Бастапқы бет » Қоғам » Жұмыспен қамту

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша:
Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 9 айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 2742 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 1090 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрайды.
2017 жылдың 9 айында 656 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 13 мүгедек, 7 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 246 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2017 жылы 750 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 770 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 473 тұрақты жұмыс орны, 297 уақытша жұмыс орны. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 9 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-87, бос жұмыс орындар саны-127.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың ІІ жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 25.3 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 2 тоқсанында халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 1148 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 1111 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрайды.
2017 жылдың 2 тоқсанында 416 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 11 мүгедек, 5 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 211 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2017 жылы 759 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 432 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 327 тұрақты жұмыс орны, 105 уақытша жұмыс орны. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 8 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-77, бос жұмыс орындар саны-110.
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2017 жылдың 2 тоқсанында тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-24,6% құрап отыр. 2017 жылдың 2 тоқсанында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны-65 адам, жұмысқа орналасқаны-11 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-34 адам, жұмысқа орналасқандар-5 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 1 тоқсанында халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 1130 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 711 адам, жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрайды.
2017 жылдың 1 тоқсанында 241 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3 мүгедек, 3 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 146 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде.
Аудан бойынша 2017 жылы 750 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 2 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-18, бос жұмыс орындар саны-22, жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне -251 (98,0%), жұмысқа орналасқандар-241 адам (21,4 %).
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2017 жылдың 1 тоқсанында тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-17,6% құрап отыр. 2017 жылдың 1 тоқсанында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны-19 адам, жұмысқа орналасқаны-3 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-15адам, жұмысқа орналасқандар-3 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2016 жылы халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 3823 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 130 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайызды құрайды.
2016 жылы 1537 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 41 мүгедек, 14 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 757 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2016 жылы 742 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жыл көлемінде жаңа жұмыс орындары 897, оның ішінде тұрақты орны-789 (106,3%), уақытша жұмыс орындары-108 орын, Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 12 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-132, бос жұмыс орындар саны-255, жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне -251 (98,0%) Жұмыссыз ретінде хабарласқандар саны-3823 адам, жұмысқа орналасқандар-1537 адам (40,2 %).
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2016жылы тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-47,7% құрап отыр. 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны-81 адам, жұмысқа орналасқаны-41 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-49адам, жұмысқа орналасқандар-21 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар

2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 2584 адам. Қазіргі таңда есепте тұрған жұмыссыздар саны 872 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 3,5 пайызды құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға көбейіп отыр. Жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады.Жалдамалы  жұмысшылар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендеген. Ауданда жалдамалы жұмысшылар санының төмендеу себебі, биылғы жылы ауданның ірі мекемесі «Жосалы жол дистанциясы» мекемесі жабылып, Қазалы ауданына қосылды. Сонымен бірге «ППС Ойл трэйд» ЖШС өз жұмысын тоқтатты.Байқоңыр қаласында жұмыс орындары қысқартылуда. Ауданда  6 рет «Бос  жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 62 азамат жұмыспен қамтылды.