Бастапқы бет » Қоғам » Білім

ҰБТ
Білім беру мекемелерінің желісі
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісі
Қармақшы ауданының психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті


Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2017  жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы 

Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс және 45 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасады. Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13973 оқушы білім алды. Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап деңгейінде. Олардың ішінде 1738 жоғары білімді, 169 арнаулы орта, барлығы 1907 білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 149,   І санатты – 654,    ІІ санатты – 508, санатсыз – 511 мұғалім еңбек етеді.

Қай кезеңде де білім сапасының көрсеткіші болып табылатын, жалпы білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу барысында ұстаздарымыз түлектердің теориялық, психологиялық дайындығын басты назарда ұстай отырып, сындарлы сында аянбай, талмай еңбек етті. Әрине, нақты жоспарланған, үздіксіз жұмыс нәтижесі өзінің оң бағасын берді. Аудан бойынша мектеп бітіруші 624 түлектің 491-і (79,17%)-зы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа балл 82,00 құрап, ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты. Бұл - аудан ұстаздары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін  үлкен еңбектің жемісі, сапалы білім көрсеткіші болды. Аудан мектептерінен орташа балл қорытындысы бойынша 16 мектеп - №183, №279, №106, №28, №105, №27, №109, №113, №277, №199, №85, №111, №185, №80, №26, №250 мектептер ауданның орташа балдық көрсеткішінен жоғары болып топ бастаушылар қатарында болса, №30, №121, №99, №269, №107, №108, №29, №186, №272, №273, №274, №275 сияқты 12 мектеп 80,40 – 63,33 балл аралығымен төменгі орынға орналасты. Мектеп бітіруші түлектер арасынан 38 оқушы  «Алтын белгі» (№250 мектеп-лицей – 13, №183 мектеп – 1, №30 мектеп – 2, №26 – 2, №27- 1, №105-1, 29-4, №107-3, №85- 1, №279- 1, №272- 1, №273- 1, №274- 3, №275-2, №277- 2, ), 18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. (№250 мектеп – лицей  - 3, №26 мектеп – 2, №28 мектеп – 1, №199-2, №80-1, №274-3, №275-1, №277-5). 100-109 балл аралығында жоғары  балл жинаған 43 оқушы, 110-119 балл аралығында - 33,  120-129 балл аралығында – 15, 130-140 балл аралығында -2, барлығы 93 бітіруші  көрсеткіш  берсе,  175 оқушы /35,4%/ шекті баллдан өте алмады (№105 – 1, №107 – 5, №108  – 7, №109 – 2, №121 – 5, №185 – 4, №199 – 2, №250 – 32, №26 – 6, №27 – 1, №29 - 10, №30 мектеп – 5, №80 – 9, №85-3, №99-4, №269- 5, №272- 12, №273- 18, №274- 15, №275- 20, №277- 8, №279-1). 

2016-2017 оқу жылының қорытындысымен 38 бітіруші «Алтын белгіге», 18 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды.

Биылғы жылы да аудан оң нәтиже, лайықты көрсеткіштерге жетті. Бұл - білікті де білімді пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, ата-аналардың өзара тығыз байланысы, әр оқушының білімі мен таным қабілетін танып білудегі ұстаз еңбегінің шынайы  жемісі деп атап өтуге болады. Осындай өз уақытын аямай, өзгенің баласына білім беріп жоғарғы балл жинап, аудан  мәртебесін жоғары көтерген алдыңғы үштікте тұрған мектептерді ерекше атап өтуге болады. Математикалық сауаттылықтан  алдыңғы үштікте тұрған Төретам кенті Ақай аулындағы №279 және №99, кент орталығындағы Ү.Томанов атындағы №183  орта мектептер. Оқушылар 34 балл жинаған №279 мектептің математика пәні мұғалімі Құлжан Манат, 36 баллмен №183 орта мектептен Наукебаева Гүлшат, №99 орта мектептен Нұржанова Мадиналарды атап өтуге болады.

Оқу сауаттылығынан алдыңғы үштікте тұрған №113, №183 және №279 орта мектептер. Оқушылары 20 балл жинаған №113 мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Ізімова Жазира, 20 баллмен №183 орта мектептен  Есжанова Мөлдір, 20 баллмен №279 орта мектептен Жиенқұлова Шынарларды айту керек. 

Қазақстан тарихынан алдыңғы үштікте тұрған №80, №27 және №85 орта мектептер. Оқушылары 20 балл жинаған №80 мектеп-гимназияның тарих, құқық пәні мұғалімі  Айтжанова Салтанат, 20 баллмен №27 орта мектептен   Қауысов Дәулет, 20 баллмен №85 орта мектептен Жалғасбаев Әділеттерді атап өту қажет. Бірінші таңдау пәні бойынша  алдыңғы үштікте тұрған №183, №279 және №106 орта мектептер. Оқушылары химиядан 37 балл жинаған №183 орта мектептен     химия пәні мұғалімі Көбекова Манат, биологиядан 30 баллмен Жалғасбаева Жұлдыз, математикадан 34 баллмен Аширова Гүлнара, физикадан Хасенова Маруся, №279 орта мектептен     биология пәнінен 36 баллмен Нұржанова Сафура, физикадан 31 баллмен Бердібаева Гүлзия, №106 орта мектеп бойынша физикадан 32 баллмен Жаханова Жанышкүлдерді атап өту қажет. Екінші таңдау пәні бойынша  алдыңғы үштікте тұрған №183, №27 және №28 орта мектептер. Оқушылары химиядан 36 балл жинаған №183 орта мектептен химия пәні мұғалімі Көбекова Манат,  физикадан 33 баллмен  Жақпанова Гүлмира, математикадан 33 баллмен Аширова Гүлнара, №27 орта мектептен құқық пәнінен 33 баллмен  Қауысов Дәулет, №28 орта мектептен дүние жүзі тарихынан 37 баллмен  Мырзабекова  Жаңагүлдер өз үлестерін қосты.

Аудан мұғалімдері ҰБТ-де жоғары жетістікке жету жолында аянбай еңбек етіп, әр бітірушінің талап-деңгейін таразылай отырып игі жұмыстар жүргізіп келеді. Арнайы белгіленген кесте, жан-жақты дайындық, қатаң жауапкершілік, ұстаздарымыздың өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілігі мен аса жауапкершілігі  - ауданымыздың облыс көлемінде ҰБТ-ден айшықты орын алуына септігін тигізді. Осы орайда  ауданда ғана емес, облыс көлемінде ең жоғарғы 136 балл  жинаған Т.Көмекбаев атындағы  №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Отарбай Дәуренді аса мақтанышпен атаймыз. 

Өткен оқу жылынан бастап аудан бойынша 1-ші сыныпқа келген 1860 оқушы жаңартылған білім мазмұны  - 12 жылдық білім беру жүйесімен  оқытылды.  Білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулу, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Математикалық сауаттылық, сауат ашу, көркем еңбек, ағылшын тілі пәндердің деңгейлік тапсырмаларды қамтыған, логикаға басым жазу дәптерлері арқылы критериалды бағалау – электронды күнделік негізінде оқушылардың білімі сараланып, қорытындыланды. Жыл басында мектепке қабылданған 1860 оқушының 1658 оқушысы 1 сыныпты аяқтады. «5»-ке 552, «4» пен «5»-ке  928, барлығы 1480 оқушы  жақсы деңгейде, яғни барлық оқушының 89 пайызы  білім сапасын берді. Ал биылғы оқу жылында 1 сыныпқа қабылданатын 1815 оқушы қабылданады деп жоспарлануда. Ол 157 балаға өсіп, 9,4 пайызды құрап тұр. Және 2016-2017 оқу жылында 13659 оқушы 728 сынып жиынтығында оқыса, биылғы оқу жылында 13973 оқушы мектеп партасында отыр.  

Биылғы оқу жылында жаңартылған білім беру  мазмұны бойынша 2,5,7 сыныптар оқытылатылып жатыр. Осыған орай   аталған сыныптар бойынша дәріс беретін мұғалімдер   арнайы білім жетілдіру курсынан өтті. Ол сабақ беретін мұғалімдердің  83,5 пайызын құрап отыр.

Жаңартылған білім беру  мазмұнына көшуге дайындық негізінде «Өрлеу» біліктілік арттыру институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2017 жылға  2,5,7-сыныпқа сабақ беретін 715 педагогты оқыту жоспарланған болатын. Оның ішінде 2016-2017 оқу жылында  296 педагог біліктілігін арттырды ( ол 41,3 %).

Осы уақытқа дейін ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса, оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп аудан әкімінің қаулысымен мектеп- лицей бағытына ауыстырылды.

Жылма-жыл білім сапасының көтерілуі, үздіксіз білім беру қағидаттарының орындалуы, бір сөзбен айтқанда болашағы бағдарлы, келешегі келісті ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздарың педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзіреттілігі айқын мәнге ие.  жылы аудан мұғалімдерінен біліктілік санатына құжат тапсырған 529 мұғалім  өз біліктіліктерін қорғады және 394 қызметкер өз білімін жетілдірді.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан мектепке дейінгі білім берудің жаңа стандарты  - Қазақстан балаларының жаңа ұрпағын дамыту мен тәрбиелеу жолындағы мәнді қадам болып отыр. Осы орайда,  ауданымызда 57 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс жасайды. Оның 24-і мемлекеттік, 8 жекеменшік, 25 шағын орталықта 3845 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы 0-6 жас аралағындағы 6771 баланың 3845-і балабақшаға тартылып, бұл 93,2 пайызды құрап отыр. 2016-2017 оқу жылында  ІІІ ИНтернационал аулынан 100 орындық «Бадинур», Төребай би аулынан 25 орындық «Кенженұр» жекеменшік балабақшалары ашылды.  Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайызға өсті.

2016 жылы Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы мектеп құрылысын бастауға 20,0 млн. теңге, ал 2017 жылы құрылысын аяқтауға 456,7 млн.теңге бөлінді. Жаңа мектеп қазіргі таңда  пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысын бастауға 567,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны 798,9 млн.теңге. 2017 жылдың маусым айында өзіңіздің қатысуыңызбен №183 орта мектептің алғашқы іргетасын қалады.

2016 жылы Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» (5,0 млн.теңге) және №5 «Айгөлек» (5,0 млн.теңге)   балабақшалары құрылысын бастауға 10,0 млн.теңге, ал 2017 жылы құрылысты аяқтауға – 487,8 млн.теңге (№5 «Айгөлек» балабақшасына – 241,3 млн.теңге, №3 «Ертөстік» балабақшасына – 246,5 млн.теңге) облыстық бюджеттен бөлінді. Жаңа оқу жылына аталған балабақшалар қолданысқа беріледі деп жоспарлангып отыр.

2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына  аудандық бюджеттен 3 мектепке 13,2 млн.теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).

Жосалы кентінде орналасқан білім бөлімі ғимаратын қайта жаңғырту және жапсаржай салуға 59,0 млн.теңге бөлініп,  құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан «Аудандық оқушылар үйіне» пайдалануға берілді. 

2017 жылы Жосалы кентінде жаз-қыс мезгіліндегі балалар  демалысы үшін лагерь құрылысын бастауға 100,0 млн.теңге бөлінді.

 Ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту мәселелерінде ауданда іске асырылып жатқан   «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының ролі ерекше. Биыл осы бағдарлама аясында республикалық және  аудандық бюджеттерден 2 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 104,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 19 адам уақытша жұмысқа тартылды (Ақтөбе ауылында орналасқан  №16 «Перизат» балабақшасының ғимаратына 25,7 млн.теңге, Төретам кентінде орналасқан №4 «Күн нұры» балабақшасына  ғимаратына 78,4 млн.теңге).

Ұлттық қордың қаражаты есебінен  ауданның 8 балабақшаның, бір мектептің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан бюджетінің қомақты бөлігі білім беру мекемелерінің еншісінде. Атап айтқанда, білім саласына 2016 жылы 6 млрд 646 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылға 6 млрд 797 млн. теңге қаралып отыр.

2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 89 млн 500 мың теңге қаралып отыр. Оның ішінде №26 және №250 мектеп жанындағы интернаттарға қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етуге 1854 мың теңге, аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебіне қажетті музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуге 2956 мың теңге, мектептерді қажетті оргтехникалармен (компьютерлермен) қамтамасыз етуге 23078 мың теңге, қажетті қатты заттармен (тақта, парта, орындықтар, асхана жабдықтары) қамтамасыз етуге 22969 мың теңге, №30 мектептің инклюзивті кабинетіне қажетті жабдықтар сатып алуға 3417 мың теңге, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық кабинетке қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен дидактикалық оқу-құралдармен қамтамсыз етуге 5422 мың теңге, «Робототехника» кабинеттерімен қамтамасыз етуге 13416 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерге физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 16388 мың теңге бөлінді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің  шынайы қамқорлығын сезініп, ұстаз, мектеп сенімін ақтаған оқушыларымыз жыл сайын өткізілетін дәстүрлі пәндік олимпиадаларда, білім байқауларында алдыңғы қатардан көрініп, аудан мерейін асқақтатып келеді. Атап айтсақ, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орындар алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен жолдама алған 5 оқушының 2-уі жүлделі орынмен оралды. Олар: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алды.

Еліміздің қарқынды дамуы жаңа қоғам талабына сай адам санасы мен білімінің жоғары дамуынының айғағы десек, өркениетті елдер қатарына көш түзеп келе жатқан тәуелсіз елдің тізгінін берік ұстау – Қазақстан азаматтарының еншісінде. Олай болса, сол азаматтарды біліммен қалыптастыратын, тәрбиемен қаруландыратын күш – мектеп. Аудандық білім бөлімі 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» басшылыққа алынып, жылдық жұмыс жоспары жасалып, мектепте оқушыларға мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, азаматтыққа, төзімділікке, рухани- өнегелікке, салауатты да саналы белсенді тұлғаны қалыптастыру ісінде жұмыстар жүргізілуде.  Аудан бойынша 739 класс комплектісі бар.  1907 мұғалім 13973 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. 29 мектепте қазіргі уақытта 35 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 29 тәлімгер, 50 психолог маман  жұмыстар атқаруда.  Тәрбие  - үздіксіз жүргізілетін процесс екенін ескерсек, 2016-2017 оқу жылында тәрбие   бойынша 9 семинар, 9 айлық, 20 акция, 87 рет АІІБ- нің қызметкерлерімен кездесу, 2 рет аудандық ата-аналар жиналысы, 57 тәрбиелік кештер, 2 тақырыптық форум, 15 апталық, 15 кездесу ұйымдастырылды.

Мектептерде әскери-патриоттық клуб құрылып, құрамына жоғары сынып оқушылары сайланды. Бекітілген жұмыс жоспары бойынша мектепішілік есепте тұрған, қолайсыз отбасында тәрбиеленіп отырған оқушылар мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылып отырады. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қалыптастыру, жастардың бос уақытын ұтымды пайдалана отырып, спорттық, патриоттық мәдениетті тануға, салауатты өмір салтына баулу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Мектеп.Қоғам. Отбасы арасындағы тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған ынтымақтастықты, қоғамның әрбір мүшесінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тақырыптық семинар өтілді.    Тақырыптық сынып жетекшілерінің апталығы, айлық шаралар, әр түрлі    тренингтер, тағы басқа да үздіксіз атқарылып жатқан тәрбие жұмыстары әр оқушышының таным деңгейін, шығармашылық потенциалын, өзіндік дүниетанымын кеңейту мақсатын көздейді.

Жалпы аудан  білім алатын 13973 оқушының 335-і аудандық әуез мектебіне, 1166 оқушы оқушылар үйіне, 1408 оқушы спорт мектебіне қатысады.

Аудандық білім бөлімінің  мектепте діни қақтығыстар мен діни эктремизмнің алдын алу, жергілікті жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтау мақсатында, терроризмге қарсы және діни ахуалға қатысты, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қауіптіліг туралы 9-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оқушылардан сауалнама алу, аудандық мешітке баратын оқушыларды анықтау бағытында тиісті жұмыстар атқарылды және аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.

Ауданымызда жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары жетімін жылатпаған, қамыққанға қол ұшын беретін кеңпейіл де жомарт халқымыздың қайырымдылығы мен жан жомарттығын танытатын шара болып отыр, тұрмысы төмен отбасыларға аудандағы барлық мекемелер, жеке кәсіпкерлер, жекелеген санаттағы адамдар демеушілік жасап, алғыс арқалауда. Аудан бойынша демеушілік пен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 147 оқушыға 2 млн 793 мың теңге көлемінде көмек берілді. Жалпыға міндетті оқу қорынан 2051 оқушыға 17 млн 197 мың теңге көлемінде, 2886 оқушысына 107 70,06 мың теңге көлемінде ыстық тамақ берілді.

Қызылорда облысының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс- қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі облыстық ведомствоаралаық штабының 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жылдық жоспар жасалалып, жұмыстар жүргізіліп келеді. аудандағы 29 мектепте «Наркобекет» жұмысы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында жұмыс жасайды.

Аудан оқушылары арасында  жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстары жылма-жыл өз дәрежесінде ұйымдастырылып келеді. Қазіргі таңда 11243 бала ішкі және сыртқы тынығу лагерінде дем алды. Ол 86 пайызды құрайды.  Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуда мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы зор белсенділік танытуда. Атап айтқанда, Халықаралық көрмеге  1005  және 1105 оқушы «ЭКСПО-2017»-ні тамашалап қайтты.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді, мазмұнды ұйымдастыру, оларды патриоттық, спорттық, эстетикалық бағытта тәрбиелей отырып шығармашылық бағытқа жетелеу, салауатты өмір салтына баулу мақсатында аудандық оқушылар үйі мен Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебі жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Аудандық оқушылар үйіндегі түрлі үйірмелерге  1166 оқушы, әуез мектебіне 335 оқушы, спорт мектебіне 1408 оқушы қатысады. Аудандық «Жас ұлан»  қоғамдық  бірлестігіне 10560 оқушы тартылған.

Жас музыканттардың 50-ші Республикалық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, пианистер  арасында  үздік өнер көрсеткені  үшін Н.Байғараев, Я.Ким  Алғыс хатпен марапатталды / мұғалімі Н.Бижанов, И.Пак /, Қ.Р.Еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қ.Р.Мәдениет қайраткері, күйші, композитор Төлепберген Тоқжанов атындағы І облыстық балалар конкурсынан  М.Жасаңбаев І, М.Әбдіразақұлы   ІІ орынды иеленді / мұғалімдері Б.Мәденова,А.Жағалова/, Республикалық «Әсеттің әсем әндері-ай» атты Ғұмырдария  конкурсынан Ж.Асылбек және Л.Есхановалар  І орын және Қ.Әбдірайымов Бас жүлде иегері атанды / мұғалімі А.Ысқақова /, «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты облыстық байқаудан М.Ұзақбаева  Бас жүлде иегері атанды / мұғалімі Ж.Тұрымбетов/.  Республикалық ХУІІІ «Абай және Шәкәрім оқулары» байқауынан №80 мектеп-гимназияның  6 сынып оқушысы А.Жантанова «Сөз зергері» номинациясымен марапатталды /мұғалімі М.Жүнісова/.

Ауданда жалпы кітап қоры – 509054, оның ішінде мектеп оқулығы  372943, көркем әдебиет 131913, элкетронды оқулықтар 4198. Оқырмандар саны – 15306, оқырмандардың кітапханаға келу саны – 80415, кітап берілімі – 122982. Қордың өсуі – 71853. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2,5,7 сынып оқулықтары 100 пайыз алынды. Ол үшін барлығы 134 407,0  теңге қаржы қаралды.

Мектеп бітірушілер арасында жылма-жыл ұйымдастырылып отыратын Ы.Алтынсарин атындағы республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан №250 мектеп-лицей мен №26 орта мектептің 5 оқушысы білім грантын жеңіп алса, №105 мектеп-лицейдің 2 оқушысы Санкт- Петербург мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университетіне, №277 мектеп-лицейдің 5 оқушысы К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне, №277 мектеп-лицейдің 1 оқушысы Ресей Федерациясының И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ университетіне, №108, №250 мектептерден 3 оқушы    Москва ұлттық технологиялық зерттеу университетіне,  №250 мектеп-лицейдің 2 оқушысы Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне грант иегері атанып, білім биігіне шықты.

2016-2017 оқу жылының қорытындысымен халықаралық, республикалық байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында 128 оқушы жеңімпаз атанды.

Облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2017» байқауында №279 мектептің мұғалімі ІІ орын алса, «Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі-2017» байқауында №29 мектеп мұғалімі І орын, «Үздік география пәні мұғалімі-2017» байқауынан №111 мектеп мұғалімі ІІІ орын, республикалық «Үздік психолог» байқауында №250 мектеп-лицей психологы ІІ орын иеленді.  Аудандық оқушылар үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі С.Ускеленов Қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының арасында өткізілген «Үздік үйірме жетекшісі -2017» облыстық байқауына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталған. Облыстық «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2017» байқауынан №250 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Э.Абатова дипломант, «Жаңа үлгідегі үздік биология сабағы-2017» байқауынан №108 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі М.Сағымбаева І орын алса, «Үздік авторлық бағдарлама-2017» байқауынан №274 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі А.Срымбетова ІІ орын алды.

Ауданның құрметті ардагер ұстаздарын еске алу және ұлықтау мақсатында жыл сайын математика пәнінен Ү.Қошалақов атындағы және Қ.Игенбаев атындағы олимпиадалар дәстүрлі түрде өткізіледі.


Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2017  жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы 

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен мектептегі сынып комплектілер саны артып келеді. 2016 жылы 29 мектепте 728 сынып жиынтығында қазіргі таңда 13659 оқушы білім алуда. Ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап деңгейінде. Олардың ішінде 1674 жоғары білімді, 169 арнаулы орта білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 114, І санатты – 690, ІІ санатты – 455 мұғалім еңбек етеді.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында бітірушілердің қорытынды аттестаттауы және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіре отырып жүзеге асыратын Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша аудан бітірушілері өз білімдерін дәлелдей білді. 2017 жылы 624 мектеп бітірушіден 491-і (79,17%) ҰБТ-ге қатысып, орташа балл 82,00 болып сапалық көрсеткішті сақтап дәлелдеді. Ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты. Бұл - аудан ұстаздары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін үлкен еңбектің жемісі, сапалы білім көрсеткіші болды. Аудан мектептерінен орташа балл қорытындысы бойынша 16 мектеп - №183, №279, №106, №28, №105, №27, №109, №113, №277, №199, №85, №111, №185, №80, №26, №250 мектептер ауданның орташа балдық көрсеткішінен жоғары болып топ бастаушылар қатарында болса, №30, №121, №99, №269, №107, №108, №29, №186, №272, №273, №274, №275 сияқты 12 мектеп 80,40 – 63,33 балл аралығымен төменгі орынға орналасты. Мектеп бітіруші түлектер арасынан 38 оқушы «Алтын белгі» (№250 мектеп-лицей – 13, №183 мектеп – 1, №30 мектеп – 2, №26 – 2, №27- 1, №105-1, 29-4, №107-3, №85- 1, №279- 1, №272- 1, №273- 1, №274- 3, №275-2, №277- 2, ), 18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. (№250 мектеп – лицей - 3, №26 мектеп – 2, №28 мектеп – 1, №199-2, №80-1, №274-3, №275-1, №277-5). 100-109 балл аралығында жоғары балл жинаған 43 оқушы, 110-119 балл аралығында - 33, 120-129 балл аралығында – 15, 130-140 балл аралығында -2, барлығы 93 бітіруші көрсеткіш берсе, 175 оқушы /35,4%/ шекті баллдан өте алмады (№105 – 1, №107 – 5, №108 – 7, №109 – 2, №121 – 5, №185 – 4, №199 – 2, №250 – 32, №26 – 6, №27 – 1, №29 - 10, №30 мектеп – 5, №80 – 9, №85-3, №99-4, №269- 5, №272- 12, №273- 18, №274- 15, №275- 20, №277- 8, №279-1).
Білім саласында биылғы оқу жылындағы ерекшелік 1-ші сыныпқа келген 1642 оқушы жаңартылған оқу бағдарламасы 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім алуда.1-сыныпқа арналған қажетті оқулықтар жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 82 педагог арнайы даярлықтан өтті.
2016-2017 оқу жылынан бастап 1 сыныптар бес күндік оқу жүйесіне көшсе, келесі жылы 2,5,7 сыныптар әрі қарай кезең-кезеңімен бес күндік оқыту жүйесіне көшеді.
Осы уақытқа дейін ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса, оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп аудан әкімінің қаулысымен мектеп- лицей бағытына ауыстырылды.
Облыс әкімінің «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250 мектеп-лицейлерде тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жыл көлеміндегі 1500 сағат негізіндегі факультативтер мен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша 4 сағаттық курстар , шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің негіздері бойынша 4,5 сағаттық үйірмелерді жоғарғы оқу орындарының біліктілігі жоғары мамандарымен келісімшарт негізінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 2 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрлері қазіргі таңда жұмыс жасауда.
Инновациялық мектептер қатарын дамыту мақсатында Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектепке Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №391 қаулысына сәйкес мектеп-лицей статусы берілді. Қазіргі таңда жаңа аталған мектеп-лицей құжаттары мемлекеттік тіркеуге Әділет басқармасына тапсырылды.
№277 орта мектепте сыныптар бөлініп оқушылар талапқа сай іріктеліп, ІІІ оқу тоқсанынан бастап мектеп-лицей бағдарламасына сәйкес өз жұмысын бастайды. Ауданнан бір жылда 2 мектеп-лицейдің ашылуы үлкен жетістік.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, биылғы жылы аудан мұғалімдерінен біліктілік санатына құжат тапсырған 529 мұғалім өз біліктіліктерін қорғады және 394 қызметкер өз білімін жетілдірді.
Ауданымызда 57 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс жасайды. Оның 24-і мемлекеттік, 8 жекеменшік, 25 шағын орталықта 3845 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы 0-6 жас аралағындағы 6771 баланың 3845-і балабақшаға тартылып, бұл 93,2пайызды құрап отыр. 2016-2017 оқу жылында ІІІ Интернационал аулынан 100 орындық «Бадинур», Төребай би аулынан 25 орындық «Кенженұр» жекеменшік балабақшалары ашылды. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайызға өсті.
2016 жылы Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы мектеп құрылысын бастауға 20,0 млн. теңге, ал 2017 жылы құрылысын аяқтауға 456,7 млн.теңге бөлінді. Жаңа мектеп қазіргі таңда пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2017 жылы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысын бастауға 567,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны 798,9 млн.теңге. 2017 жылдың маусым айында аудан әкімі №183 орта мектептің алғашқы іргетасын қалады.
2016 жылы Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» (5,0 млн.теңге) және №5 «Айгөлек» (5,0 млн.теңге) балабақшалары құрылысын бастауға 10,0 млн.теңге, ал 2017 жылы құрылысты аяқтауға – 487,8 млн.теңге (№5 «Айгөлек» балабақшасына – 241,3 млн.теңге, №3 «Ертөстік» балабақшасына – 246,5 млн.теңге) облыстық бюджеттен бөлінді. Жаңа оқу жылына аталған балабақшалар қолданысқа беріледі деп жоспарлангып отыр.
2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 мектепке 13,2 млн.теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).
Жосалы кентінде орналасқан білім бөлімі ғимаратын қайта жаңғырту және жапсаржай салуға 59,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан «Аудандық оқушылар үйіне» пайдалануға берілді.
2017 жылы Жосалы кентінде жаз-қыс мезгіліндегі балалар демалысы үшін лагерь құрылысын бастауға 100,0 млн.теңге бөлінді.
Ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту мәселелерінде ауданда іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының ролі ерекше. Биыл осы бағдарлама аясында республикалық және аудандық бюджеттерден 2 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 104,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 19 адам уақытша жұмысқа тартылды (Ақтөбе ауылында орналасқан №16 «Перизат» балабақшасының ғимаратына 25,7 млн.теңге, Төретам кентінде орналасқан №4 «Күн нұры» балабақшасына ғимаратына 78,4 млн.теңге).
Ұлттық қордың қаражаты есебінен ауданның 8 балабақшаның, бір мектептің жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан бюджетінің қомақты бөлігі білім беру мекемелерінің еншісінде. Атап айтқанда, білім саласына 2016 жылы 6 млрд 646 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылға 6 млрд 797 млн. теңге қаралып отыр.
2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 89 млн 500 мың теңге қаралып отыр. Оның ішінде №26 және №250 мектеп жанындағы интернаттарға қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етуге 1854 мың теңге, аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебіне қажетті музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуге 2956 мың теңге, мектептерді қажетті оргтехникалармен (компьютерлермен) қамтамасыз етуге 23078 мың теңге, қажетті қатты заттармен (тақта, парта, орындықтар, асхана жабдықтары) қамтамасыз етуге 22969 мың теңге, №30 мектептің инклюзивті кабинетіне қажетті жабдықтар сатып алуға 3417 мың теңге, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық кабинетке қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен дидактикалық оқу-құралдармен қамтамсыз етуге 5422 мың теңге, «Робототехника» кабинеттерімен қамтамасыз етуге 13416 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерге физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 16388 мың теңге бөлінді.
Аудан оқушылары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі пәндік олимпиадаларда, білім байқауларында алдыңғы қатардан көрініп, аудан мерейін асқақтатып келеді. Атап айтсақ, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орындар алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен жолдама алған 5 оқушының 2-уі жүлделі орынмен оралды. Олар: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алды.
Аудан бойынша 728 класс комплектісі бар. 1843 мұғалім 13659 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. 29 мектепте қазіргі уақытта 35 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 29 тәлімгер, 50 психолог маман жұмыстар атқаруда. Тәрбие - үздіксіз жүргізілетін процесс екенін ескерсек, 2016-2017 оқу жылында тәрбие бойынша 9 семинар, 9 айлық, 20 акция, 87 рет АІІБ- нің қызметкерлерімен кездесу, 2 рет аудандық ата-аналар жиналысы, 57 тәрбиелік кештер, 2 тақырыптық форум, 15 апталық, 15 кездесу ұйымдастырылды.
Жалпы аудан білім алатын 13659 оқушының 335-і аудандық әуез мектебіне, 1166 оқушы оқушылар үйіне, 1408 оқушы спорт мектебіне қатысады.
Аудан бойынша демеушілік пен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 147 оқушыға 2 млн 793 мың теңге көлемінде көмек берілді. Жалпыға міндетті оқу қорынан 2051 оқушыға 17 млн 197 мың теңге көлемінде, 2886 оқушысына 107 70,06 мың теңге көлемінде ыстық тамақ берілді.
Биылғы жылы 1-10 сынып аралығында 13659 оқушының 11243-н, яғни барлық оқушының 86 пайызын жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда.
Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне 1-4 сынып оқушылары арасынан 1499 оқушы қамтылып отыр. Қазіргі уақытқа дейін 2131 оқушы дем алды.
Аудандық бюжеттен 6 млн 381 мың теңге бөлініп, 219 оқушы Астана қаласына «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне 80 бала барды. Сонымен қатар 986 оқушы ата-ана демеушілігімен бару алдағы уақытта жоспарлануда.
Салауатты өмір салтына баулу мақсатында аудандық оқушылар үйі мен Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебі жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Аудандық оқушылар үйіндегі түрлі үйірмелерге 1166 оқушы, әуез мектебіне 335 оқушы, спорт мектебіне 1408 оқушы қатысады. Аудандық «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігіне 10560 оқушы тартылған.
Ауданда 28 орта, 1 орталау меткепте 39 кітапханашы қызмет етеді. Ауданда мектеп кітапханашалырының сандық және сапалық құрамы: жоғары білімді 28, арнаулы орта білімді 11, кітапхана мамандығы бойынша 31, педагог мамандар 8.
Ауданда жалпы кітап қоры – 509054, оның ішінде мектеп оқулығы 372943, көркем әдебиет 131913, элкетронды оқулықтар 4198. Оқырмандар саны – 15306, оқырмандардың кітапханаға келу саны – 80415, кітап берілімі – 122982. Қордың өсуі – 71853. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2,5,7 сынып оқулықтары алынады. Ол үшін барлығы 134 млн теңге қаржы қаралған.


 Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2017  жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты  28 жалпы  білім беретін орта мектеп,  1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылында 13637 оқушы мектеп партасына отырды(оның ішінде Байқоңыр қаласындағы оқушылар саны – 4848 бала). Олардың 2755-і үздікке,5018-і екпіндіге үлгереді.  Үлгерім сапасы 58 пайыз.  9-сыныпты негізгі мектепті  1062 оқушы бітіреді.
Білім саласында биылғы оқу жылындағы ерекшелік  1-ші сыныпқа келген 1642 оқушы жаңартылған  оқу бағдарламасы (12 жылдық білім беру жүйесі) бойынша  білім алуда.1-сыныпқа арналған қажетті  оқулықтар  жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін  82  педагог    арнайы даярлықтан өтті.
Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін 28 орта , 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды      Биылғы жылы 624 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 220-ы  Байқоңыр қаласы, 404-і Жосалы, Төретам, Ақай кенттерімен Қармақшы ауылдық мектептерінен. Дәстүр бойынша байқау сынақ қыркүйек айынан басталды. Аудан  мектептеріндегі  ұйымдастырылған  тестілер нәтижесі бойынша қыркүйек айында    орташа  балл-55,7 болса,  қазан айында орташа балл-53,6 балл, қараша айында 69,6 балл болды, желтоқсанда-67,1,  қаңтар айында-73,1 баллмен қорытты. Ақпан айының байқау сынақ қорытындысы бойынша 624 бітірушінің 523-і ( 84%)  қатысып,орташа баллдық көрсеткіші 76,5 , наурыз айында 508 бітіруші қатысып орташа балл 93,6 болды.  
Биылғы жылы жаңа форматтағы  екі кезеңге бөлінген өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ білім алушыларды қорытынды аттестаттау. Мектептерде тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім болып табылады. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік  бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.(«Білім туралы»заңы 9.04.2016ж №501-У-ЗРК)
Аудандық білім бөлімі тарапынан мемлекеттік қорытынды аттестатттау мен ҰБТ –дегі өзгерістер жобасымен  мектептерде  ата-аналар, бітірушілер, пән мұғалімдерімен бірлескен түсіндірме жиналыстары  өткізіліп баспасөз бетінде  мақала жарияланды. ҚР БҒМ-нің №660 бұйрығымен,  ҰБТ-ді өткізудің жоба ережелерімен таныстырылды.   
Биылғы жылға  Жаңақорған ауданындағы қосымша білім беретін дайындық орталығына бару үшін 300 бітірушіге 7200,0 мың теңге, тегін байқау сынақ кітапшасымен қамту үшін  532 мың тг  қаржы бөлінді.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес оқушыларды үйден мектепке және мектептен үйге тегін тасымалдау стандартына сәйкес Жосалы кент орталығындағы №250 мектеп-лицейдің, Төретам кентіндегі №80, №269, №279 мектеп оқушылары күнделікті тасымалмен қамтылса,Т.Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептің 19 оқушысы шалғай елді мекендегі үйлеріне тоқсан сайын тасымалданады.Тоқсан сайын тасымалданатын 19 оқушы мектеп жанындағы интернатта жатып білім алуда.
Жалпы білім беретін мектептерде 6-9 сынып оқушылары арасында «Халықтар достығы» тақырыбында аудандық шығармалар байқауы ұйымдастырылып, облыстық байқауда  №183 мектептің  6 сынып оқушысы Жаудетова   Аяулым  3 орынды, №274 орта мектептің 7 сынып оқушысы Баданова Айдана 2 орынды  иеленді;
Облыстық «Самұрық инновациялық  идеяларды дамыту орталығы»   қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік   қызмет-елдің  мүддесіне адал еңбек»  атты шығармалар байқауына №274, №26, №183 орта мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысып, №105 орта мектептің 11 сынып оқушысы Әбдіхамизова Гүлсезім 1 орынды жеңіп алды.
2016-2017 оқу жылында 1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалаарының XІІ Республикалық  «Зерде»  конкурсының ІІ ( облыстық )  кезеңіне 6 оқушы қатысып, ІІІ орындармен №80 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Ұ.Айбекова,  3  сынып оқушысы Ә.Ниязова, №279 орта мектептің 4 сынып оқушысы М.Шынасылова, №85 орта мектептің 3 сынып оқушысы  Е.Жалғасбаев, І орынмен №109 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ұ.Бекмаханова иеленді. Алматы қаласында –өткен  Республикалық  байқауда №109 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ұ.Бекмаханова 2 орынды жеңіп алды.
2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен  №250, №27, №185, №183, №26, №274 мектептерден 9 оқушы жүлделі орын алды. Нәтижесінде, №274 орта мектептің 10 сынып оқушысы Сыланова Айжан Республикалық конкурстың қрорытынды кезеңіне қатысып, 2 орынды жеңіп алды.
Аудан мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қашықтық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
2016-2017 оқу жылына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінен 9 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 5 оқушы Республикалық кезеңіне қатынасты.  Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне №250, №277, №26, №27 мектеп оқушылары қатынасып, нәтижесінде №277 мектеп-лицейінің  11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина (қазақ меткебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінен)  І орынды және №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек ( қазақстан тарихы пәні ) ІІ орынды жеңіп алды.
2017 жылы 31 наурыз айында  өткен Облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз » байқауының жоғары сынып оқушыларына арналған тапсырмалар бөліміне №183 орта мектептің  «Болашақ» тобы қатысып, 1 орынды жеңіп алды.
Аудандық 6-9 сынып оқушылары арасында «Астана-ЭКСПО-2017» және «Универсиада – 2017 универсиада тарихы»  атты сырттай шығарма байқауы өткізіліп, облыстық байқауға оқушыларымыз жолдама алып, жүлделі орындарды иеленді. 2017 жылы 30 қаңтар айында  аудандық «Жалпы білім беру  ұйымдарының  5-8 сынып  оқушыларына арналған «ЭКСПО-2017 – Болашақ энергиясы»  тақырыбында эссе байқауында оқушыларымыз жүлделі орындармен облыста да жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Аудандық «ЭКСПО-2017» болашақ бастауы оқушылар арасындағы шығармашылық жұмыстар көрмесі 2017 жылы 15 наурызда аудандық оқушылар үйі базасында ұйымдастырылды. Оған әрбір 5 секция бойынша өткізілген көрмеге оқушыларымыз жоғарғы көрсеткіште қатысып, жүлделі орындармен  марапатталды. Аудандық «Балалар бастауы-2017»  балалар әлеуметтік жобаларының «Болашақ энергиясы» атты республикалық ғылыми жоба байқаудың аудандық кезеңіне 12 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі атанды.
Облыстық «ЭКСПО тарихы» атты сайысқа №80 мектеп-гимназияның 10-9 сынып оқушыларынан 3 оқушы ( Қожахметов Даниел, Мұратбеков Алмат, Уразалиев Азамат) қатысып, жүлделі 3 орынды жеңіп алды.
Дарынды оқушыларды айқандау, кәсіби бағдар беру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлесуімен өткен «Абай сыйы - 2017» атты 11 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың І –ші кезең он-лайн режимінде өткізіліп, осы қашықтықтан алған жоғары баллмен №106 орта мектептің 2 оқушысы ІІ кезеңіне Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өткен олимпиадада Мұса Қаракөз І орын, қазақстан тарихы пәні бойынша жеңіп, 50 пайыз жеңілдікті осы оқу орнына сертификат, ІІ орынды Исағалиева Ақмарал ІІ орынды , 40 пайыздық  оқу орнына жеңілдікті жеңіп алды.
2017 жылы 10 ақпанда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.
Аудандық 2017 жылы 27 қаңтарда «Жаһандық әлемдегі Тәуелсіз Қазақстан: білім мен ғылымның жетістіктері» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Үштілділікке байланысты.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетітің үштілділікке байланысты жылдық жоспарына сәйкес аудандық оқушылар үйін базасында 2017 жылдың қаңтар айының 10-ы күні «Бастауыш сынып бойынша қазақша және ағылшынша бейімделген аудармаларды ұйымдастыру. «Үздік аударма» байқауы»; 20.01.2016 күні №26 мектеп базасында «Үздік ағылшын тілі пәні бірлестігі»   байқауы;
13.02.2016 жылы күні аудандық оқушылар үйі базасында «Үш тілді білу-әлемдік мәдениетті, өнерді, ғылымды білудің кілті» тақырыбында оқушылар арасында шығармалар байқауы өткізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың Қызылорда облысы бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бойынша наурыз айында жұмыстар өткізіліп жұмыстың орындалғаны жөнінде кесте толтырылып, дәлелдемелер жинақталды.

Білім жетілдіру курсы туралы

«НЗМ» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығының жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 30-ы қаңтары және  27 ақпан күніекі лек бойынша 8 мектеп директоры Астана қаласына;
«НЗМ» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы Қызылорда филиалына  2017 жылдың 30 қаңтар күні «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша 7 педагог;  
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 27.03.-31.03.2017 ж. аралығында мектеп директорының 2 оқу ісі жөніндегі және 2 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттырды.
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 30 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында №250 мектеп базасында 25 бастауыш сынып мұғалімдеріне және 20.02.-10.03.2017 ж. аралығында №30 мектеп базасында 25 бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда филилының ұйымдастырылуымен көшпелі біліктілік арттыру  курстары болып өтті.
2017 жылдың 15 қаңтарында Дүр Оңғар ауылындағы №11 балабақшада «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында апатты жағдайлар қауіпін төмендетудің тиімді жолдары» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті. Сонымен қатар Жосалы кент орталығындағы №1 санаториялық ясли-бақшасында бірінші және екінші санатқа өтетін тәрбиешілердің әдістемелік шығармашылық шеберхана отырысын өткізуді ұйымдастырылды. Наурыз айынының 31 жұлдызында Ақай ауылындағы №23 «Балдырған» ясли-бақшасында «Ұйымдастырылған оқу қызметің жаңаша ұйымдастырудын әдістемелік тәсілдері» тақырыбы бойынша облыстық әдістемелік семинар жоғары деңғейде өтілді.
Аудандағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілерінің, толық жұмыс күнімен жұмыс жасайтын шағын орталықтарының әдіскерлерінің 1 алқа кеңесі өткізілді.Оңда Қармақшы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Т.Көмекбаев     
атындағы №250 мектеп-лицей жанындағы «Балапан», №185 мектеп    
жанындағы «Ақерке» шағын орталықтарында «Білім беру   салаларына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің әдіс-тәсілдері», «Балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануы» тақырыбы  бойынша Төретам кентіндегі  №22 «Гаухартас», Ақтөбе ауылындағы №16 «Перизат» балабақшаларында атқарылып жатқан жұмыстарының барысын бақылау қорытындысы туралы қаралды.


 Аудан бойынша білім беру ұйымдарының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы 

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты  28 жалпы  білім беретін орта мектеп,1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Жаңа оқу жылындағы 13566 оқушы мектеп партасына отырды  (оның ішінде Байқоңыр қаласындағы оқушылар саны – 4772 бала) . 1836 педагог қызметкерлер білім беруде.Олардың 99-ы  (6%) жоғары санатты,714-і (39%) бірінші санатты, 440-ы (24%) екінші санатты, 583-і (32%) санатсыз мамандар.

Биылғы жылдың ерекшелігі, аудан бойынша 1-ші сыныпқа келетін 1860 оқушы жаңартылған білім мазмұны (12 жылдық білім беру жүйесі) бойынша  білім алуға көшеді. 1-сыныпқа арналған оқулықтар түгел дерлік жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін  85  педагогтың 71-і (83,5%) арнайы даярлықтан өтті. (Байқоңыр қаласы бойынша бойынша 1 сыныпқа 645 оқушы қабылданады)

Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы №275, №277 орта мектептерде  75 оқушы  бірінші сыныпта орыс тілінде Қазақстан білім беру стандартымен  оқыту енгізіледі.  Байқоңыр қаласында жаңадан 2 мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізде балабақша ашу жоспарлануда. Ол №276 бастауыш мектебінің жабылуына сәйкес сол мектептің ғимаратында және екінші балабақша  бұрынғы оқу-өндірістік комбинатының ғимаратында орналасады.

Аудан бойынша 57 (31 балабақша, 26 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 3615 бала тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығында балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2016 жылға 259 педагогты оқыту жоспарланып, 2016 жылдың 1 жарты жылдығында  211 педагог біліктілігін арттырды ( ол 81,4 %) . 

Ән-әуез, бейнелеу және технология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және дене тәрбиесі пәндері бойынша жоспарланғаны 174 педагог, оқығаны 140 педагог немесе 80,4 %. 

Байқоңыр қаласында орналасқан мектептерге физика, химия, математика, робототехника,биология, география кабинеттеріне құрал-жабдықтар  сатып алуға 116,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс жұмыстары  жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  инклюзивті оқыту енгізілген. 2009 жылдан бастап Төретам кенті №80 мектепте  мүмкіндігі шектеулі балалармен арнаулы сыныптар жұмыс жасаса, 2012 жылдан бастап №30 орта мектепте 18 оқушы инклюзивті оқумен қамтамасыз етілген. Ауданда «Қармақшы ауданының  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жұмыс жасайды. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, ЛФК маманы, сурдо-педагог мамандар жұмыс жасайды.  Жалағаш ПМПК көшпелі сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша түзету кабинеті 25 баламен жұмыс жүргізілуде. Аудан мектептеріндегі медициналық кабинеттер түгел дерлік медициналық лицензиямен қамтамасыз етілген. Бағдарламаға сәйкес мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептер үлесін дамыту мақсатында  №26, №279 мектептермен №21,№20  балабақшаларында қосымша арнайы сыныптар мен топтар ашу жоспарлануда.

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және үйге тегін жеткізумен қамтамасыз ету»   мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартына сәйкес , Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін №250 №80 №99 №269 орта мектептерден 465 бала күнделікті тасымалмен, №185 орта мектептен 17 оқушыға елді мекендерден тоқсан сайынғы тасымал ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Төретам кентіндегі №269 орта мектептің оқушы тасымалдайтын 959 СД Паз 3206-110 маркалы автобусы жарамсыз күйде.2016 жылдың 22 шілдесінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қаулысы шыққандығын және Төретам кент әкімдігі мен «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы арасындағы сақтандыру келісім шартының 2016 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін болуына байланысты аталған, «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы автобус шығынына есептеу жұмыстары жүргізіліп толық өтейтіндігін мәлімдеген.Қазіргі таңда Төретам кенті әкімдігімен бірлесіп, осы мәселені шешу қажеттілігі бар.

Оқулықпен қамтылуы: Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылына жоспарланған  90412 дана оқулықтар, оның ішінде 1 сыныптың барлық пән оқулықтары, 8 сыныптың барлық пән оқулықтары, 9 сыныптың дінтану, 4 сыныптың ағылшын пәні мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алу үшін   республикалық бюджеттен Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептері үшін  53052,0 мың теңге, Қармақшы ауданы мектептері үшін облыстық бюджеттен 11902,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен   39799,0 мың теңге барлығы 104 753 мың теңге бөлінді. Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептері үшін 29119158 теңгеге, 34758 дана оқулық 10797 дана оқу әдістемелік кешендер, көркем әдебиет, электронды оқулықтар, қармақшы ауданы үшін 44857 дана оқулық алынды. Қаралған қаржы көлемінде баспалар және оқулықтарды тасымалдау қызметіне келісім шарттар уақытылы жасалынып,  оқулықтар 20 тамызға дейін толық тасымалданып болды. Жалпы Қармақшы  және Байқоңыр қаласындағы мектептерге 90412 дана келіп оқулықпен қамту 100 пайызды құрайды.   

Оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде  ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп лицей бағытына ауыстырылды.  

Облыс әкімінің «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында  Қызылорда облысының  білім беру  жүйесінде  жоғары  сыныптарда  ағылшын тілінде  оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастырудың  2016 жылға арналған  өңірлік іс-шаралардағы  №6-тармағы бойынша  №80 мектеп-гимназия, №105 және №250 мектеп-лицейлерде  ағылшын  тілін тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы  қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Жоғары білікті мамандарға  жекелеген  курстармен ақы төлеу үшін 3 мектепке  1500 сағатқа  аталған  қаржысы  қаралып,  2016 жылдың қыркүйек айынан бастап  енгізіледі. 

Білім  бөліміне қарасты  стамотология кабинеттерімен кент орталығындағы №250, №121 және Ақай ауылындағы №99 орта мектептер  жабдықталған. Қазіргі таңда №250 мектеп-лицейіндегі стомотология кабинеті құжаттандырылып, мамандармен қамтамасыз етіліп жұмыс жасауда. Ал, №121 және №99 орта мектептердегі стомология кабинеттерінің жұмыс жасауы үшін  құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан мектептеріндегі медициналық кабинеттер түгел дерлік медициналық лицензиямен қамтамасыз етілген. 

Ағымдағы жылы 1 қыркүйектен бастап 2674 оқушы ыстық тамақпен қамтылады, оған 43898,0 мың теңге бөлініп тұр.

«Мектепке жол акцияларын» белсенді түрде өткізіп, демеушілік көмектер көрсетуді ұйымдастыруда. Акцияны  ұйымдастыру мен  өткізу туралы  білім бөлімінің  22.07.2016 жылдың №414 бұйрығы шығып, іс-шара жоспары   әзірленіп, бекітілді.  2016 жылдың 19 тамыз күні «Бақытты балалық шақ мекені»  тақырыбында аудандық акция өткізіліп тұрмысы төмен, жартылай жетім, қамқоршылықтағы отбасынан 55 баланың тізімі анықталып,  775000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оған аудандағы 43 мекеме демеушілік ретінде қатысты. Жалпы 20 тамыз аралығында 115 оқушыға 1175,0 мың теңге көлемінде көмек жасалынды.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілуі  жарияланды. 

«Қармақшы таңы» газетіне  30.07.2016 жылдың  №  59 санды  нөмерінде   «Мектепке жол»  акциясының өтілуі  мен аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік  қолдауды  қажет ететін отбасы  балаларына қолдау  жасау  хабарланды. Қамқоршылықтағы, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы  отбасы  балаларын  акцияға  қатыстыру мақсатында    тізімі жасалынды. 1-10 тамыз аралығында  240 балаға 1633,000 мың теңге көлемінде  демеушілік жасалды.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы  

Жалпы 2016 жылдың ІІ- жартыжылдығына қажетті отын қорын жасақтауға аудандық бюджеттен  91557,3 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде  сұйық отынға  81747,3 мың теңге (837 816,1 литр), қатты  отынға 9809,8 мың теңге  қаржы бөлінді.

Білім мекемелерінің сұраныстары бойынша қажетті  құралдардың қаражаттары нақтыланып, мектептердің электр қондырғылардың техникалық  ақаусыз  жағдайына  және техника  қауіпсіздігінің сақталуына сәйкес күтім жасауға 2 664,0 мың теңге, №106  мектептің жылу жүйесін жөндеу жұмыстарына 6 227,0 мың теңге, мектептердің жылу жүйесіне және бу қазандықтарға бөлшектер алуға 14951,0 мың теңге  бөлініп, қазіргі таңда заттары алынып, орнатылды. Қазіргі таңда барлық мектептердің жылу жүйесіне  ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілуде.

Аудандағы 1 апаттық мектептің (Қуаңдария ауылы) құрылысын бастау үшін 2016 жылы облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы бөлініп қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы конкурс өткізіліп, мектептің салынатын жері белгеленген.Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақшаның жылу жүйесін газдандыру мақсатында аудандық бюджеттен 6 587,18 мың теңге және облыстық бюджеттен 45 911,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қалған қаржы 179,0 млн теңге үнемделген қаржы есебінен атқарылады. Қазіргі таңда білім және Ғылым министрлігімен қаржыны жылжыту жөнінде жұмыстар атқарылуда. Жұмыстарды атқаруға тиісті конкурстар жарияланды.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына  аудандық бюджеттен 3 мектепке 13239,0 мың теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).

Екі мектептің, атап айтқанда  Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейдің және Төретам кентіндегі №85 мектептің  ағымдағы жөндеу жұмыстары  аяқталды.

Қазіргі таңда Иіркөл ауылындағы №106 мектептің бу қазандығының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмысын атқаруда.  

Ағымдағы жылдың тамыз айында "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін  11 932,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда келісім -шарт жасалынды.Жөндеу жұмыстары аяқталуда.


Қармақшы ауданы білім саласы бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар жайлы.

Қазақстандағы қазіргі саяси, әлеуметтік –экономикалық өзгерістер, мемлекет дамуындағы жаңа стратегиялық бағдарламалар білім беруге деген талаптарды түбегейлі өзгертті.  Қазір елімізде сапалы білім беруге және қол жеткізуге барлық алғышарттар жасалынған. Атап айтатын болсақ,  білім деңгейлерін қамтитын білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі жасалды.   

Қармақшы  аудандық білім бөлімі ҚР Білім туралы Заңын, ҚР-да Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, бағдарламаға негізделген іс-шараларды жүзеге асыруда жұмыстар атқарып келеді.  Аудан бойынша 27 жалпы орта білім беретін мектеп,1 орталау мектеп, 1 бастауыш, 3 мектептен тыс және 53 мектепке дейінгі  білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Ауданда 13465 оқушы білім алады.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында  1836 мұғалім жұмыс жасайды, оның ішінде 99 жоғары, 714  бірінші санатты, 440 мұғалім екінші санатты мұғалімдер, 584 санатсыз мұғалім. Олардың 1671  жоғары білімді,     165 арнаулы орта білімді мұғалімдер.

Биылғы жылдың ерекшелігі: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы  2014 жыл 23 желтоқсандағы Мәскеу қаласында өткізілген келісімге сәйкес   Байқоңыр қаласының 5 орта,  1 бастауыш мектебі мен 1 мектепке дейінгі балабақша 2015-2016 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының Білім стандартымен білім алуда.

Бүгінгі таңда ауданда 27  балабақша және 26 шағын орталықта 3330 бүлдіршін тәрбиеленуде.  Ақай  аулында 280 орынды балабақша ашылды.  Төретам кентінен 60 орындық 1 жекеменшік, Жосалы кентінен  340 орындық жекеменшік  балабақша ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызы балабақшамен қамтылып отыр.  

Ыстық тамак. Аудандағы 29 мектепте 2015-2016 оқу жылында әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан 2125 оқушыға  бір мезгіл ыстық тамақ берілуде және аудандағы 1-2 сыныпта оқитын 2018  оқушы мен Байқоңыр қаласының орталығында орналасқан 6 мектептін 1-4 бастауыш сыныптарында оқитын 2097 оқушы  яғни 100%  пайызы  барлығы  5695 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Қармақшы ауданы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны бүгінгі күні 60, оның ішінде тұл жетім бала саны 25, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала саны 35  және 3 баланы патронаттық тәрбилеуге 3 тәрбиеші бекітілген.

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және үйге тегін жеткізумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартына сәйкес Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін №250 №80 №99 №269 орта мектептерден 465 бала күнделікті тасымалмен, №185 орта мектептен 22 оқушыға елді мекендерден тоқсан сайынғы тасымал ұйымдастырылған.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында жүргізілетін  2015 жылы жұмыстың  іс-шарасы жасалып, жұмыстар жүргізілуде. 29 мектепте қазіргі уақытта 38 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 29 тәлімгер, 48 психолог маман жұмыстар атқаруда.  Тәрбие  - үздіксіз жүргізілетін процесс екенін ескерсек,   тәрбие   бойынша 8 семинар, 9 айлық, 10 акция, 3 рет АІІБ- нің қызметкерлерімен кездесу, тоқсан сайын мектепішілік ата- аналар жиналысы, 3 емхана қызметкерлерімен кездесу, 21 тәрбиелік кештер,   10 апталық, 7 кездесулер ұйымдастырылды.  

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  инклюзивті оқыту енгізілген. 2009 жылдан бастап Төретам кенті №80 мектепте  мүмкіндігі шектеулі балалармен арнаулы  топтарға тартылған 47 оқушымен жұмыс жасаса, 2012 жылдан бастап №30 орта мектепте 3 сыныптағы 13 оқушымен, Байқоңыр қаласында орналасқан №272 орта мектепте 1 сыныпта 11, №275 орта мектепте 1 сыныпта 7 оқушылар инклюзивті оқумен қамтамасыз етілген. Ауданда «Қармақшы ауданының  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жұмыс жасайды. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, ЛФК маманы, сурдо-педагог мамандар жұмыс жасайды.  Жалағаш ПМПК көшпелі сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша түзету кабинеті 27 баламен жұмыс жүргізілуде. Аудан мектептеріндегі медициналық кабинеттер түгел дерлік медициналық лицензиямен қамтамасыз етілген.  

Деңгейлік бағдарлама бойынша  педагог қызметкерлердің  біліктілік арттыру  курсынан өтуі : «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы  Астана қаласынан басшылық қызмет бойынша  2015 жылы  3, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы   Қызылорда  қаласынан мұғалімдер бойынша   2015 жылы І деңгейден 7, ІІ деңгейден 2, ІІІ деңгейден 14, барлығы 23 қызметкер білімін жетілдірді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ІІІ базалық деңгейге  23,   Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтынан ІІ деңгей бойынша 3,  барлығы  26 қызметкер білімін жетілдірді.

Биылғы 2015-2016 оқу жылында  295 қызметкердің білімін жетілдіру жоспарланып отыр.  2015 жылдың қаңтар айынан бері  121 білім қызметкеріне білімін жетілдіруге республикалық және облыстық көлемінде сұраныс келгенімен де, бюджеттік қаржының тапшылығынан 14 мұғалім ғана жоспарға сай білімін жетілдірді. Ал 107 мұғалім бюджеттік қаржының жоқтығынан білім жетілдіру курсына бара алмады. Жалпы деңгейлік және қысқа мерзімді білім жетілдіру курсынан 2015 жылы барлығы 82 мұғалім білімін жетілдірді.

Аудандағы 29 мектеп  857 компьютермен қамтылған, 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді. Мультимедия және лингафон кабинет саны – 33.  Аудан мектептері жаңа модификациялық 9 биология, 6 физика, 9 химия, 196 интерактивті тақта және проектормен қамтамасыз етілген. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған, оның ішінде 17-і кең жолақты интернет желісіне қосылған.

Ауданда 22 мектептің 427 бітірушісінің 265-і ҰБТ-ге қатысты.  Ауданның орташа баллы 83,1 болды.  Аудан бойынша мемлекеттік грант саны 131. 8 бітіруші «Алтын белгі», 2 бітіруші «Үздік аттестат» қорғады. Биылғы оқу жылының қорытындысында ауданның №250 мектеп-лицейінің   1  оқушысы Ресей Федерациясының Москва ұлттық технологиялық  зерттеу университетінің мемлекеттік грантына жоғарғы оқу орнына түсті.  

Ауданда жалпы кітап қоры – 455774, оның ішінде мектеп оқулығы 318335, көркем әдебиет 134787, электронды оқулықтар 2652. Оқырмандар саны – 15177. Қордың өсуі – 123749, қазақ тіліндегі кітаптар – 318164. 

2015 жылы №183 орта мектептің психологы   облыстық байқаудан жүлделі ІІІ орын, аудандық оқушылар үйінің «Жайдарлы жас ұлан» үйірмесінің   оқушылары облыстық «Жайдарлы жас ұлан» КВН сайысынан І орын алды. 2015 жылдың қорытындысымен бірқатар білім беру ұйымдары үздіктер қатарынан шықты. Олар: ҰБТ-де алдыңғы қатардан көрініп 83 пайыздан аса нәтиже берген №109, №250 мектеп-лицей,№275, №277, №28, №26, №108, №185, №274, №30, №273, №85 орта мектептерге «Үздік нәтиже-2015» номинациясы,  Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназия «Үздік шығармашылық ұжым-2015», С.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектеп ұжымы «Білікті өнер ордасы», №21 «Тоғжан» ясли-бақша ұжымы «Бала жанының бағбаны-2015» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар аудан бойынша 2015 жылдың қорытындысымен №29 орта мектептің директоры З.Тасымова «Жыл ұстазы-2015»  және облыс бойынша жылдың қорытындысымен №109 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Әбдірасылова  «Жыл ұстазы-2015» номинациясымен марапатталса, білім саласы қызметкерлерінің  жылдық қорытыныдысы бойынша №29 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі М.Нұрманова «Білім негізін қалаушы-2015», №106 орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі Г.Нұрмаханова «Үздік ғылыми жетекші-2015», №269 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Шыңғысова «Үздік тәрбие ісінің ұйымдастырушысы-2015»,  №105 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Таширова «Үздік пән мұғалімі-2015» номинациясымен марапатталды.

 Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ұйымдастырылған облыстық ғылыми жобадан ауданнан 2 оқушы /№99-8 сынып, №79–9 сынып/ қатысып, жүлделі ІІ және ІІІ орындармен марапатталды.   Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Алматы қаласында 6-7 маусым аралығында Республикалық ғылыми жоба конкурсына №27 орта мектептің 4,7,8,9 сынып  оқушыларынан 5 оқушы қатысып, жүлделі І,ІІ орындарды иеленді. Облыстық сурет конкурсында ауданнан  3 оқушы қатысып, ІІ-ІІІ орындарды алды.         

«PISA,TIMSS-2015» Халықаралық зерттеу бағдарламасы бойынша №30 және №106, №107 мектептер қатысты.


Қармақшы ауданы білім беру жүйесінің 2014 жылы бойынша  мәлімет

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы
Ауданда 49 білім ұйымдары жұмыс жасайды.Олардың 22 орта, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс (оқушылар үйі,әуез мектебі,кешкі мектеп) және 24  мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері бар.
Жалпы аудан бойынша 22 орта, 1 орталау мектепте   8792 оқушы   білім алуда.  
Биылғы оқу жылында 1359 мұғалім бар. 1200 мұғалім жоғары білімді, 36 аяқталмаған жоғары білімді,123-і арнаулы орта білімді мамандар. Педагог қызметкерлердің жоғары санаттысы-76,  І-санаттысы– 505.   Бұл педагогтардың жалпы санында жоғары және бірінші санаттары бар педагог қызметкерлердің 42,8 пайыздық үлесін құрайды.
Қармақшы  ауданы  бойынша ұлттық  бірыңғай тестілеудің екі орталығы бар. Жосалы кенті №250 мектеп-лицейінде  орналасқан  ҰТО-ның №73 филиалы және Ақай ауылы №99 орта мектепте орналасқан №155 филиалы. Жылма-жыл мектеп бітірушілер осы филиалдар арқылы ҰБТ тапсырады 2013жылы бітіруші 510 оқушының өтініш берген 300 бітірушінің  6  өз өтініштері бойынша  қалыс қалса, 294 (57,6%)  бітіруші өз білім деңгейлерін көрсетті. Аудан мектептеріндегі ҰБТ-ге қатысушы түлектердің орташа балдық көрсеткіші-75,64 болды. Мектеп бітірушілер ішінен  негізгі және орта мектепті үздікке аяқтаған 13 бітіруші (26-2, №250-8, №107-1, №183-2) «Алтын белгіге», 2 бітіруші (№26-1, №250-1) «Үздік аттестатқа» үміткер болып ұсынылып, 7 бітіруші алтын белгі иегері, үш бітіруші үздік аттестат иегері атанды.
2012-2013 оқу жылында мектеп бітіруші 510 түлектің  қазіргі таңда 62-і  жұмысқа  орналасып, жоғарғы оқу орнына 209 оқушы, грантқа 87 оқушы және облыс әкімінің 14 грантын жеңіп алды.     
2013-2014 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны-543, оның жоғарғы оқу орнына 336 оқушы тапсыруды жоспарлап отыр.
Желтоқсан айында екі рет байқау сынағы тапсырылды. 15 желтоқсанға дейінгі байқау сынақ қорытындысына 453 мектеп бітірушінің 362-і қатысты. Орташа баллдық көрсеткіш-66,9 болды. Математика пәнінен-9,7; қазақ тілінен-17,0; орыс тілінен-12,0; қазақстан тарихынан-14,8; биологиядан-14,5; физикадан-10,5; географиядан-17,2; химиядан-12,4; әдебиеттен-15,5;  дүние жүзі тарихы-12,1;  ағылшын тілі-8,1 балл болып қорытындылады.
Жалпы Аудан бойынша қазіргі таңда 29 үміткер алтын белгіге (№26-2, №27-1, №30-4, №105-2, №121-1, №250-10, №107-1, №108-1, №28-2, №185-1, №186-1, №80-1, №99-1, №113-1), 7 үміткер үздік аттестатқа (№250-2 №186-1 №28-1 №183-1 №111-2) ұсынылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту:
2013 жылы 24 балабақша болып, онда 1884 бала тәрбиеленсе, оның 2-санаториялық ясли-бақшада 190 бала, 19-і мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорында 1524 бала, 3 жекеменшік балабақшада 170 бала тәрбиеленді. Сонымен қатар 16 шағын орталықтарға 573 бала тартылып, олардың 1-і толық күнімен жұмыс жасайтын шағын орталықта 75 бала, 15 мектептегі 21 топта толық емес жұмыс күнімен жұмыс жасайтын шағын орталыққа 498 бала қамтылған. Барлығы аудан бойынша 2457 бала тәрбиленіп, яғни мектепке дейінгі тәрбиемен 3-6 жастағы балалардың 84,1% қамытылып отыр.
«Балапан» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ 2011 жылданбастап Жосалы кент орталығындағы ЖШС «Сардарбек» балабақшасы ашылып ондағы  3 топқа 60 бала қабылданды, №21 «Тоғжан» ясли-балабақшасына 5 топқа 122 бала, №250 мектеп-лицейінен толық күнімен жұмыс жасайтын шағын орталыққа 3 топқа 75 бала, Ақай ауылындағы №19 «Балдаурен» балабақшасына 3 топқа 75 бала қабылданса 2013 жылы жаңадан салынған  Ақай ауылындағы 60 орындық жекеменшік «Бота» ясли-балабақшасы, Төретам кентінен бір жекеменшік 50 орындық  «Наурыз» балабақшасы бүгінде ашылып жұмыс жасалуда.
2014жылы  осы   бағдарлама  аясында  қосымша  жұмыс  атқарып  отырған  балабақшалардан  және  шағын  орталықтан  қосымша топтар ашылып оған 125 бала қабылданса, жаңадан ашылған Қызылтам станциясындағы №79 мектептен 1 топ 20 бала, Көмекбаев ауылындағы №185 мектептен 2 топ 50 бала, Төретам кентіндегі №269 мектептен 2 топқа 50 бала қабылданып жыл аяғында  аудандағы 3-6 жас аралығындағы  балалардың 93,2 % қамытылады деген жоспар бар.
Бүлдіршіндерді оқыту мен тәрбиелеу  ісімен мектепке дейінгі мекемелерде және шағын орталықтарда2013 жылы 305 педагог қызметкерлер жұмыс жасайды. Олардың 160-і ( 52,4%) жоғары білімді, 42-і ( 13,8%) аяқталмаған жоғары, 101-і ( 33,1%) арнаулы орта білімді және жоғары санатты -1 (0,3%), І санатты -70 (22,9%), ІІ санатты -110 (36,0%), санатсыз 124 (40,6%). Барлық балабақшадағы әдіскерлер мен психологтар, тәрбиешілер, әуез жетекшілері арнайы мамандық иелері.    
Техникалық және кәсіби біліммен 14-24 жастағы жастарды қамту үлесі:
2013-2014 оқу жылында 9-сынып оқушылары бойынша 893 оқушы аяқтап, 346 оқушы арнаулы оқу орнына, ал бітіруші 11-сынып оқушыларынынң 336-ы ЖОО-на, 96 оқушы арнаулы оқу орнына тапсыруды жоспарлап отыр. Техникалық білімге 223 оқушы тапсырады.
Білім сапасын  арттыру бойынша: Педагогтардың жалпы санында жоғары және бірінші санаттары бар жоғары білікті педагог қызметкерлер үлесі:
Білім сапасын арттыру бойынша  Қармақшы ауданы бойынша жалпы педагогтар саны 1359. Оның ішінде жоғары санатты 76 мұғалім, І санаттылар 505 мұғалім болды. Бұл педагогтардың жалпы санында  жоғары және  бірінші санаттары  бар педагог қызметкерлердің 42,8 пайызын құрайды. 2013-2014 оқу жылында жоғарғы санатты растауға  13, өтуге 15, жалпы 28 педагог өтініш білдірді. І санатты растауға 55 педагог  өтуге 86, жалпы 141 педагог қызметкерлер, ІІ санатты растауға  27 педагог өтуге 110 педагог қызметкер,барлығы 137 педагог өтініш берді. Жалпы педагог қызметкерлері растауға 95 өтуге 211 педагог барлығы 306 педагог қызметкерлер өтініш беріп отыр. «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» ережесіне сәйкес 1 кезеңі болып табылатын біліктілік тестілеуіне үстіміздегі жылдың 20-21 қараша аралығында барлығы 63 білім беру ұйымдарының  педагог қызметкерлері қатыстырылды.
1 тестілеу кезеңінде 10 педагог қызметкер түрлі себептерге байланысты өз өтініштеріне сәйкес қатыспады. 53 педагог қызметкер  тестілеудің  1 кезеңіне қатысып оның 6-ы тестілеудің бірінші кезеңінен өтті.Қалған педагог қызметкерлер қайта тест тапсыруға  жіберілді.  Қайта тест тапсыру кезеңі 19-21 желтоқсан аралығында өткізілуіне байланысты  базаға енгізілді.
Оқулық жағдайы:
Аудан мектеп оқушыларына мектеп оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жылма - жыл 4 жылғы ауысыммен кезекпен –кезек толықтырып отырылады. 2012-2013 оқу жылында жергілікті бюджеттен бөлінген 13 475,0 теңгеге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы №12 Бұйрығына сәйкес 1-7-8 сыныптарға мектеп оқулықтары алынды.
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі  №146 бұйрығына сәйкес Жергілікті бюджеттен бөлінген 17 122 ,0 мың теңгеге   2, 9 сыныптарға және 1 сыныпқа ағылшын, 5 сыныпқа информатика пәні оқулығы алынды. Оқулықпен қамту 2013-2014 оқу жылында 96 пайыз.
1 сыныптан ағылшын тілін оқыту туралы:
Жалпы білім беретін мектептердегі 1 сыныптан бастап ағылшын тілі енгізілді.  Аудандағы  6731 оқушы ағылшын тілін оқиды.
Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша  білім беру бағдарламасын табысты игерген (өте жақсы, жақсы) оқушылар үлесі:
Орта білім берудің жалпыға міндетті стандартына сәйкес 8792 оқушының барлығы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламасын табысты игеруде. 12 жылдыққа көшу бағдарламасына сәйкес 10-11 сыныптарда бағдарлы оқыту жүзеге асырылуда. 10-сыныпта 489 оқушы, 11-сыныптағы 453 бітірушінің жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім алуда. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламасын (өте жақсы, жақсы) оқушылардың  4936-ы өте жақсы және жақсы үлгеріммен аяқтады. Ол білім сапасының  55,2 пайыз үлесін құрайды.
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының олардың жалпы санындағы үлесі:
Соңғы жылдары бүкіл әлемде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үрдісі қарқынды дамуда. Әртүрлі санаттағы ақыл-ойы мен физиологиялық дамуы тежелген балалар үшін арнайы топтар мен сыныптар ашылуда. Біздің елімізде психикалық дамуы тежелген балаларға арналған оқу – тәрбие түрі  инклюзивті оқыту жүйесі енгізілуде. Осы негізде Төретем кенті №80 мектеп – гимназия ішінен Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңын Қазақстан Республикасының арнаулы (инклюзивті ) білім беруді ұйымдастыру іс-әрекеті туралы» ережелеріне сәйкес   2008- 2009 оқу жылынан бастап қармақшы ауданы Төретам кенті №80 орта мектеп базасында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған  арнайы түзету сыныптары ашылды.
Жосалы кент орталығындағы №30 орта мектепте 2013-2014 оқу жылында 16 оқушымен инклюзивті білім беру оқытылуда. Психолог, дефектолог-логопед маманы жұмыс жасайды.Білім беру жүйесінің кадрлар біліктілігін арттыратын Республикалық институттан 4 мұғалім  «олигофренопедагог» мамандығы бойынша біліктілігін көтерсе, түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында   3 мұғалім «Психикалық дамуы тежелген балаларды жалпы білім беретін мектептері жағдайында түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру»  тақырыбында, 2012   жылы 1 мұғалім Қызылорда қаласында психология-педагогикалық түзету, инклюзивті білім беру кабинет мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсынан  өтті.
Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында инклюзитивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының олардың жалпы санындағы үлесі 4,5 пайызды құрайды.
Сапалы және теңгерімді ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, тұрмыс төмен отбасы балаларының олардың жалпы санындағы үлесі:
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысы және аталған қаулыға өзгерістер енгізу туралы 22.02.2012 жылғы №255 қаулысына сәйкес Қармақшы ауданы бойынша биылғы оқу жылында ыстық тамаққа аудандық бюджеттен  67 807,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан  1330 балаға 100 пайыз және  1 сыныптың 1000  оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз  етілген. 2014 жылдан бастап екінші сыныптың 853 оқушысы ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру мен өткізу:
Қармақшы  ауданы  бойынша  оқушылардың қала сыртындағы «Жас-Өркен» тыңығу лагері 2006 жылы Сырдария өзенінің мөлшерден тыс су көтерілу салдарынан лагерь төңірегіндегі ғимараттар түгелдей су тасқынынан жарамсыз күйге жетті. Самара-Ташкент трасса бойында ауданнан 7-8 шақырым жерде орналасқан Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне қарасты жеріне лагерь салынуға жер белгіленді. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуір №873 санды қаулысы шығарылып «Жас өркен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тынығу лагері үшін 5,0 (бес) гектар жер учаскесіне тұрақты жер пайдалануға жер белгіленді. 2013 жылы «Жас өркен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын тынығу лагерінің аты-Жосалы кентінен 150 орынды қысқы-жазғы мезгілдерінде балалар демалатын лагерь болып өзгертілді. Қазіргі таңда жеңімпаз анықталып (ЖШС «Крез-Сервис») 150 орынды лагердің жоба-сметалық құжаты дайындалуда. Қармақшы ауданы бойынша 2013 жылы 2011-2015 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 86-ө Өкімін басшылыққа ала отырып,  2013 жылы жазғы кезеңіндегі балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы аудандық білім бөлімінің 9.04.2013 жылы №127 бұйрығы шығарылып, іс шарасы таратылып,  білім беру ұйымдарының басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылды.  Биылғы оқу жылында  Жазғы маусымда оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Биылғы оқу жылында 80 пайызға дем алдырамыз деп жоспарлануда.
Іске қосылған білім беру ұйымдары.
Білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу және материалды-техникалық базасын нығайту шаралары:
Ақай ауылында 60 орындық, Төретам кентінде 50 орындық жеке балабақша ашылды. Сонымен қатар «Балапан» бағдарламасы аясында жаңа №269 мектептен толық күнімен жұмыс жасайтын шағын орталыққа 2 топқа 50 бала,Қызылтам станциясындағы №79 мектептен 1 топқа 20 бала, №185 мектептен 2 топқа 50, қосымша жұмыс істеп тұрған Ақай ауылындағы №19 «Балдаурен» балабақшасынан 2 топ 50 бала, Жосалы кент орталығындағы №21 «Тоғжан» ясли-бақшасынан 1 топ 25 бала, «Балапан» шағын орталыққа 2 топ 50 бала қабылданды.  Биылғы жылы Төретам кентінде 280 орындық балабақшаның құрылысы жүріп жатыр.