Бастапқы бет » Қоғам » Әлеуметтік қорғау » Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес Қармақшы ауданы бойынша атқарылған жұмыстардың мәліметі

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша жұмыс
Бөлім арқылы жыл басынан осы уақытқа дейін 704- ден астам мүгедек арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, сонымен қатар 2017 жылға міндетті гигиеналық құралдарға жергілікті бюджеттен 21702,0 мың теңге қаралып, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру және оларға «кедергісіз орта» қалыптастыру жөнінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөліммен бос жұмыс орындарына 9 жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 13 мүгедек тұрақты жұмыстарға жолданды, 8 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 1 мүгедек жастар тәжірибесімен қамтылып, 1 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 3 мүгедек азамат «Бастау Бизнес жобасы» бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқуды аяқтады.
Мүгедектердің, оның ішінде кресло – арбалармен жүретіндердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 63 нысанға кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізіліп, оның ішінен 2 нысанның бейімдеуге жататындығы анықталды. Бүгінгі күнге түгендеу жұмысы аяқталды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөліммен 2017 жылға мемлекеттік сатып алулар өткізіліп Қармақшы ауданына (Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылын есептегенде) тірек-қимыл аппараты бұзылған және кресло-қораптың көмегімен жүретін І топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Инватакси» қызметін көрсетуге аудан орталығында орналасқан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда 2017 жылдың 9 айында 834 адамға қызмет көрсетілді.
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімде мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторы жұмыс атқаруда. Ауданда 2017 жылдың 9 айында 32 әлеуметтік қызметкердің қарамағында 122 үйден әлеуметтік қызметке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі бала қамтылып, мүгедек балаларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер тарапынан сауықтыру жаттығулар мен өзін өзі камтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастырып өткізу, консультативтік, медициналық, және құқықтық көмек беру жұмыстары жүргізіліп тұрады.


«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың ІІ жарты жылдығында атқарылған жұмыстар

Бөлім арқылы жыл басынан осы уақытқа дейін 587- ден астам мүгедек арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, сонымен қатар 2017 жылға міндетті гигиеналық құралдарға жергілікті бюджеттен 21702,0 мың теңге қаралып, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру және оларға «кедергісіз орта» қалыптастыру жөнінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөліммен бос жұмыс орындарына 8 жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 11 мүгедек тұрақты жұмыстарға жолданды, 5 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 1 мүгедек жастар тәжірибесімен қамтылып, 1 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 3 мүгедек азамат «Бастау Бизнес жобасы» бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқуды аяқтады.
Мүгедектердің, оның ішінде кресло – арбалармен жүретіндердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 63 нысанға кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізіліп, оның ішінен 2 нысанның бейімдеуге жататындығы анықталды. Бүгінгі күнге түгендеу жұмысы аяқталды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөліммен 2017 жылға мемлекеттік сатып алулар өткізіліп Қармақшы ауданына (Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылын есептегенде) тірек-қимыл аппараты бұзылған және кресло-қораптың көмегімен жүретін І топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Инватакси» қызметін көрсетуге аудан орталығында орналасқан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда 2017 жылдың 2 тоқсанында 483 адамға қызмет көрсетілді.
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімде мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторы жұмыс атқаруда. Ауданда 2017 жылдың 2 тоқсанында 32 әлеуметтік қызметкердің қарамағында 122 үйден әлеуметтік қызметке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі бала қамтылып, мүгедек балаларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер тарапынан сауықтыру жаттығулар мен өзін өзі камтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастырып өткізу, консультативтік, медициналық, және құқықтық көмек беру жұмыстары жүргізіліп тұрады.


«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Бөлім арқылы жыл басынан осы уақытқа дейін 350- ден астам мүгедек арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, сонымен қатар 2017 жылға міндетті гигиеналық құралдарға жергілікті бюджеттен 21702,0 мың теңге қаралып, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру және оларға «кедергісіз орта» қалыптастыру жөнінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөліммен  бос жұмыс орындарына 2 жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 3 мүгедек тұрақты жұмыстарға жолданды, 1 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 1 мүгедек жастар тәжірибесімен қамтылды.     

Мүгедектердің, оның ішінде кресло – арбалармен жүретіндердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 63 нысанға кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізіліп, оның ішінен 2 нысанның бейімдеуге жататындығы анықталды. Бүгінгі күнге түгендеу жұмысы аяқталды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөліммен 2017 жылға мемлекеттік сатып алулар өткізіліп (қаралған қаржы ЖБ – 45549,0мың тг., қорытындысы бойынша Қармақшы ауданына (Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылын есептегенде) тірек-қимыл аппараты бұзылған және кресло-қораптың көмегімен жүретін І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Инватакси» қызметін көрсетуге аудан орталығында орналасқан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда 2017 жылдың  1 тоқсанында  267 адамға қызмет көрсетілді. 

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімде мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторы жұмыс атқаруда. Ауданда 2017 жылдың 1 тоқсанында  28 әлеуметтік қызметкердің қарамағында 126  үйден әлеуметтік қызметке мұқтаж   мүмкіндігі шектеулі бала қамтылып, мүгедек балаларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер тарапынан  сауықтыру жаттығулар мен өзін өзі камтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастырып өткізу, консультативтік, медициналық, және құқықтық көмек беру жұмыстары жүргізіліп тұрады.


«Мүгедектерді оңалтудың жеке  бағдарламасы» бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар

Бөлім арқылы жыл басынан осы уақытқа дейін 1449- ден астам мүгедек арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, сонымен қатар 2016 жылға міндетті гигиеналық құралдарға жергілікті бюджеттен 15252,0 мың теңге қаралып, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру және оларға «кедергісіз орта» қалыптастыру жөнінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөліммен  бос жұмыс орындарына 9 жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 15 мүгедек тұрақты жұмыстарға жолданды, 15 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 1 мүгедек жастар тәжірибесімен қамтылды және кәсіппен айналысу мақсатында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы  3 мүгедек несие алып өздерін жұмыспен қамтып отыр.

Мүгедектердің, оның ішінде кресло – арбалармен жүретіндердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 63 нысанға кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізіліп, оның ішінен 2 нысанның бейімдеуге жататындығы анықталды. Бүгінгі күнге түгендеу жұмысы аяқталды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөліммен 2016 жылға мемлекеттік сатып алулар өткізіліп (қаралған қаржы ЖБ – 43547,0мың тг., барлығы – 4818,0 мың теңге), қорытындысы бойынша Қармақшы ауданына (Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылын есептегенде) тірек-қимыл аппараты бұзылған және кресло-қораптың көмегімен жүретін І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Инватакси» қызметін көрсетуге аудан орталығында орналасқан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда олар 12 адам болып: бастығы, 1орынбасары, 3 автокөлік жүргізушісі, 3 есепші, 3 табельщик, 3 диспетчер жұмыс атқарып,  айына 135 адамға, барлығы есепті 2016 жылдың  9 айында  1175 адамға қызмет көрсетті. 

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімде мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторы жұмыс атқаруда. Ауданда 2016 жылдың 12 айында  28 әлеуметтік қызметкердің қарамағында 126  үйден әлеуметтік қызметке мұқтаж   мүмкіндігі шектеулі бала қамтылып, мүгедек балаларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер тарапынан  сауықтыру жаттығулар мен өзін өзі камтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастырып өткізу, консультативтік, медициналық, және құқықтық көмек беру жұмыстары жүргізіліп тұрады. 


Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған жол картасының 2015 жылы орындалуы

2015 жылы 1260 ден астам мүгедек әлеуметтік және кәсіптік оңалту түрлерімен қамтамасыз етілді, сонымен қатар 2015 жылға міндетті гигиеналық құралдарға жергілікті бюджеттен 9586,0 мың теңге қаралып, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіліп келді.

Аудан бойынша үкіметтік емес ұйымдар тарапынан «Алтаир-Бөбек» психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйіне аудан бойынша 2015 жылдың 15 маусымынан бастап 20 бала жолданып, қазіргі таңда сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, тәрбиеленуде.

Мүгедектердің, оның ішінде кресло – арбалармен жүретіндердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 63 нысанға кезең-кезеңмен түгендеу (паспорттау) жүргізіліп, оның            ішінен 15 нысанның бейімдеуге жататындығы анықталды. Бүгінгі күнге 9 нысанға бейімдеу жұмысы жүргізілді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөліммен 2015 жылға мемлекеттік сатып алулар өткізіліп (қаралған қаржы РБ – 1058,0 және ЖБ – 1014,0 барлығы – 2072,2 мың теңге), қорытындысы бойынша Қармақшы ауданына (Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылын есептегенде) тірек-қимыл аппараты бұзылған және кресло-қораптың көмегімен жүретін І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Инватакси» қызметін көрсетуге аудан орталығында орналасқан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда олар 5 адам болып: бастығы, автокөлік жүргізушісі, 1 есепші, 2 диспетчер жұмыс атқарып,  айына 60 адамға, барлығы 648 адамға қызмет көрсетті. 

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімде мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетусекторы жұмыс атқаруда. Ауданда 2015 жылы  29 әлеуметтік қызметкердің қарамағында 140  үйден әлеуметтік қызметке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі бала қамтылып, мүгедек балаларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер тарапынан  сауықтыру жаттығулар мен өзін өзі камтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастырып өткізу, консультативтік, медициналық, және құқықтық көмек беру жұмыстары жүргізіліп тұрады.


Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарған арналған жол картасының  2014 жылға орындалуы

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасына және мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуде.
2014 жылдың қараша айына мүгедектер саны 1337 адамды құрап отыр. Оның ішінде: І – ІІ топтағы мүгедектер саны – 671, ІІІ-топтағы мүгедектер  саны – 516 және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 150.
2014 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүріп-тұруы қиын І-топтағы 157 мүгедек 157 жеке көмекшінің қызметімен, есту-сөйлеу қабілеті нашар 36 мүгедек 4 ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтылды және 272 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен оның ішінде 263 мүгедек жөргекпен, 5 мүгедек несеп қабылдағышпен және 4 мүгедек нәжіс қабылдағышпен қамтамасыз етілді.
Оларға 2014 жылға бағдарлама аясында жергілікті бюджеттен 46543,0 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.
Бағдарлама аясында 208 мүгедек протезді-ортопедиялық көмекпен, 69 мүгедек жүріп тұру құралымен (кресло-қораппен), 60 мүгедек сурдотехникалық құралымен, 79 мүгедек тифлотехникалық құралымен қамтамасыз етілсе, 81 бала үйден оқытылды және 67 мүгедек шипажайларға арнайы жолдамамен ем алуға жолданды. Сонымен қатар,  мүмкіндігі шектеулі 42 азамат және 38 зейнеткер барлығы 80 адам «Талсуат» елді-мекенінде орналасқан «Мүгедектерді оңалту орталығына» жіберілді.
2014 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторы» бойынша 28 қызметкер аудан бойынша үйден әлеуметтік қызметке мұқтаж 160 мүмкіндігі шектеулі балаға әлеуметтік қызмет көрсетуде.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (яғни 2012-2013 жылдар аралығы) іске асыру мақсатында аудан бойынша түгендеуге жататын қолданыстағы әлеуметтік, көлік және рекреациялық нысандар, барлығы 63 болатын объекті тізімге алынып, 2013 жылы жоспарға сәйкес түгенделуі (паспортталу) тиіс 58 объектінің және 2014 жылдың қаңтар айында 5 объектінің барлығының жоғарыда аталған паспорттары толтырылды немесе меже 100 пайызға орындалды.
Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедектер үшін жол белгілері мен дыбысты және дабылды қондырғылдармен жабдықталған жаяу жүргіншілер жолына қаралған 942,0 мың теңге қаржыға 50 жол белгілері (жоспар-14) және 1 дыбысты және дабылды қондырғылармен жабдықталған жаяу жүргіншілер жолы орнатылды.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін пайдалануда.  
Аудан әкімінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалардың ем алуына «Жосалы Игілік» корпоративтік қоры арқылы қаржылай көмек көрсетілуде.