Бастапқы бет » Қоғам » Әлеуметтік қорғау » Атаулы әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Атаулы әлеуметтік көмек. 2017 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 6879,0 мың теңге бөлінді. 2017 жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек 44 отбасы 184 адамға 4781,4 мың теңге төленді. Қаралған қаржы 70,4 пайызға игерілді.


Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

Атаулы әлеуметтік көмек. 2017 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 6879,0 мың теңге бөлінді.   2017 жылдың 1 шілдесіне атаулы әлеуметтік көмек 40 алушыға 3202,0 мың теңге төленді. Қаралған қаржы 46,5 пайызға игерілді.


Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2017 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстар

Атаулы әлеуметтік көмек. 2017 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 6879,0 мың теңге бөлінді. 2017 жылдың 1 сәуіріне атаулы әлеуметтік көмек 37 алушыға 1876,4 мың теңге төленді. Қаралған қаржы 27,2 пайызға игерілді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 64,5%-ды, жұмыссыздар – 10,1%, жұмыс істейтіндер – 0,6%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 8,2%,  мүгедектер мен зейнеткерлер – 5,2%, студенттер – 2,5%, бала күтіміндегілер – 8,2% және басқа да санаттағылар – 0,7 пайызды құрайды.


Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2016 жылға атқарылған жұмыстар

Атаулы әлеуметтік көмек. 2016 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 6617,1 мың теңге бөлінді. 2017 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 286 алушыға 6617,1 мың теңге төленді. Қаралған қаржы 100,0 пайызға игерілді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 61,8%-ды, жұмыссыздар – 9,8%, жұмыс істейтіндер – 2,0%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 7,7%,  мүгедектер мен зейнеткерлер – 4,2%, студенттер – 4,2%, бала күтіміндегілер – 8,7% және басқа да санаттағылар – 1,4 пайызды құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 1928,1 теңгені құрады.

Аудан бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздар тартылды. Осыған орай, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 37 адамға, яғни 7,8 пайызға азайса, ал төленген қаражат көлемі 297,3 мың теңгеге артты. АӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамдылардың үлесі 29,7%-ды құрады.


Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2015 жылға атқарылған жұмыстар

Атаулы әлеуметтік көмек.2015 жылға аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге нақтыланған бюджет бойынша 6320,0 мың теңге қаралған, оның ішінде республикалық бюджеттен 1666,0 млн теңге бөлінді. 2016 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 323 азаматқа 6319,8 мың теңге төленді. Қаралған қаржы 100 пайызға игерілді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 61,0%-ды, жұмыссыздар – 11,4%, жұмыс істейтіндер – 2,5%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 8,4%,  мүгедектер мен зейнеткерлер – 5,3%, студенттер – 4,3%, бала күтіміндегілер – 6,2% және басқа да санаттағылар – 0,9 пайызды құрайды.
Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 1630,5 теңгені құрады.
Аудан бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздар тартылды. Осыған орай, 2014 жылмен салыстырғанда АӘК алушылар саны 9 адамға, төленген қаражат көлемі 669,2 мың теңгеге, яғни 9,6 пайызға азайды. АӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамдылардың үлесі 29,4%-ды құрады.