Бастапқы бет » Қоғам » Білім » ҰБТ

2016-2017 оқу жылының ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

Биылғы оқу жылын аяқтаудың жаңа форматына сәйкес ЖОО-на түсу үшін мектеп бітірушілер ҰБТ тапсырды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы ауданда 20-21 маусым аралығында 2 тестілеу пунктінде өткізіліп, оған 491 бітіруші қатысты, бұл барлық мектеп бітірушілердің 78,69 пайызы.
Қатысқан оқушылардың жалпы орташа баллдық көрсеткіші – 82,00 болды. Қатысқан 28 мектептің 16-сы (№183, 279,106, 28, 105,27, 109, 113, 277, 199, 85, 111, 185, 80, 26, 250) ауданның орташа баллдық көрсеткішінен жоғары болса,12 мектеп ауданның орташа көрсеткішінен төмен орналасты. Ең жоғары 101,38 балл жинаған № 183 орта мектеп бітірушілері.
"Алтын белгіге" ұсынылған 38 оқушының 31-і 100- ден жоғары балл жинаса, үздік аттестатқа ұсынылған 18 бітірушінің 14-і 100 ден жоғары балл жинады. № 250 мектеп-лицей түлегі, "Алтын белгі" иегері Отарбай Дәурен облыс бойынша ең жоғарғы 136 балл жинады.
Тестілеу қорытындысы бойынша 491 бітірушілердің ішінде 316 (64,36%) талапкер жоғары оқу орнына мемлекеттік білім грантын иелену үшін конкурсқа қатыса алады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде оқыс оқиға, ереже талаптарының бұзылу деректері орын алған жоқ.


2015-2016 оқу жылыныңы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

Білім алушылардың білім сапасын бағалау ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нысанындағы тәуелсіз сырттай бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2015-2016 оқу жылында 594 оқушы мектеп бітірді.
Олардың 454-і (76,4%) ҰБТ-ге өтініш берді. (412-қазақ, 42-орыс сыныбы. Ақай ауылындағы орналасқан №73 филиалға 249 оқушы өтініш берсе, №155 филиалға 205 бітіруші өтініш берді.
Байқоңыр қаласындағы Қазақстан стандартымен білім алушы алты қазақ мектептеріндегі 209 бітірушіден 161-і (77,0%) , Қармақшы мектептеріндегі 385 бітірушіден 249-ы (64,7%) қатысуға өтініш берді.
Жалпы ауданның қатысу көрсеткіші-76,4 пайыз.
Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау мақсатында филиал базаларында жыл басынан бері үш рет жалпы байқау сынағы ұйымдастырылды. 11 сынып оқушылары үшін облыстық, аудандық деңгейдегі ұйымдастырылған онлайн режиміндегі жоғары санатты, тәжірибелі ұстаздардың үлгілі сабақтарына тартылды.
Бітірушілер ішінен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасының 100 оқушысына жергілікті бюджеттен ақпан - мамыр айларында аптасына 1 реттен тест тапсыру үшін тегін байқау кітапшаларына қаржы бөлінді.
Жанакорган ауданында орналасқан Талдысу тынығу лагеріндегі «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру» орталығындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындыққа 100 оқушыға 1 млн 656 мың тг қаржы бөлініп 13-23 наурыз аралығында барып қатысып қайтты.
ҰБТ Ережесіне сәйкес 50 шақырымнан жоғары қашықтықтан келетін 45 (№28,29,111,185,186) және 50 шақырымға дейінгі (№106,107,108,109,199,113) қашықтықтан келетін 53 бітірушіге 2 және 4 мезгіл тамақтану, тасымалдау және жатын орны үшін жергілікті бюджеттен 636,0 мың тг қаржы бөлінді.
Келіп қонатын оқушылар үшін Қармақшы «КZ-МВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қонақ үйі, тамақтану үшін «Парыз» ЖШС-мен «Үміт» мейрамханасы, оқушыларды тасымалдау үшін ЖК «Б.Қалжанова» жеңімпаз деп танылды.
2015-2016 оқу жылында 594 оқушының ҰБТ-ға 454-і қатысып, орташа баллдық көрсеткіші – 83,01.
ҰБТ көрсеткішімен «Алтын белгі» иегеріне 19 оқушы атанса, «Үздік аттестатқа» 27 оқушы иеленді.


Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы 2015 жыл

Ауданда 427 бітірушінің 265-і ҰБТ-ге қатысты.  Ауданның орташа баллы 83,1 құрап, облыста 2- орынға ие болды. 8 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестат» қорғалды. Биылғы оқу жылының қорытындысында ауданның №250   мектеп-лицейдің 7 оқушысы және №80 мектеп-гимназияның 1 оқушысы жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік  грантын жеңіп алды. Оның ішінде №250 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Қ.Жанұзақов Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің «Санк-Петербург өсімдік полимерлеу мемлекеттік технологиялық университетінің», 6 оқушысы /С.Қыстауов, Н.Сақтапбергенов, Н.Шауханбай, З.Мұратбекова, Е.Қоянбеков,  Қ.Жанұзақов/ Ресей Федерациясының Москва ұлттық технологиялық  зерттеу университетінің мемлекеттік грантына жоғарғы оқу орнына түссе, №80 мектеп-гимназиядан 11 сынып оқушысы Д.Төлегенов Республикалық «Ақберен» байқауының нәтижесімен Халықаралық А.Яссауи оқу орынының мемлекеттік грантын жеңіп алды.   


Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы  2014 жыл

Ауданда 49 білім ұйымдары жұмыс жасайды.Олардың 22 орта, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс (оқушылар үйі,әуез мектебі,кешкі мектеп) және 24  мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері бар.
Жалпы аудан бойынша 22 орта, 1 орталау мектепте   8792 оқушы   білім алуда.  
Биылғы оқу жылында 1359 мұғалім бар. 1200 мұғалім жоғары білімді, 36 аяқталмаған жоғары білімді,123-і арнаулы орта білімді мамандар. Педагог қызметкерлердің жоғары санаттысы-76,  І-санаттысы– 505.   Бұл педагогтардың жалпы санында жоғары және бірінші санаттары бар педагог қызметкерлердің 42,8 пайыздық үлесін құрайды.
Қармақшы  ауданы  бойынша ұлттық  бірыңғай тестілеудің екі орталығы бар. Жосалы кенті №250 мектеп-лицейінде  орналасқан  ҰТО-ның №73 филиалы және Ақай ауылы №99 орта мектепте орналасқан №155 филиалы. Жылма-жыл мектеп бітірушілер осы филиалдар арқылы ҰБТ тапсырады 2013жылы бітіруші 510 оқушының өтініш берген 300 бітірушінің  6  өз өтініштері бойынша  қалыс қалса, 294 (57,6%)  бітіруші өз білім деңгейлерін көрсетті. Аудан мектептеріндегі ҰБТ-ге қатысушы түлектердің орташа балдық көрсеткіші-75,64 болды. Мектеп бітірушілер ішінен  негізгі және орта мектепті үздікке аяқтаған 13 бітіруші (26-2, №250-8, №107-1, №183-2) «Алтын белгіге», 2 бітіруші (№26-1, №250-1) «Үздік аттестатқа» үміткер болып ұсынылып, 7 бітіруші алтын белгі иегері, үш бітіруші үздік аттестат иегері атанды.
2012-2013 оқу жылында мектеп бітіруші 510 түлектің  қазіргі таңда 62-і  жұмысқа  орналасып, жоғарғы оқу орнына 209 оқушы, грантқа 87 оқушы және облыс әкімінің 14 грантын жеңіп алды.     
2013-2014 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны-543, оның жоғарғы оқу орнына 336 оқушы тапсыруды жоспарлап отыр.
Желтоқсан айында екі рет байқау сынағы тапсырылды. 15 желтоқсанға дейінгі байқау сынақ қорытындысына 453 мектеп бітірушінің 362-і қатысты. Орташа баллдық көрсеткіш-66,9 болды. Математика пәнінен-9,7; қазақ тілінен-17,0; орыс тілінен-12,0; қазақстан тарихынан-14,8; биологиядан-14,5; физикадан-10,5; географиядан-17,2; химиядан-12,4; әдебиеттен-15,5;  дүние жүзі тарихы-12,1;  ағылшын тілі-8,1 балл болып қорытындылады.
Жалпы Аудан бойынша қазіргі таңда 29 үміткер алтын белгіге (№26-2, №27-1, №30-4, №105-2, №121-1, №250-10, №107-1, №108-1, №28-2, №185-1, №186-1, №80-1, №99-1, №113-1), 7 үміткер үздік аттестатқа (№250-2 №186-1 №28-1 №183-1 №111-2) ұсынылуда.