектеп/, Бекмұратова Мерейім – ІІ орын /№80 мектеп/, Тілектесов Рүстем – ІІІ орын /№80 мектеп/, Бекарысов Жанарбек –ІІІ орын /№107 мектеп/, башова Назерке – «Азат елдің ұланы» атты номинациясымен /№79 мектеп/, Берекетов Мейіржан – «Тіл дарын» атты номинациясымен /№111 мектеп/, Қазтаев Жазылбек- «Ұшқыр ой» атты номинациясымен /№26 мектеп/, қалған 25 талапкерлер алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұлттың ұлт болып қалыптасуының негізі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қорқыт ата музейінің экспонаттарынан көрме ұйымдастырылды.
1 қазан күні Тұрмағамбет ауылының клуб үйінде Қарттар күніне орай «Қарттарым- асыл қазынам» атты ауыл ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
1 қазан күні Көмекбаев ауылында Қарттар күніне орай «Қазыналы қарттарым, даналарым» атты кеш ұйымдастырылды.
20 қазан күні Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздік – елімнің нұрлы таңы» атты концерт өткізілді.
29 қазан күні аудандық «Жыраулар үйінің» жазғы сахнасында «Алтын күз-2016» ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Аудан әкімі құттықтау хатын жолдап, озат сала мамандарын марапаттады.
16 қараша күні аудандық «Жыраулар үйі» мен №121 орта мектептің ұйымдастыруымен «Жастарды әскери- париоттық рухта тәрбиелеудің маңызы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Дәурен Айдаралиев, №121 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбол Қозыбақов, сондай- ақ «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Айдынбек Скендіров қатысып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен еркін сұрақ- жауап түрінде өткізілді.
16 қараша күні Дүр Оңғар ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, жырау Көшеней Рүстембековтің туғанына-70 жыл толуына орай «Жыр керуені» атты жыршы- жыраулар концерті ұйымдастырылды.
21 қараша күні Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, жырау Көшеней Рүстембековтің туғанына-70 жыл толуына орай «Көшеней десем..» атты жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді. Шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева ашып, оның өткізілу мақсатымен таныстырып, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ Тұрмағамбет ауылдық округінің әкімі Нұрбол Тоғызбаев, еңбек арадгері Жаңбырбай Дәуітов, жырау Бидас Үрістембеков, ақын, сала ардагері Талайлы Досымова, №29 мектеп директоры Зарип Тасымовалар сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, Сыр өңірінде жыраулық өнердің қалыптасуына өзіндік үлес қосқан шайырлар туралы естеліктер айтты. Мүшәйраға 14 талапкер ақын қатысып, олар әділқазылар алқасы қойған талаптар, яғни Көшеней Рүстембековке және туған жерге арнауларын оқыды. Ақындар мүшәйрасына бұрыннан облыстық, республикалық жыр додаларында бақтарын сынап, жүлде алып жүрген ақындармен бірге жас талапкерлер де қатысып, жалынды, рухты өлеңдерімен тұрмағамбеттік жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тағылы мол, тәрбиелік мәні зор болып өткен шара соңында әділқазылар алқасы І дәрежелі дипломмен Әділхан Қуаңбаевты, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен Тұрар Бекмұрзаев пен Жауһар Сәрсенбаеваларды марапаттады. Мүшәйра соңында әділқазылар алқасының төрайымы Талайлы Досымова жас ақындардың өлеңдеріне шолу жасады.
27 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Бірегейлік пен бірлік» тақырыбы аясында «Жыр керуені» атты жыраулар концерті өткізілді. Концертке Жыраулар үйінің үйірме жетекшілері мен үйірме шәкірттері қатыстырылды.
29 қараша күні Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, аудан әкімінің қолдауымен шоқтығы биік өнер иесі, жеті атасынан бері жыраулық өнерді жанына серік еткен текті әулеттен шыққан жыр жампозы Көшеней Рүстембековтің туғанына 70 жыл толуына орай «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты облыстық ұлттық өнер фестивалі өтті. Өнер кешін құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімі Сұлтан Мақашов, жампоз жыраудың өмірі мен өнер жолына тоқталып, фестивальға қатысушыларға сәттілік тіледі. Облыстық өнер фестиваліне Астанадан жырау, профессор Алмас Алматов арнайы ат басын бұрса, Сыр аймағының бүгінгі сүлейлері Бидас Рүстембеков, Шолпан Бейімбетова, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Руслан Ахметов, Айгерім Ешбаева, Күнсұлу Түрікпенова, Әділхан Қуаңбаев, Мұхамедәлі Бекпейісов, күйші Алдияр Шағдатов және жыраудың ұрпағы Арнұр Көшеней көрермендерді жыр құшағына орап, термелерін тарту етсе, сырлы домбырадан сыр ақтарған Сырдың дүлдүл ақындары Серік Ыдырысов пен Айдос Рахметов көрерменнің делебесін қоздырып, қағытпа қалжыңымен қағытып отырды. Кеш соңында облыстық өнер фестиваліне қатысушы барлық өнерпаздарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталып, құрмет көрсетілді.
Тарихи-мәдени ескерткіштер
Мекеме «Тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын қағидаларды басшылыққа ала отырып тарихи - мәдени мұраның сақталуын, пайдалануын, насихатталу шараларын жүзеге асырады.
Аудан көлемінде 86 тарихи - мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 3-і республикалық, 51-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 32 ескерткіш алдын - ала есепке алынған тарихи - мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған (облыстық комиссияның 11.03.2016 жылғы № 03/1-6/1734 хаттамалық шешімімен алдын-ала тізімге Т.Көмекбаев бюсті енгізілді).
Қаңтар айында Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай - күйі және олардың қорғалу мәселелері» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар барысында 2015 жылдың есебі мен 2016 жылдың жоспары және облыс көлеміндегі тарихи-мәдени мұраларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Семинар соңында мекеме қызметкерлері мен аудандағы мамандар басқарма басышысының алғыс хатымен марапатталды.
Наурыз айында Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «археология және ғылыми зерттеу» бөлімінің инспектор-археологы Ештаев Мұсабек іс-сапармен болып, ескерткіштердің жай-күйіне бақылау шараларын жүргізді.
Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №704 қаулысымен аудандық тарихи-өлкетану мұражайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып құрылып, жұмыс жасауда.
Мұражай 2 қабатта орналасқан. Мұражайда үлкен зал, кіші зал, қор жинау, ғылыми қызметкерлер, әдіскер, реставрация, суретші бөлмелері орналасқан.Жалпы экспонат жинақтау жұмыстарын музей қызметкерлері аудан тұрғындарының үйін аралап, кент, ауылдық округтерге іс-сапарға шығу арқылы жүргізілуде. Тұрғындардың үйлерін аралау барысында жалпы музей жұмысы түсіндіріліп, үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Көне жәдігерлердің тізімі жасақталып, музей қорына өткізу барысы туралы үгіт жұмыстары жүргізілді. Аудандық «Қармақшы таңы» газетіне 11 макала жарияланды.
Ағымдағы жыл көлемінде жоспарға сәйкес жылжымалы көрме, экскурсия, лекция және мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. 2016 жылдың 9 айына дейін мектептерде және басқа мекемелерде 24 рет лекция оқылып, 14 рет көшпелі көрме көрсетілді. 15 мәдени іс-шара өткізілді.
2016 жылдың 9 айындағы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі - 25017,0 мың теңге.
Музей қызметкерлері жұмыс бабымен аудандағы елді мекендерде 3 рет іс-сапарда болды.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің қатысуымен аудандық тарихи-өлкетану музейі экспозициялық залының ашылу салтанаты болып өтті.
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспарында қамтылған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар, жоспарланған танымдық, ақпараттық және мәдени-көпшілік шаралар және оның ішінде тілідің үштұғырлылығын аудан тұрғындары арасында насихаттау мақсатында ел идеологиясының маңызды бөлігі.
Атап айтқанда, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда, мектептер мен балабақшаларда тілдер туралы заңдылықтарды сақтауға байланысты ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасына аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер бойынша құжат айналымы туралы мәлімет уақытылы тоқсан сайын беріліп келеді. Шығыс құжаттары 100 пайыз мемлекеттік тілде жазылады, дегенмен жоғарғы органдардан келетін кіріс құжаттарының пайыз мөлшері 95-97 пайыз аралығында болып келеді. Жоғарғы орындарға жіберілетін ақпараттар мен мәліметтер, сұратылған тиісті есептер уақытылы жолданылып отыр.
Сонымен бірге «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және кенттер мен ауылдық округі әкімдері аппаратарында мемлекеттік тілде рәсімделетін құжаттардың сапасын арттыру туралы» аудан әкімінің 15мамыр 2012 №29-Ө өкімі қабылданып барлық бөлімдерге, кент, ауыл әкімдеріне таратылып беріліп, орындалуы бақылауға алынды.
Ауданда мемлекеттік тіл саясатын, оның ішінде үштұғырлылығын насихаттау мақсатында жыл басынан бері 12 мәдени-көпшілік, танымдық және мерекелік шаралар, байқаулар, тақырыптық кештер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, үш тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген азаматтарды насихаттау мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан бөкей атындағы аудандық байқау, «Тілім менің-ғасырлардан аманат» атты дөңгелек үстел өтті. Кент кітапханасы оқырмандар арасында «Қазақ тілім саялаған нұр бағым» атты библиографиялық шолу болып өтті. Балалар кітапханасында «Ана тілің-тірегің» кеш өткізілді. Алдашбай ахун ауылдық кітапханасында «Тілім менің-қасиетім.ардағым» атты дөңгелек үстел болып өтті. Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты нон-стоп ұйымдастырылды. ІІІ-Интернационал ауылдық кітапханасында «Ана тіліміз алтын тұғырда» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Тұрмағамбет ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл-халықтың байлығы мен рухани күші» атты әдеби кеш өткізілді. Ақжар ауылдық кітапханасында «Тіл-ұлт қазынасы» атты кеш, Иіркөл ауылдық кітапханасында «Тіл-тіршіліктің күре тамыры» атты кеш, Қармақшы ауылдық кітапханасында «Жасай бер, қазақ тіл-ана тіті» атты ойын,Төретам кенттік кітапханасында «Тіл-ұлттың жаны» атты кітапханалық сағаттар болып өтті.
15-қыркүйекте Қармақшы ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасының аясында семинар-тренинг болып өтті.
21-қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі «Тіл мерейі – ел мерейі» атты шара өткізілді.
26-қазан күні мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі бойынша диогностикалық тестілеу болып өтті.


Мәдениет саласы бойынша 2015 жылы атқарған жұмыстары

Аудандық мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс жасайды.
2015 жылдың 12 айында мәдениет саласына 218866,0 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде бөлімге - 11522,0 мың теңге, мәдениет үйіне – 76491,0 мың теңге, кітапханаға – 49408,0 мың теңге, жыраулар үйіне 22478,0 мың теңге, тарихи-өлкетану музейіне 58967,0 мың теңге қаржы бөлініп, 12 ай қорытындысы бойынша 100 пайызға игерілді.
Жөндеу жұмыстары бойынша мәдениет саласына 25291,0 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде мәдениет үйінің қас бетін қаптау үшін 24119,0 мың теңге, мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 247 мың теңге және орталық кітапхана жүйесі бойынша 707,0 мың теңге, жыраулар үйіне ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 218,0 мың теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар 42805,0 мың теңгеге Ақтөбе ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мәдени іс-шараларға қаралған қаржы 11037,0 оның ішінде мәдениет үйіне 9337,0 мың теңге, жыраулар үйіне 1700,0 мың теңге.
Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 76 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде 71 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 5-і аудандық Жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1086 мүше тартылған, оның 988-і мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 98-і Жыраулар үйінің үйірме мүшелері.
Көркемөнерпаздар үйірмелері 2015 жылдың 12 айында 1 халықаралық, 5 облыстық, 3 республикалық, 16 аудандық байқауға қатысып, жыл көлемінде 691 мәдени шара өткізілді.
2015 жылы Шиелі ауданында Күлкі күніне арналған облыстық «Мінекей Мейірманның ізбасарлары» атты әзіл-сықақ театрларының байқауына аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Сүйінші» әзіл-сықақ отауы қатысып, жүлделі ІІІ-орынды жеңіп алды.
Облыс әкімінің қатысуымен «Қазақ хандығының 550» жылдығына атындағы саябақтың ашылу салтанаты, облыстық деңгейде «Қорқыттан қалған қоңыр үн» облыстық балалар шығармашылығының байқауы, танымал жыраулар Шәмшат Төлепова мен Айнұр Ешбаеваны еске алуға арналған облыстық қыз-келіншектердің жыр-терме байқаулары өтті.
Жаңақорған ауданында өткен облыстық малшылар слетінде және Арал, Қазалы, аудандарында аудан өнерпаздары концерттік бағдарламаларын қойды. Сонымен қатар, өткен жылы Қуандария ауылының 50 жылдық, Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекованың 80 жылдық мерейтойлары өткізілді.
2015 жылдың 12 айында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 478873 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 17596 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны -139782, берілген кітап саны - 319501 дананы құрады. 2015 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 473630 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 21112 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны -179452 оқырмандар арасында берілген кітап саны - 401128 дананы құрады. 6455 дана жаңа кітап келіп түсті. Оқырмандар арасында 337 тақырыптық іс-шара өткізіліп, түрлі тақырыптарда 467 кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген міндеттерді жүзеге асыру бағытында мақсатты шаралар атқарылуда.
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі №514 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары» қабылданып, бекітілді.
«Ауданда мемлекеттік тіл саясатын, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің дамуын жүзеге асыру» бағдарламасына бюджеттен 2015 жылы 490 мың теңге қаралған. Тоқсан сайын мемлекеттік мекемелерден кіріс-шығыс айналымы жөніндегі ақпар алынып, бақылау қамтамасыз етілген. Шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайыз. Кіріс құжаттарының пайыз мөлшері 95-98 пайыз аралығында.
Кент орталығынан жаңадан кітапхана-мұражай құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №704 қаулысымен аудандық тарихи-өлкетану мұражайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып құрылып, жұмыс жасауда.
Аудан көлемінде 85 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 3-і республикалық, 51 – жергілікті маңызы бар, 31 ескерткіш алдын-ала есепке алынған.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау тақталарын орнату мен төлқұжаттарын жаңалау бойынша:
2014 жылы 13 ескерткіштің төлқұжаты (оның 3-і ауд. бюджеттен) жаңаланып, облыстық бюджеттен 40 ескерткішке қорғау тақтасы орнатылды. Жалпы, 2015 жылы төлқұжат бойынша 85 ескерткіштің 82-і облыстық бюджеттен, 3-і аудандық бюджеттен жаңаланды. Облыстық бюджеттен – 62, аудандық бюджеттен – 23 ескерткішке қорғау тақтасы орнатылды.
Қорғау аймағын белгілеу жұмыстары бойынша:
Аудандық бюджеттен Қорқыт ата ескерткіш-кешенінің қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафт аймақтарының ғылыми-зерттеу және жобалау құжаты дайындалып, қолданыстағы заңдылықтар мен ережелерге сәйкес облыстық мәслихат шешімімен бекітілді.


Мәдениет саласы бойынша 2014 жылы атқарылған жұмыстар

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық мәдениет үйі МКҚК, аудандық жыраулар үйі және орталықтындырылған кітапхана жүйесі арқылы 18 кітапхана жұмыс жасайды.
3 ауылдық мәдениет үйі мен 11 ауылдық клуб үйлері (Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» №426 қаулысымен кент, ауыл әкімдері жанынан кәсіпорын болып құрылды, бірақ мәдениет бөлімінің бақылауында болып, ауыл халқына қызмет көрсетуде).
2014 жылдың 12 айында мәдениет саласына 248068,0 мың теңге қаржы игеру жоспарланған. Оның ішінде аудандық бөлімге-16126,0 мың теңге, мәдениет үйлері мен клубтарына – 161488,0 мың теңге, кітапханаға – 47952,0 мың теңге, жыраулар үйіне 22502,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.
2014 жылы мәдениет саласының материалдық – техникалық базасы 49,0млн7 теңгеге нығайтылды. Оның ішінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 1930,3 мың теңге «Нива» автокөлігі, жұмсақ инвентар 147,3 мың 150,0 мың теңгеге копьютер.
Аудандық мәдениет үйіне 4,000,0 мың тенгеге ансамбльге концерттік костюмдер, 2500,0 мың теңгеге конференцияға арналған құрал жабдықтар, 1071,4 мың теңгеге 8 ауылдық клуб үйіне мәдени шараларды жүргізушілерге киім, 270,0 мың теңгеге негізгі құрал жабдықтар, Тұрмағамбет ауылдық клуб үйіне 1300,0 мың теңге, Ақжар ауылдық клуб үйіне 1300,0 мың теңге, Ақай ауылдық клуб үйіне 1300,0 мың теңге, Жаңажол ауылдық мәдениет үйіне 1242,0 мың теңге сахналық киімдер сатып алынды.
Облыстық мәдениет басқармасы арқылы 21 мамыр Қазақстан Республикасының мәдениет саласының қызметкерлері Күні қарсаңында музикалық аппаратура, концерттік киімдер мен музикалық аспаптармен жабдықталған «Зерде» автокөлігі сыйға таратылды.
Сонымен қатар Тұрмағамбет, Ақай, Ақжар ауылдық клуб үйлеріне 2000,0 мың теңгеден 6000,0 музикалық аппаратура, 7840,0 мың теңгеге жылжымалы сахна шатырымен, 7840,0 мың теңгеге музикалық дыбыс күшейткіш аппаратура, 2856,0 мың теңгеге сахналық жарық эффектісі, 5400,0 мың теңгеге ЛЭД экран, 89,3 мың теңгеге орг техника және111,6 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер алынды.
Аудандық кітапханалар бойынша жеңіл жөндеу жүргізу үшін құрылыс заттарына 661,0 мың теңге, телефон аппараттарын алуға 21,6 мың теңгеге сатып алынды.
Аудандық жыраулар үйі бойынша 51,0 мың теңгеге фотоаппарат, 33,0 мың теңгеге принтер, 80,6 мың теңгеге бу қазандығына горелка сатып алынды.
2014 жылы облыстық бюджеттен Жаңажол ауылдық мәдениет үйінің аумағын абаттандыру және көгалдандыруға 23,0 млн теңге, ІІІ-Интернаионал ауылдық мәдениет үйін жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау жұмыстарына 19,0 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2015 жылы Жосалы кентінің орталығынан кітапхана-мұражай құрылысының жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда
Аудандық мәдениет саласы бойынша 178,5 штат бірлігімен 202 адам жұмыс атқарады, оның 98 қызметкер, 103 техникалық қызметкер.
Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 73 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде 68 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 5 аудандық жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1086 мүше тартылған, оның 996 мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 90 жыраулар үйінің үйірме мүшелері.
Көркемөнерпаздар үйірмелері 2014 жылдың 12 айында Халықаралық 3, облыстық 14 байқауға, республикалық 5 байқауға қатысып, обыстық байқаулардан 5 өнерпаз халықаралық байқауға жолдама, 3 республикалық байқауға жолдама 8-бас жүлде, 7- бірінші орын, 4- екінші орын, 7-үшінші орын, халықаралық байқаулардан 1 бас жүлде, екі І орын, бір екінші орын, бір ІІІ орынды иеленді. Аудандық 17 байқау өткізілді.
Жыл көлеміндегі мемлекеттік маңызы бар мәдени шараларды өткізуге 2014 жыл көлеміне 7148,8 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
2014 жылы 1093 мәдени шара өткізілді. Келушілер саны 153223 адам.
Атап айтсақ Алматы қаласында өткен халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына «Халықтық орындау» жанры бойынша Жұлдызай Абдуллаева қатысып, алғыс хатпен марапатталды. «Айгөлек» балалар шығармашылығына арналған республикалық байқауына халықаралық «Бозторғай» байқауының лауреаты, республикалық «Асыл мұра» дәстүрлі орындаушылар байқауының бас жүлдегері Тоғжан Бақытова, облыстық «Бозторғай» байқауының ІІІ-орын иегері Бибімариям Серік, Жанерке Кәжденбектер қатысып, Тоғжан Бақытова мен Бибімариям Серік республикалық байқаудан бірінші орынмен оралды. Бақытова Тоғжан Баку қаласында Түркі тілдес халықтарының балалар мақамы фестивалінде «Көріғұлы» дастанын орындап, жүлделі ІІ-орынды иемденіп, Азербайжан мемлекетінің Туризм және спорт министрінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. 2014 жылдың мамыр айында Алматы қаласында өткене халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығына арналған байқауына және Астана қаласында өткен «Алтын құлын» жыр-дастан орындаушыларының байқауында Тоғжан Бақытова «Қыз Жібек» жырын жырлап, аталмыш байқаулардан жүлделі І-орынды иеленді.
Облыстық балалар шығармашылығына арналған «Бозторғай» байқауына ауданымыздан барлығы 35 өнерпаз қатысып, байқауға Халықтық орындау, вокал, хореография жанрлары бойынша 300 ге тарта талапкер өнерпаздар өзара бақ сынасты. Ауданымыздан Вокал жанры бойынша 5 өнерпаз, халықтық орындау жанры бойынша 15 өнерпаз, хореография жанры бойынша 2 би тобы қатысып, 2-бас жүлде, екі І-орын, төрт ІІ-орын, бес ІІІ-орынды иеленді.
Қырғызстан Республикасы «Ыстықкөл» демалыс орнында өткен ІІ халықаралық «Ыстықкөл жұлдыздары» атты балалар шығармашылығы фестиваліне аудандық мәдениет үйінің «вокал» үйірмесінің мүшесі Коммунаева Фариза байқаудың бас жүлдесін иеленді.
Ауданымыздың жас ақыны Сырым Әділбеков «Жастар жырлайды» республикалық ақындар айтысына жолдама алды.
2014 жылы облыстық деңгейде Т.Көмекбаев ауылының 50 жылдығы мерейтойы аталып өтті. Сонымен қатар мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен музыкалық аппаратурамен жабдықталған жылжымалы «Зерде» автокөлігімен барлық ауылшаруашылық құрылымдары мен шекарашылар күні мерекесіне орай Қуандария ауылында орналасқан шекара бекетіне барып, концерттік бағдарлама, театрландырылға қойылымдар қойды. Жосалы кенті орталығында «Этно ауыл» мәдени көпшілік орталығы, «Мәңгілік ел» саябағының ашулы салтанаты болып өтті. Тағы сол сияқты аудан көлемінде көптеген іс шаралар ұйымдастырылды.
Қызылорда қаласында аудан-қала арасында өнер күндері мерекесінде, ауданымыздың жетістігін қортындылай келе, бірінші орынмен марапатталды.
Орталық кітапхана жүйесі.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік жүйедегі 18 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Олар: 1-орталық, 1-орталық балалар, 1- қалалық, 1-кент кітапханасы, 14-кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан. 2014 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 476903 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 21012 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны –176153 оқырмандарға берілген кітап саны-399617 дананы құрады. 6763 дана жаңа кітап келіп түсті. Кітапхана оқырмандарының қатынасуымен 322 мәдени іс-шаралар өткізіліп, олардың назарына 465 кітап көрмелері ұсынылды.
Кітапханаларды озық технология үлгілерімен қамтамасыз ету мақсатында кітапхана-библиографиялық процестерді автоматтандыру жұмысына сәйкес РАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізілуде.
Қоғамды ақпараттандыру процесінде үлкен рольге ие кітапхана саласында пайда болған электронды каталогтар және ақпарат алмасу құралдары даму үстінде. Аудан бойынша электронды каталогқа 18968 кітап атауы сипаттамасы 74234 дана кітап және 2543 статья енгізілді. Интернет жүйесіне аудандық орталық , балалар, Дүр Оңғар, Ақай, ІІІ-Интернацонал, Тұмағамбет ауылдық кітапханалары қосылған. ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында ҚР ұлттық электрондық кітапхана қорын электронды басылымдармен толықтыру, сандық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылған болатын осыған орай 47 кітап 10679 бет сандық нұсқаға көшірілді. Оның ішінде қазақ тілінде 42 кітап 10183 бет сандық нұсқаға көшірілді. Модельді кітапхана – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Дүр Оңғар, Ақай ауылдық кітапханалары модельдік кітапханалар.Орталық кітапхана 2014 жылы өзінің веб-сайтын құрды. www.karmakshy-kitap.kz
Аудандық Жыраулар үйі
Жыраулар үйінің қызметін қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен 2014 жылға 22502,0 мың теңге қаралып, толық игерілді.
Жыраулар үйіне қарасты 5 үйірме класы ашылып, оған барлығы 91 мүше тартылған. Үйірме жұмыстары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізуде.
Үйірмелердің 1-уі Жыраулар үйінде, қалған 4-уі елді-мекендерде орналасқан. 2-уі- Тұрмағамбет ауылында, 1-Ақжар ауылында, 1-уі Көмекбаев ауылында орналасқан.
Ескерткіштер туралы
Қармақшы ауданы көлемінде 85 тарих және мәдениет ескерткіштері мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 3-уі республикалық маңызы бар. 51 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері, 31 – ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген.
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері: Тұрғын үй - 8, мұнара - 3, бюст - 4, ҰОС - на арналған ескерткіш-белгі - 1, су қыспақты мұнара - 4, теміржол вокзал ғимараты - 1, тарихи тұлғаларға арналған ескерткіш-белгі - 1, кесене - 13, сағана - 1, мазар - 2, ескерткіш-кешен - 2, желдиірмен - 1, қорым - 2. Барлығы – 43.
Археологиялық ескерткіштер: Қалашық-30, тарихи орындар-7, бекіністі мекен-1, қорған-3, жерлеу кешені-1. Барлығы – 42.
2014 жылдың қортындысымен 85 ескерткіштің төлқұжаты жаңаланды, оның ішінже облыстық бюджеттен 82, аудандық бюджеттен 3.
85 ескерткішке қорғау тақтасы орнатылды. Оның 62 облыстық бюджеттен, 23 аудандық бюджеттен.
Мемлекет қорғауындағы 85 ескерткіштің 14 теңгерімге алынып, қалған 71 ескерткіш иесіз деп танып, аудандық соттың 2014 жылғы 24 қарашадағы №2-640/2014 санды шешіміне сәйкес коммуналдық меншік құқығы танылды.
2014 жылы аудандық бюджеттен Қорқыт ата ескерткіш кешенінің қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафт аймақтарының жобасына аудандық бюджеттен 4930,0 мың теңге қаржы бөлініп, ескерткіш кешеннің ғылыми-зерттеу және жобалау құжаты қолданыстағы заңдылықтар мен ережелерге сәйкес облыстық жергүілікті атқарушы органға ұсынылды.
Ауданымыздағы Қорқыт ата ескерткіш-кешені қайта жаңғырту жұмысы қолға алынып, бүгінгі күні жұмысы толық аяқталды. Сонымен қатар республикалық бюджеттен Бұланды (Баланды) І-ІІ-ІІІ-ІҮ ескерткіштер кешеніне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, облыстық бюджеттен Ә.Егізбаев бюстіне 1,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан көлеміндегі Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған 9 нысанның 3 аудандық бюджеттен қайта салынды, 1 қайта салынуда. 4 абаттандыру, жөндеу жұмыстары жүргізілды, 1 аудандық бюджеттен қайта салуға ұсыныс берілді.
Сондай ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ҚР Мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес,2016 жылға Жетіасар 3 (Алтынасар) қалашығына республикалық бюджеттен 24,3 мың теңге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне толықтырулар енгізу мақсатында республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткішіне 4, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткішіне 6 ескерткіш облыстық комиссиядан қолдау тауып, мәдениет министрлігінің арнай комиссиясына ұсынылды.