Бастапқы бет » Қоғам » Дін

 Дін саласында 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың ІІІ-тоқсанына діни ахуал тұрақтылығы сақталып отырды. Аудан көлемінде дін мәселелеріне қатысты акция, шерулер, ереуілдер, толқулар немесе басқа да шаралар орын алған жоқ.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІV Заңына сәйкес аудан бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 14 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік Әділет органдарында алғашқы және қайта тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда.
Аудандағы мешіттерге апта сайын «Жұма намаздарға» жалпы 800-дей адам тұрақты түрде қатысса, оның ішінде Жосалы кентіндегі «Қармақшы ата» мешітіне апта сайын 200-250 адам қатысады, ал Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешітіне 300-350, ауылдардағы мешіттерге орташа есеппен 20-30 адамнан барады.
2017 жылдың қаңтар айында аудан әкімдігі жанынан діни ақпараттық-насихаттық топ қайта жаңартылып, топ құрамына ауданға белгілі ардагерлер, белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар, жас спортшылар және мекеме басшылары енгізіліп, бекітілген жұмыс жоспары мен елді-мекендерге шығу кестесіне сәйкес, есепті мерзім аралығында ауданға қарасты елді-мекендерде 42 кездесу, 14 дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Қармақшы ауданында дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылардың өсу динамикасын болдырмау, оларды дәстүрлі дінге бейімдеу үшін білікті мамандарды тарта отырып, олармен арнайы кездесулер өткізуге «Діни экстремизм, радикализм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру» әлеуметтік жобасына 2017 жылы аудандық бюджеттен 1 млн 400 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес «Ер Сейтпенбет» қоғамдық қоры (665 мың теңге) жеңімпаз болып танылған.
Жоба аясында 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 13 кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық ақпараттық түсіру тобының мүшелері аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жастар жетекшілері, ішкі саясат бөлімінің жауапты қызметкерлері, дін өкілдері, дінтанушы теологтар қатысып, тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға тиісті деңгейде жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 2 дөңгелек үстел, 10 адрестік кездесу ұйымдастырылды.


 Дін саласында 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың ІІ-тоқсанына діни ахуал тұрақтылығы сақталып отыр. Аудан көлемінде дін мәселелеріне қатысты акция, шерулер, ереуілдер, толқулар немесе басқа да шаралар орын алған жоқ.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІV Заңына сәйкес аудан бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 14 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік Әділет органдарында алғашқы және қайта тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда.
Аудандағы мешіттерге апта сайын «Жұма намаздарға» жалпы 800-дей адам тұрақты түрде қатысса, оның ішінде Жосалы кентіндегі «Қармақшы ата» мешітіне апта сайын 200-250 адам қатысады, ал Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешітіне 300-350, ауылдардағы мешіттерге орташа есеппен 20-30 адамнан барады.
2017 жылдың қаңтар айында аудан әкімдігі жанынан діни ақпараттық-насихаттық топ қайта жаңартылып, топ құрамына ауданға белгілі ардагерлер, белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар, жас спортшылар және мекеме басшылары енгізіліп, бекітілген жұмыс жоспары мен елді-мекендерге шығу кестесіне сәйкес, есепті мерзім аралығында ауданға қарасты елді-мекендерде 15 кездесу, 2 дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Сонымен қатар, аудандағы дәстүрлі емес діни ағымдарын ұстанушылардың өсу динамикасын болдырмау, оларды дәстүрлі дінге бейімдеу үшін білікті мамандарды тарта отырып, олармен арнайы кездесулер өткізуге «Діни экстремизм, радикализм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру» әлеуметтік жобасына 2017 жылға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Алдағы уақытта бұл жоба жүзеге асырылатын болады.


 Дін саласында 2017 жылдың І тоқсан қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылдың І-тоқсанына діни ахуал тұрақтылығы сақталып отыр. Аудан көлемінде дін мәселелеріне қатысты акция, шерулер, ереуілдер, толқулар немесе басқа да шаралар орын алған жоқ.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІV Заңына сәйкес аудан бойынша  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 14 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік Әділет органдарында алғашқы және қайта тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда.

Аудандағы мешіттерге апта сайын «Жұма намаздарға» жалпы 800-дей адам тұрақты түрде қатысса, оның ішінде Жосалы кентіндегі «Қармақшы ата» мешітіне апта сайын 200-250 адам қатысады, ал Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешітіне 300-350, ауылдардағы мешіттерге орташа есеппен 20-30 адамнан барады.

2017 жылдың қаңтар айында аудан әкімдігі жанынан діни ақпараттық-насихаттық топ  қайта жаңартылып, топ құрамына ауданға белгілі ардагерлер, белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар, жас спортшылар және мекеме басшылары енгізіліп, бекітілген жұмыс жоспары мен елді-мекендерге шығу кестесіне сәйкес, есепті мерзім аралығында ауданға қарасты елді-мекендерде 15 кездесу, 2 дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Сонымен қатар, аудандағы дәстүрлі емес діни ағымдарын ұстанушылардың өсу динамикасын болдырмау, оларды дәстүрлі дінге бейімдеу үшін білікті мамандарды тарта отырып, олармен арнайы кездесулер өткізуге «Діни экстремизм, радикализм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру» әлеуметтік жобасына 2017 жылға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Алдағы уақытта бұл жоба жүзеге асырылатын болады.


Дін саласында 2016 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

Қармақшы ауданы бойынша 2016 жылы діни ахуал тұрақтылығы сақталып отыр. Аудан көлемінде дін мәселелеріне қатысты акция, шерулер, ереуілдер, толқулар немесе басқа да шаралар орын алған жоқ.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІV Заңына сәйкес аудан бойынша  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 14 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік Әділет органдарында алғашқы және қайта тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда.

Аудандағы мешіттерге апта сайын «Жұма намаздарға» жалпы 800-дей адам тұрақты түрде қатысса, оның ішінде Жосалы кентіндегі аудандық орталық «Марал ишан» мешітіне апта сайын 90-100 адам қатысады, ал Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешітіне 100-120, ауылдардағы мешіттерге орташа есеппен 30-40 адамнан барады.

2016 жылдың қаңтар айында аудан әкімдігі жанынан діни ақпараттық-насихаттық топ  қайта жаңартылып, топ құрамына ауданға белгілі ардагерлер, белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар, жас спортшылар және мекеме басшылары енгізіліп, бекітілген жұмыс жоспары мен елді-мекендерге шығу кестесіне сәйкес, есепті мерзім аралығында ауданға қарасты елді-мекендерде 4 кездесу, 3 дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Сонымен қатар, аудандағы дәстүрлі емес діни ағымдарын ұстанушылардың өсу динамикасын болдырмау, оларды дәстүрлі дінге бейімдеу үшін білікті мамандарды тарта отырып, олармен арнайы кездесулер өткізуге «Діни экстремизм, радикализм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру» әлеуметтік жобасына 2016 жылы 1 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. 


Дін саласында 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Қармақшы ауданы бойынша 2015 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін діни ахуал тұрақтылығы сақталып отыр. Аудан көлемінде дін мәселелеріне қатысты акция, шерулер, ереуілдер, толқулар немесе басқа да шаралар орын алған жоқ.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІV Заңына сәйкес аудан бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 12 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік Әділет органдарында алғашқы және қайта тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда. Сонымен қатар, 2014 жылдың 4 қазан күні Т.Көмекбаев ауылында «Ақназар Кедей» атындағы мешіт үйі салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 2015 жылдың 28 қараша күні Жосалы кентінде «Қармақшы Ата» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Бұл мешіттердің құжаттары қазіргі таңда әділет органдарынан тіркелуде.
Аудандағы мешіттерге апта сайын «Жұма намаздарға» жалпы 800-дей адам тұрақты түрде қатысса, оның ішінде Жосалы кентіндегі аудандық орталық «Марал ишан» мешітіне апта сайын 90-100 адам қатысады, ал Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешітіне 100-120, ауылдардағы мешіттерге орташа есеппен 30-40 адамнан барады.
2015 жылдың қаңтар айында аудан әкімдігі жанынан діни ақпараттық-насихаттық топ қайта жаңартылып, топ құрамына ауданға белгілі ардагерлер, белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар, жас спортшылар және мекеме басшылары енгізіліп, бекітілген жұмыс жоспары мен елді-мекендерге шығу кестесіне сәйкес, жыл басынан бері ауданға қарасты елді-мекендерде 15 кездесу, 7 дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Сондай-ақ, өңір тұрғындарының діни сауатын арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында облыс әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ мүшелері 2015 жылдың 12-16 мамыр аралығында ауданымызда болып, ауданның барлық елді мекендерінде тұрғындармен, мектеп оқушыларымен барлығы 23 кездесу өткізді. Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан дін мәселелеріне байланысты сұрақтарға білікті дінтанушылар тиісінше жауаптар беріп, жалпы тұрғындардың діни сауатын арттыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілді.
Жоғарыда аталған облыс әкімінің өкіміне сәйкес аудандық жұмысшы тобы құрылып, қазіргі таңда бекітілген кестеге сәйкес топ мүшелері мекеме, ұжымдарда, елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
2015 жылы «Терроризм мен діни экстремизмнің, ұсақ құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық пен адам саудасына қарсы күрес бағытындағы «Азаматтық қоғам» атты әлеуметтік жобаға жергілікті бюджеттен 500 мың теңге бөлініп, жоба аясында «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы түрлі форматта шараларды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, аудандағы дәстүрлі емес діни ағымдарын ұстанушылардың өсу динамикасын болдырмау, оларды дәстүрлі дінге бейімдеу үшін білікті мамандарды тарта отырып, олармен арнайы кездесулер өткізуге «Діни экстремизм, радикализм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру» әлеуметтік жобасына үстіміздегі жылы 1 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, жоба аясында «Аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейдегі теолог-маман, Египеттегі «Аль-Азхар» университетінің түлегі Берік Арыновты тарта отырып, Жосалы, Төретам кенттеріндегі орталық мешіттерде «Жұма намаздарға» қатысып, дәстүрлі емес діни ағымын қолдаушылар 4 адам арасында адресті жеке кездесулер өткізсе, ауданның барлық елді мекендерінде тұрғындармен 14 кездесу өткізіп оған барлығы 800-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, республикалық дәрежедегі дінтанушы Б.Убаевты тарта отырып, аудан орталығындағы дәстүрлі емес діни ағым мүшелері арасында адресті кездесулер өткізді. Жоба аясында 2015 жылдың 31 қазан күні «Зайырлы қоғамдағы діннің ролі» тақырыбында аудандық семинар өткізілсе, 2015 жылдың 15 қараша күні дәстүрлі емес діни ағым мүшелері мен жергілікті дінтанушы мамандар, мешіт жамағаты арасында «Дене тәрбиесі-салауаттылық белгісі» тақырыбында №30 мектептің спорт залында шағын футболдан жарыс ұйымдастырдды. Бұндай шаралар жыл аяғына дейін жалғасын табады.
Аудан тұрғындарын дін мәселелеріне қатысты ақпараттық қамтамасыз ету бағытында аудандық «Қармақшы таңы» газеті мен «Бәйтерек Байқоңыр» газеттері арқылы «Дін және жастар», «Имандылық- жоғары құндылық», «Діни танымымыз мол болсын», «Ислам және халық дәстүрі мен мәдениеті», «Ғаламтордағы діни экстремистік сайттардан сақтанайық», «Жат діни ағымдардан сақ болайық» атты жыл басынан бері дін тақырыбында 12 мақала, әлеуметтік желілерде 8 материал жарияланды.
Сондай-ақ, аудан орталығындағы орталық алаңда орнатылған «LED» экран арқылы облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан ұсынылған бейнероликтер көрсетілімі тұрақты түрде ұйымдастырылып отыр.
Діни экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында аудан бойынша 14 билборд орнатылды.