15.09.2019

Валюта бағамы:

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша 2019 жылы 14 913 гектар жерге дәнді дақылдар, 270 гектар майлы дақылдар, 6 669 гектар мал азығындық дақылдар, 1 100 гектар картоп, көкөніс және бақша дақылдар, барлығы 22 956 гектар жерге егіс орналастыру межеленген болатын.

Бүгінгі күнге жүргізілген көктемгі дала жұмыстарының нәтижесімен 23748 гектар жерге егін орналастырылып, белгіленген меже артығымен орындалды. Оның ішінде жаздық бидай +315 гектар, мақсары +117 гектар, жаңа жоңышқа +225 гектар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары + 77 гектар артық межеден орналастырылған.

Сонымен қатар, ауыспалы егіс жүйесін әртараптандыру бойынша жоспардан бөлек 125 гектар арпа егілді. Орналастырылған егіс көлемі былтырғы көлемнен +1386 гектар артық егілді.

Дақыл атауы
2019 жылғы нақты егілгені, га

1

Дәнді дақылдар

15353

Күріш

14633

Жаздық бидай

595

Жаздық арпа

125

2

Майлы дақылдар

387

Мақсары

347

Соя

40

3

Мал азығындық дақылдар

6831

Жаңа жоңышқа

2262

Ескі жоңышқа

4569

4

Картоп, көкөніс, бақша дақылдары

1177

Картоп

383

Көкөніс

313

Бақша

481

Барлығы

23748


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

2019 жылы егілетін егіс көлемі (га). 2019 жылы аудан бойынша егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы, жер қатынастары, су шаруашылығы саласы мекемелерімен келісілді.

Биылғы жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша барлығы 22687 гектар егіс орналастырылады, оның ішінде күріш - 14000 га, бидай – 380 га, арпа - 30 га, мақсары -302 га, соя-40 га, жоңышқа – 6744 га, картоп-383 га, көкөніс – 323 га, бақша өнімдері - 481 га егіледі.

Дәстүрлі күріш дақылынан басқа да азық-түліктік маңызы зор картоп, көкөніс, бақша дақылдары және майлы дақылдарын өндірістік негізде өсіру, сонымен қатар биылғы жылы 40 гектар жерге соя дақылын «Тұрмағамбет» ЖШС және «Жаңажол» ЖШС шаруашылықтарында өсіру жоспарланды.

2019 жылдың егісіне аудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өткен жылдың күз айларында 7 мың гектар сүдігер көтерілді.

Тұқым дайындау жұмыстары. 2019 жылдың егісіне 4200 тонна күріш тұқымы құйылып, тазалау жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылдың егісіне қажетті 14 000 тонна минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге тапсырыстар берілді және жасалған келісім шарт кестесі бойынша тасымалданатын болады. Бұл орайда қиындықтар туындап тұрған жоқ.

Сонымен бірге, ауданның 2019 жылғы көктемгі егіс және дала жұмыстарына қажетті жанар-жағар май көлемі анықталып, тасымалдаушы оператор «Нефть-Транс Кызылорда» ЖШС белгіленді.

Ішкі шаруашылық каналдарын тазартуда жыл сайын шаруашылық құрылымдары 400,0 мың текше метр жер жұмыстарын атқарады. 2018 жылы күз айларында 2,0 мың гектардан аса егістік жерлер лазерлі жер тегістегіш құралдарымен тегістеліп егілді.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Өткен жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша барлығы 23 957 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде күріш-13 850 га,бидай-210 га, мақсары-1700 га, жоңышқа-6554 га, картоп-570 га, көкөніс-450 га, бақша өнімдері-555 га.

2017 жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 255 гектарға, ал суды көп қажет ететін күріш көлемі өткен жылдан 359 гектарға азайтылды, ал жаздық бидай 8 гектарға, бақша 4 гектарға, көкөніс 100 гектарға, мақсары 362 гектарға көбейді. Күріштің «Тором Хошеми» Ирандық сортын«Ақтөбе и К» ЖШС 300 гектарға екті.

Аудан диқандарының ала жаздай еткен еңбегі ақталып, күріштің әр гектарынан орта есеппен 58,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 81 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды.

Сонымен қатар, «Жаңажол» ЖШС-гі жалпы 3200,0 га күріштің әр гектарынан 74,0 центнерден өнім алып, облыстың ең «Үздік шаруашылығы» атанды.

Сондай ақ, жаздық бидайдан 50 тонна, мақсарыдан 215 тонна, картоптан 9,2 мың тонна, бақша дақылдарынан 10 мың тонна өнім жиналса, 62,1 мың тонна мал азығы дайындалды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі қаңтар-желтоқсан айларында 10 млрд 378,4 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 96,9пайызды құрады.

Дәстүрлі күріш дақылынан басқа да картоп, көкөніс, бақша және майлы дақылдарын, сояны өндірістік негізде өсіруді, сонымен қатар жүгері, арпа және мал азықтық дақылдар көлемін көбейтуді қолға алуымыз қажет. Ол өз кезегінде аудан халқын азық-түлікпен жыл бойы қамтамасыз етуге және мал шаруашылығына қажетті сапалы жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында Жаңажол ауылында «Жаңажол» ЖШС-нің құны 65,0 млн теңге болатын Қытай Халық Республикасынан алынған қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш ақтайтын өңдеу зауыты іске қосылды. Оған қосымша жоба құны 40 млн теңге болатын астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

2018 жылы егін шаруашылығына 524,07млн.теңге көлемінде субсидия есептеліп берілді.

Иіркөл және Төребай ауылдық округі тұрғындарының негізгі кәсіп түрі егін және бақша шаруашылығы болғандықтан, бұл ауылдық округ үшінаяқ су мәселесінің маңызы жоғары.

Сондықтан, аяқ су мәселесін шешу мақсатында «Балажарма» каналын тазартуға облыстық бюджеттен 40,0 млн теңгебөлініп, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Табиғат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны арқылы тазарту жұмыстары жүргізіліп,аяқталды.

Сонымен қатар, ауданды қажетті аяқ сумен қамтамасыз ету үшін оң жағалау каналының бойындағы №111 бекетінен бұрмақұлақ су құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталды. Бұл жұмыстар аяқталған соң шаруашылықтарға қажетті аяқ су көлемін жеткізу мүмкіндігі ұлғайатын болады.

Құс фабрикасының құрылысы (инвестициялық жоба)

«Қармақшы ауданы Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасыныңқұрылысы»жобасына 2017 жылы ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 1 млрд 978,2 млн. теңгені құрайды. 2018 жылы облыстық бюджеттен жобаны іске асыруға 558,6 мың теңге (49%) жоспарланса, жоба екі траншпен есептеліп, 375 млн теңгесі бөлініп, бүгінгі күні «General Констракшин Сервис» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Жобадағы «Ақтөбе и К» ЖШС-нің үлесін қаржылай қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде «Халық банкі» АҚ-на несиелендіруге қажетті құжаттары тапсырылды. Сұратылған қаржы көлемі 500,0 млн теңге.

«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатында 54 маманға тұрғын үй сатып алуға 183,3млн.теңге несие берілді.Құс фабрикасының құрылысы (инвестициялық жоба)

«Қармақшы ауданы Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасыныңқұрылысы»жобасына 2017 жылы ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 1 млрд 978,2 млн. теңгені құрайды. 2018 жылы облыстық бюджеттен жобаны іске асыруға 558,6 мың теңге (49%) жоспарланса, жоба екі траншпен есептеліп, 375 млн теңгесі бөлініп, бүгінгі күні «General Констракшин Сервис» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Жобадағы «Ақтөбе и К» ЖШС-нің үлесін қаржылай қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде «Халық банкі» АҚ-на несиелендіруге қажетті құжаттары тапсырылды. Сұратылған қаржы көлемі 500,0 млн теңге.

«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатында 54 маманға тұрғын үй сатып алуға 183,3млн.теңге несие берілді.

Анықтама үшін.

Биылғы ауа-райына байланысты біршама қиындықтар туындағанымен (дақылдардың пісіп жетілуі 7-10 күн кеш) диқан қауымы бітік, мол егіс өсіре білді.

Шаруашылық басшылары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, су тапшылығы болжамын түсіне отырып, 1,0 мың гектарға жуық егісті еккен жоқ, каналдың ең аяғындағы «Алдашбай ахун» ауылдық округінде күріш орналастырылмады.

Қабылданған шаралардың нәтижесі мен диқан қауымның тынымсыз еңбегі өз жемісін берді,егіс судан қалған жоқ.

Егіске барлығы 3800 тонна элита, І-ІІІ репродукциялы күріш тұқымдары жұмсалды.

(130-элита, 1355 тн-1 репродукциялы, 1820 тонна-2 репродукциялы, 438тонна -3 репродукциялытұқымдар)

(Сорттары бойынша: маржан -960 гектар, лидер-10120 гектар, янтарь-2110гектар, новатор-650 гектар.)

Егіске 9495 тн минералдық тыңайтқыштар(6440 тонна аммоний сульфаты, 2560тонна карбамид, 1495 тонна аммофос) жұмсалып, 12 000 гектар алқап үстеп қоректендірілді.

11000 гектар күріш алқабы арамшөптер мен зиянкестерге қарсы гербицидтермен (14040 лрейнбоу, 300,0 л гербитокс, 1200 лсолито, 2180 л Ураган форте) өңделді.

2018 жылдың көктемгі және күзгі егін жинау жұмыстарына жұмылдыратын техникалар толығымен қатысып, дала қостары мен астық қырмандары толығымен жасақталды.

2018 жылы жанар-жағар май жеткізуші оператор «Нефтьтранс Кызылорда»ЖШС болып табылып, егін жинау жұмыстарына барлыға 2370 тн дизель отыны жиналды..

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі-«Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі (8 ай) 2599,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 641,7 млн. теңге болды.(01.10.2018 ж.) Егіс көлемі 2018 жылы 23,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде 13,85 мың гектары күріш. Дәнді дақылдарды жинау Қазіргі таңда жаздық бидайды жинау толық аяқталды, күріш жинау 05.09.2018 ж. басталды. 01.10.2018 жылғы 10,0 мың гектар күріш орылды (72,2%), 8,3 мың гектар бастырылды (60,5%), әзірге орташа өнім 50,0 ц/га айналуда. Картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау аудан шаруашылықтарында картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүруде, картоптың 58,5%, орта өнім 160 ц/га, көкөністің 92,2%, орта өнім 200 ц/га, бақшаның 95,0%, орта өнім 190 ц/га жиналды.

Мал азығын дайындау шаруашылықтар бойынша егілген 4,5 мың гектар ескі жоңышқа, 2,0 мың гектар жаңа жоңышқа дақылдары жиналып болды,12,2 мың тонна жоңышқа шөбі мен 37,0 мың тонна табиғи шөп дайындалды.

Техника және жанар – жағар май. Күзгі егін жинау жұмыстарына 116 трактор, 80 комбайн, 84 жатка, 62 жүк көлігі, 94 трактор тіркемесі қатысуда. Егінді уақытында жинап алуға техника жеткілікті. Күзгі егін жұмыстарына бөлінген 2370 тонна дизель отынын оператор «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС уақытылы қамтамасыз етуде.

Тұқым қазіргі күні 2019 жылдың егісіне 1000 тн күріш тұқымы құйылды, тұқым дайындау жұмыстары жалғасуда.

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ауданда балық шаруашылығы маңызы бар 20 су айдыны бар. Оның ішінде 19 су айдыны табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. 1 көлдің (Қоңыраулы - Көлдей) құрғап қалуына байланысты көлді тізімнен алып тастау шешім қабылданатын болады.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

Егін шаруашылығы бойынша:Биылғы жылы 2011 гектар жоңышқа, 1700 гектар мақсары, 210 гектар бидай уақытында егілді. 26.05.2018 жылы 13850 гектар күріш егіліп, 02.06.2018 жылы толықтай суға бастырылып болды. Диқандар бұл нәтижеге суды көп қажет ететін күріш дақылының көлемін көбейтпей, жылдан-жылға азайтудың жолымен жетіп отыр. Күріштің «Тором Хошеми» ирандық сортын «Ақтөбе и К» ЖШС 300 гектарға екті.

Көктемгі егіс қорытындылары туралы

Дақыл атауы

2018 ж

меже, га

2018 ж

нақты, га

1

Күріш

14000

13850

2

Жаздықбидай

210

210

3

Мақсары

1700

1700

4

Жаңа жоңышқа

1930

2011

5

Ескіжоңышқа

4611

4611

6

Картоп

650

570

7

Көкөніс

450

450

8

Бақша

555

555

9

Алма бағы

4

4

Барлығы

24110

23957

Тұқым. 2018 жылдың егісіне 4000 тн күріш, 75 тн бидай, 60 тн жоңышқа, 25 тонна мақсары тұқымдары жұмсалды. Оның ішінде: 130 тонна күріштің элиталық тұқымы (Ақтөбе иК - 50 тн, Жаңажол-80 тн). Тұқым шаруашылықтарынан 1110 тн бірінші репродукциялы тұқым сатып алып себілді. (Тұрмағамбет ЖШС-630 тн. Ораз ахун ЖШС – 300 тн, Ақжар ШҚ- 130 тн., Ақтөбе и К ЖШС – 50 тн). 2400 тоннасы ІІ - репродукциялы тұқым, 360 тоннасы ІІІ - репродукциялы тұқым.

Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау. 2018 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 10,4 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфаты 6 мың тонна, карбамид 2,7 мың тонна, аммофос 1,6 мың тонна. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі 13,1 мың литрді құрайды. Оның ішінде: гулливер – 44 литр, солито - 900 литр, рейнбоу – 12130 литр болып отыр.

Жанар-жағар май. Ауданның көктемгі егіс және дала жұмыстарына барлығы 2070 тонна дизель отыны бөлінді. ( бензин 440 тн., дизель майы-34 тн). Ауданға жеңілдетілген дизель отының жеткізуші операторы болып «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС белгіленген. Дизель отыны уақытылы жеткізіліп тұрды.

Техника. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына116 трактор, 44 соқа, 24 тұқым сепкіш, 62 автомашина және 94 трактор тіркемесі қатысты.

Су жүйелерінің дайындығы. Көктемгі су алу жұмыстарына сәйкес, аудан бойынша су шаруашылығы нысандарын дайындау жоспары жасалынып, 464 мың м³ жер жұмыстарын атқару, 97 дана су құрылыстарын жөндеу, 11 дана насос қондырғыларын, 47 дана су өлшеу бекеттерін жөндеу межеленіп, дайындық барысында толық орындалды. Су пайдалану бойынша. 2017 жылы шаруашылықтар (19 шаруашылық) 450,29 млн.м3 суармалы су пайдаланды, су жеткізу қызметіне 150,0 млн. ақы есептелінді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының «Қазсушар» РМК-на 2017 жылғы су жеткізіп беру қызметіне қарызы жоқ. 2018 жылдың егісіне есептер бойынша 478,3 млн.м3 су беріледі. Шаруашылықтар (19 шаруашылық) су жеткізу қызметі үшін толықтай келісім-шарттарға отырып жұмыс істеуде.

Балық шаруашылығын дамыту бойынша.Ауданда балық шаруашылығы маңызы бар 20 су айдыны бар. Оның ішінде 19 су айдыны табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. 1 көлдің (Қоңыраулы - Көлдей) құрғап қалуына байланысты, келешекте суландыру, балық шаруашылығына маңыздылығы мүмкіндіктері зерттелуде, нәтижесімен көлді тізімнен алып тастау немесе қалдыру туралы шешім қабылданатын болады.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстар

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы –Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында алдымызда жүзеге асыратын негізгі 10 міндетті қойды.

Жолдаудағы негізгі міндеттердің бірі – «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттауға, алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық әлеуеті бар өнімдерді өндіруге баса назар аударуымыз қажет.

2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі9 млрд 974,5 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға артты.

Егін шаруашылығы бойынша 2017 жылы аудан бойынша егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі - 23702 гектар, оның ішінде күріш 14209 гектар. Мал азығы дақылдың, жоңышқаның, жалпы көлемі 6455 гектарды құраса, мақсары дақылы 1338 гектарға орналастырылды, 202 гектар жаздық бидай, 597 га картоп, 350 га көкөніс, 551 га бақша егіліп, жиналды. Күріштің әр гектарынан 59,5 центнерден өнім жинау қамтамасыз етілді.

2018 жылы егіс көлемін әртараптандыру бойынша,

2018 жылы аудан бойынша егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы, жер қатынастары, су шаруашылығы саласы мекемелерімен келісіліп, облыс әкімімен бекітілді.

Жалпы егіс көлемі 24110 гектар, егіс алаңдарын диверсификациялау бойынша дәнді дақылдар көлемі былтырғы деңгейде, майлы дақылдар (мақсары) 1700 гектар, (былтыр1338) мал азықтық дақылдар 6541 гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1655 гектар (150 гектарға көп) алаңда өсіріледі.

Күріштің «Тором Хошеми» ирандық сортын «Ақтөбе и К» ЖШС 300 гектарға егуді межелеуде.

Сонымен қатар Ақжар ауылында алдағы жылдары соя дақылын егуді Алматы облысының кәсіпкерімен келіссөздер жүруде. Биылғы жылы арнайы техникаларды дайындау, басқа да ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Дақыл атауы

2017 ж нақты, га

2018 ж меже, га

1

Күріш

14209

14000

2

Жаздықбидай

202

210

3

Мақсары

1338

1700

4

Жаңа жоңышқа

2471

1930

5

Ескіжоңышқа

3984

4611

6

Картоп

597

650

7

Көкөніс

350

450

8

Бақша

551

555

9

Алма бағы

-

4

Барлығы

23702

24110

Негізінен биылғы жылы күріш дақылының көлемі былтырғы деңгейде қалып отыр, күріш дақылын егудің және суға бастырудың кестесі жасалып, шаруашылықтармен келісілді. (кесте)

Күріштің «Маржан» сорты-500 гектарға (Достық жер МК), орналастырылады, басқа көлемге «Лидер» (65 %), «Янтарь» (30%) сорттары егіледі.

Биылғы жылы көктемнің кеш шығуына байланысты шаруашылықтарда жоңышқа, ерте көктемде егілетін дақылдарды егу енді қарқын алуда. ( 03.04.18ж. 564 га, жоңышқа, 315 га мақсары егілді)

«Ақтөбе и К» ЖШС–де салынып жатқан құс фабрикасын құрама жеммен қамтамасыз ету үшін, қажет дақылдар егудің көлемі мен есебі жасалып, егісті орналастыру схемалары қарастырылуда.

«Ақтөбе и К» ЖШСқұс фабрикасына керекті құрама жемнің есебі 1 күнге қажетті құрама жем мөлшері - 20 тонна жылдық қажеттілік - 7300 тн.

1 тонна жемнің құрамы: жүгері – 37,0 %; бидай – 28,0%; соя - 20%; күнбағыс - 5%; басқа минералдық қоспалар - 10%.

1 жылға қажетті жем құрамы:

Жем қоспасы

Қажет, тн

Өнімділік, жоба, ц/га

Егіс көлемі,га

Егіс орналастыру шаруашылықтар бойынша

1

Жүгері

2738

40

685

Алдашбай ахун 500, Ақтөбе 100га, Иіркөл 85 га

2

Бидай

2044

15

1362

Барлық шаруашылықтар -300 га-дан

3

Соя

1460

30

486

Ақжар-486 га

4

Күнбағыс

365

25

146

Жосалы ауылы -146 га

6607

2679

Жылыжайлар туралы Ауданда жылыжайлардың жалпы көлемі 2650 шаршы метр 2017 жылы бұл жылыжайлардың 2400 шаршы метрінен өнім жиналды.

Тұқым дайындау жұмыстары 2018 жылдың егісіне 4000 тн күріш, 75 тн бидай, 60 тн жоңышқа, 25 тн мақсары тұқымдары құйылды. Қазіргі таңда 3155 тонна күріш тұқымы, 34 тонна жоңышқа, 26 тонна мақсары тұқымдары себу дәрежесіне жеткізілді.

Оның ішінде: құйылған күріш тұқымының 110 тоннасы І - репродукциялы тұқым, 2400 тоннасы ІІ - репродукциялы тұқым, 1200 тоннасы ІІІ - репродукциялы тұқымды құрап отыр. Бұған қоса 315 тонна күріштің элиталық тұқымын сатып алу жоспары бар. (Ақтөбе и К-200 тн, Тұрмағамбет-35 тн, Жаңажол-80 тн)

Бүгінгі таңда, шаруашылықтарда тұқым тазалау жұмыстары жалғасуда.

Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау. 2018 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 10,4 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфаты 6 мың тонна, карбамид 2,7 мың тонна, аммофос 1,6 мың тонна. Бүгінгі күні шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 6,9 мың тоннасы алынды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі 13,1 мың литрді құрайды. Оның ішінде: гулливер – 44 литр, солито - 900 литр, рейнбоу – 12130 литр болып отыр. Бүгінгі күнге, шаруашылықтар тарапынан 4500 литр (35,2%) гербицид (рейнбоу) сатып алынды. Шаруашылықтардың тыңайтқыш жеткізушілермен қажетті тыңайтқыштарға келісім-шарттары бар, уақытында тасылып алынады.

Жанар-жағар май. Ауданның көктемгі егіс және дала жұмыстарына барлығы 2070 тонна дизель отыны бөлініп отыр ( бензин 440 тн., дизель майы-34 тн). Бүгінгі күні ауданға жеңілдетілген дизель отынын жеткізуші операторы болып «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС белгіленді. (баға 142 тн/л шамасында) Шаруашылықтар бүгінгі күні 612 тн дизель отынын тасып алды.

Техника. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 116 трактор, 44 соқа, 24 тұқым сепкіш, 62 автомашина және 94 трактор тіркемесі толықтай дайын.

Су жүйелерінің дайындық барысы Көктемгі су алу жұмыстарына сәйкес, аудан бойынша су шаруашылығы нысандарын дайындау жоспары жасалынып, 464 мың м³ жер жұмыстарын атқару, 97 дана су құрылыстарын жөндеу, 11 дана насос қондырғыларын, 47 дана су өлшеу бекеттерін жөндеу межеленген. Бүгінгі күнге (03.04.2018 ж.) су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдарда 41%, ішкі шаруашылық каналдарда 63%, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу шаруашылықаралық каналдарда 66%, ішкі шаруашылық каналдарда 43%, насос қондырғыларын жөндеу 91,0%, гидробекеттерді жөндеу 70% орындалып отыр.

Су пайдалану бойынша 2017 жылы шаруашылықтар (19 шаруашылық) 450,29 млн.м3 суармалы су пайдаланды, су жеткізу қызметіне 150,0 млн. ақы есептелінді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының «Қазсушар» РМК-на 2017 жылғы су жеткізіп беру қызметіне қарызы 1148726 теңгені құрап отыр. (Ақжар) Қарыз сәуір айының 10 жұлдызына дейін төленеді. 2018 жылдың егісіне есептер бойынша 478,3 млн.м3 су беріледі. Қазір шаруашылықтармен (20 шаруашылық) келісім-шарттарға отыру жұмыстары жүруде. (Болжамдар бойынша сәуір айының аяғы, мамырдың басында 30 градусқа күн ысиды деп күтілуде, осыған байланысты каналдарға судың 20 сәуірден бастап келсе). Суды үнемдеуде жерді тегістеудің маңызы зор. Қазіргі кезде аудан шаруашылықтарында 7 лазерлі жер тегістегіш «Мара», 5 дана басқа механикалық жер тегіштегіштер бар, биыл көктемде тағы да 3 лазерлі жер тегіштегіш «Мара» алды. («Достық жер МК» ЖШС). Күз айларында қолдағы жер тегіштегіш техникалармен 700 гектардай (500 га Жаңажол, 200 га басқа шаруаш.) жер тегістелді, көктемде егіс егу алдында осы көлемде жер өңделеді. Нәтижеде су 20 пайыздай үнемделеді, суға бастыру мерзімі де азаяды, агротехникаға сай қажет деңгейдегі суды ұстап тұру мүмкіндігі туады.

Суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша 2017жылы суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су шаруашылығы нысандарының құжаттарын әзірлеуге байланысты 1 кезең бойынша 70,2 млн.теңге бөлініп, игерілді.

2018 жылға суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су шаруашылығы нысандарының құжаттарын соның ішінде тек қана жер актілерін дайындауға байланысты 3 кезең бойынша 58,5 млн.теңге бөлінді.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Егін шаруашылығы бойынша 2017 жылы аудан бойынша егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі - 23702 гектар, оның ішінде күріш 14209 гектар. Мал азығы дақылының, жоңышқаның, жалпы көлемі 6455 гектарды құраса, мақсары дақылы 1338 гектарға орналастырылды, 202 гектар жаздық бидай, 597 га картоп, 350 га көкөніс, 551 га бақша егіліп, жиналды. Күріштің әр гектарынан 59,5 центнерден өнім жинау қамтамасыз етілді.

Жылыжайлар бойынша 2017 жылы 2350 шаршы метр жылыжай іске қосылып, ауданда жылыжайлардың жалпы көлемі 2650 шаршы метрге жетті (1. ЖК Бөрібаев Н.Ә. 300 шаршы метр, салынған жылы 2013 ж, -субсидия 1 айналымға 120,0 мң теңге алды.)

2017 жылы салынған жылыжайлар.

1. «Анакөл» ШҚ Қармақшы ауылында көлемі 250 шаршы метр-2017 жұмыс істеген жоқ

2. ЖК Тортулов Жамитбек Қорқыт бекетінен көлемі 500 шаршы метр-2017 ж – 1 айналым өнім жинады

3.ЖК «Байшуақ» Ешмұратова Айнұр Жосалы кентінен көлемі 1600 шаршы метр-толық жұмыс жасап тұр, жыл аяғында 2 айналым өнім жиналады, субсидия 1 айналымға – 800,0 мың теңге)

Бұл жылыжайлардың 2400 шаршы метрінен өнім жиналып, 920,0 мың теңге субсидия төленді.

Тұқым 2017 жылдың егісіне 40 тонна жаздық бидай, 18,0 тонна мақсары, 41,8 тонна жоңышқа, 4518 тонна күріш тұқымдары толығымен себу дәрежесіне жеткізіліп, себілді.

Негізгі дақыл күріш тұқымының барлығы І-ІІІ репродукция болып себілді. Нәтижесінде биыл егілген күріш көлемі 100% жоғары репродукциялы тұқымымен қамтамасыз етілді.

Минералдық тыңайтқыш 2017 жылдың егісіне пайдаланылған минералдық тыңайтқыштардың көлемі 9,5 мың тоннаны құрады. Оның ішінде аммоний сульфаты 5,5 мың тонна, карбамид 2,55 мың тонна, аммофос 1,4 мың тонна, аммиак селитрасы 64 тонна. Күріш егісінің 11,0 мың гектары арам шөптерге қарсы өңделсе, 12,1 мың гектары үстеп қоректендірілді.

Гербицид: Ауыл шаруашылығы құрылымдары 13530 л гербицидтер қолданды.

Жанар-жағар май: Ауданның көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 4 625 тонна қажет дизель отынын жеткізуші оператор «Нефтьтранс- Қызылорда» ЖШС арқылы қамтамасыз етілді.

Техника: 2017 жылы жаңадан 23 дана ауыл шаруашылық техникалары алынды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес шаралары 2017 жылы аудан бойынша өсімдік зиянкестері саяқ шегірткеге қарсы 1,6 мың га алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 9 635.9 млн теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанды 103.2 пайыз құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8 482.0 млн теңге, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 80.1 пайызға игерілді.

Мал басын өз төлінен көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді.

Кооператив құру және ұйымдастыру жұмыстары бойынша

Қазіргі уақытта аудан бойынша ет, сүт және бақша дақылдарын өндіру және өңдеу бағыттарындағы 14 ауылшаруашылық кооперативтері құрылып, оған жалпы 420 адам, 2 ЖШС, 1 ШҚ мүше болды. Оның ішінде мүшелерінің саны 20-дан асатын кооператив саны - 11.

7 кооперативтің 234 мүшесі осы уақытқа дейін "Ауылшаруашылығын Қаржылай Қолдау Қоры" АҚ-нан 601 млн.тг ақшалай несие алса, құны 108,7 млн.тг құрайтын құрал-жабдықтар алуға несиеге өтінім берілген.

Құрал-жабдықтар бойынша: 1) сүт өнімдерін өндіру бағыты бойынша 4 кооператив сүт қабылдау бекетіне тапсырыс берген, жабдықтардың жалпы құны - 18,97 млн.тг құрайды. 2) ет өнімдерін өндіру және өңдеу бағыты бойынша 2 кооператив мал сою алаңы жабдықтарына тапсырыс берген, жабдықтардың жалпы құны - 32,47 млн.тг құрайды. 3) Рефрижератормен жабдықтау жұмыстары бойынша 8 кооператив рефрижераторға тапсырыс берді, оның жалпы құны - 57,22 млн.тг.

Бүгінгі күні 4 кооператив: "Таң шапағы" - сүт қабылдау бекетін (модульный молокоприемный пункт), "Абыла Даму" - сүт қабылдау бекетін, "Достық Қалпе"- сүт қабылдау бекетін, "Султан и К"- сүт қабылдау бекетін алуға зауытқа тапсырыс берді. Алатын жабдықтары "Ауылшаруашылығын Қаржылай Қолдау Қоры" АҚ арқылы субсидияланып, ақшасы зауытқа аударылды. Аталған жабдықтар ағымдағы жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігінде кооперативтер мүшелеріне жеткізіліп, іске қосылатын болады. "Жосалы Даму" - Өскемен қаласындағы "Вираж" ЖШС-на рефрижератор газельге тапсырыс беріп, желтоқсан айының 20-жұлдызында кооператив меншігіне жеткізілді. Және 1 кооператив: "Иіркөл Даму" - Мал сою алаңы жабдықтарына (модульный убойный пункт) және рефрижератор газельге тапсырыс беріп, жабдықтарын субсидиялау үшін құжаттарын өткізді.

"Қашқансу-7" кооперативі мүшелері 60 бас аналық мүйізді ірі қара, 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттен 900 000 тг субсидия алды. "Ақбұлақ - 7Н" кооперативі мүшелері 230 бас мүйізді ірі қара сатып алып, бордақылау жұмыстарын бастады. "Жосалы Даму" кооперативі мүшелері 39 бас мүйізді ірі қара бордақылап, бүгінгі күнге дейін 6 т. ет өткізсе, қазір 108 бас мүйізді ірі қара бордақылап отыр.

Құрал - жабдық алмаған кооперативтер өнімдерін өткізуге жабдық алған кооперативімен келісімге отырды.

"Ауылшаруашылығын Қаржылай Қолдау Қоры" АҚ арқылы ақшалай несие алған барлық кооператив мүшелері мүйізді ірі қара малын сатып алып, өнім қорын молайту үшін жұмыстар жасауда, қазіргі уақытта барлық құрылған кооперативтер бойынша 3206 бас МІҚ сатып алынды, оның ішінде сүт бағытындағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер 804 бас МІҚ, ет бағытындағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер 2402 бас МІҚ сатып алды.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 60 маманға 9,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 56 маманға тұрғын үй сатып алуға 185,9 млн. теңге несие берілді.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

Ауылшаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы барлығы 23 702 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде 14209 гектарына күріш дақылы себілді.
Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2017 гектарға, ал күріш көлемі 184 гектарға, мал азығындық дақылдар көлемі 612 гектарға, жаңа жоңышқа 557 гектарға, бақша 8 гектарға, көкөніс 24 гектарға, картоп 22 гектарға, мақсары 638 гектарға көбейді.
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша егін шаруашылығына 655,79 млн.теңге субсидия берілді, су жеткізу қызметі мен пайдаланылған гербицидтердің бір бөлігі үшін субсидиялар әлде де төленетін болады.
Бүгінгі күні егілген 202 гектар бидай (12,0 ц/га), 1338 гектар мақсары (6,5 ц/га) жиналып, 4019 гектар ескі жоңышқаның екінші орымы аяқталды.
Сонымен қатар, күзгі егін жинау жұмыстарына 151 трактор, 95 комбайн, 75 жатка, 62 жүк көлігі, 139 трактор тіркемесі қатыстырылуда.
Үстіміздегі жылы Ақтөбе ауылдық округіндегі «Ақтөбе и К» ЖШС-нің егіс алқабында облыстық «Дала күні» семинар кеңесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы МІҚ малын көбейтуге 5 кооперативтің 186 мүшесіне 465,9 млн теңге несие берілді.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 60 маманға 9,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 41 маманға тұрғын үй сатып алуға 134,9 млн. теңге несие берілді.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

Қазіргі уақытта, елді мекендер бойынша ет, сүт және бақша дақылдарын өндіру және өңдеу бағыттарындағы 14 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.
1) Ақтөбе ауылдық округінен «Достық Кәлпе» АШӨК. Бағыты - сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, 53 мүшеден құрылған. «АШҚҚ» АҚ-нан қазіргі таңда кооперативтің 22 мүшесі - 34,0 млн теңге несие алды. Бүгінгі күнге алынған несиеге 130 бас мүйізді ірі қара аналығы сатып алынды. Кооператив "АШҚҚ" АҚ-на 4,5 млн.тг көлеміндегі сүт жинайтын құрылғы алуға несиеге өтінім берілген.
2) Иіркөл ауылдық округінен «Иіркөл-Даму» АШӨК. Бағыты - ет өнімдерін өндіру және өңдеу, 21 мүшеден құрылған. «АШҚҚ» АҚ арқылы ет бағытындағы МІҚ малын көбейтуге бүгінгі күнге кооперативтің 18 мүшесі - 24,750 млн теңге несие алды, кооперативтің қалған 3 мүшесі - 4 млн тг несие алдағы уақытта алады. Бүгінгі күнге алынған несиеге 170 бас мүйізді ірі қара сатып алынды.
3) Жосалы ауылдық округінен «Жосалы-Даму» АШӨК. Бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсіру. Мүшесі 20 адам. Қазіргі таңда 8 адам - 30,0 млн. теңге несие алды. Бүгінгі күнге алынған несиеге 120 бас мүйізді ірі қара сатып алынды. Қалған 12 адам - 48,0 млн тг несиені алдағы уақытта алады.
4) Қармақшы ауылдық округінен "Абыла Даму" АӨК. Бағыты ет және сүт өнімдерін өндіру. Мүшелері - 59 адам. Бүгінгі күнге "АШҚҚ" АҚ арқылы несиенің алғашқы бөлігі 22,1 млн тг алынды, несиенің қалған бөлігі 134,3 млн.тг алдағы уақытта алынады.
5) Алдашбай ахун ауылдық округінен «Жұмабек ЛТД» АШӨК. Бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және мал азығын дайындау. Мүшесі 6 адам. Мал азығын дайындау бойынша бизнес жоба әзірленуде. Жоба құны 10,0 млн теңге.
6) Дауылкөл ауылдық округінен «Ер-Даулет» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру және өңдеу. Мүшесі 10 адам. Сүт өнімдерін өңдеуге және сүт бағытындағы МІҚ малын алуға бизнес жоба әзірленуде. Жоба құны 20,0 млн теңге;
7) "Ақтайлақ" АШӨК. Бағыты ет бағытындағы жылқы малын көбейту. Мүшелері - 5 адам. "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасың ІІ-бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 18,0 млн. тг несие алуға құжаттарын (кепіл мүлік құжаттары) дайындауда.
8) ІІІ-Интернационал ауылдық округінен «Ақбұлақ 7Н» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру. Мүшесі 5 адам. «АШҚҚ» АҚ арқылы 28 млн. тг несие алуға құжат дайындауда.
9) ІІІ-Интернационал ауылдық округінен «Қашқансу-7» АШӨК. Мал тұқымын асылдандыру және ет өнімдерін өндіру. (2 асыл тұқымды бұқа әкелді, жергілікті малды асылдандырып, ет өнімін өндіру жұмыстары)Мүшесі 12 адам.
( Жоспар: 16 млн.тг)
10) Ақжар ауылдық округінен «Қуаныш-Даулет» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру және өңдеу. Мүшесі 21 адам. (Жоспар: 3-4млн. тг, залог)
11) Т.Көмекбаев ауылдық округінен «Кекірелі» АШӨК. Бағыты мал азығын дайындау. Мүшесі 8 адам.
12) Жаңажол а/о «Жаңа жол Бірлік» АШӨК. Мүшелері 20 адам.
Қазіргі таңда «АШҚҚ» АҚ арқылы «Ырыс» бағдарламасымен сүт және «Береке» бағдарламасымен ет бағытында 80 млн. тг несиеге құжаттарын дайындауда. Несие алуға толық мүмкіндігі бар.
13) Алдашбай ахун а/о «Жеті Нұр Агро» АШӨК. Мүшелері 8 адам. Егін шаруашылығы.
14) Ақжар а/о "Ақжар" АӨК. Мүшелері "Ораз ахун" ЖШС, "Ақжарагоинвест" ЖШС, "Ақжар" ШҚ. (100 адам).
Егін шаруашылығы 2017 жылы аудан бойынша егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі - 23910 гектар, оның ішінде күріш 14209 гектар.
Бүгінгі күнге 3984 га ескі жоңышқаның 1-ші орымы орылып болды, 2471 га жаңа жоңышқа, 1338 гектар мақсары, 202 гектар бидай, 1498 га картоп егіліп, күтімге алынды.
Минералдық тыңайтқыш 2017 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 9,5 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфаты 5,5 мың тонна, карбамид 2,55 мың тонна, аммофос 1,4 мың тонна, аммиак селитрасы 64 тонна.
Гербицид Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі 12,7 мың литрді құрап, оның 10,5 мың литрі алынды.
Жанар-жағар май Ауданның көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 4 625 тонна дизель отыны қажет.
Жеңілдетілген дизель отыны жеткізуші оператор «Нефтьтранс - Қызылорда» ЖШС арқылы дизель отыны алынуда.
Техника. Аудан бойынша күзгі егін жинау жұмыстарына қатысатын шаруашылық құрылымдардағы ауыл шаруашылығы техникалары толығымен дайын.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы Қазіргі уақытта, елді мекендер бойынша ет, сүт және бақша дақылдарын өндіру және өңдеу бағыттарындағы 11 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.
1) Ақтөбе ауылдық округінен «Достық Кәлпе» АШӨК. Бағыты - сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, 22 мүшеден құрылған. «АШҚҚ» АҚ-нан 34,8 млн теңгесін қазіргі таңда алды.
2) Иіркөл ауылды округінен «Иіркөл-Даму» АШӨК. Бағыты - ет өнімдерін өндіру және өңдеу, 21 мүшеден құрылған. «АШҚҚ» АҚ арқылы ет бағытындағы МІҚ малын көбейтуге 27,750 млн теңге несие алды.
3) Жосалы ауылдық округінен «Жосалы-Даму» АШӨК. Бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсіру. Мүшесі 20 адам. 30,0 млн. теңге алуға құжаттар дайындап, алды.
4) Алдашбай ахун ауылдық округінен «Жұмабек ЛТД» АШӨК. Бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және сал азығын дайындау. Мүшесі 6 адам. Мал азығын дайындау бойынша бизнес жоба әзірленуде. Жоба құны 10,0 млн теңге.
5) Дауылкөл ауылдық округінен «Ер-Даулет» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру және өңдеу. Мүшесі 15 адам. Сүт өнімдерін өңдеуге және сүт бағытындағы МІҚ малын алуға бизнес жоба әзірленуде. Жоба құны 20,0 млн теңге;
6) ІІІ-Интернационал ауылдық округінен «Ақбұлақ 7Н» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру. Мүшесі 20 адам. «АШҚҚ» АҚ арқылы 28 млн. тг несие алуға құжат дайындауда.
7) ІІІ-Интернационал ауылдық округінен «Қашқансу-7» АШӨК. Мал тұқымын асылдандыру және ет өнімдерін өндіру. (2 асыл тұқымды бұқа әкелді, жергілікті малды асылдандырып, ет өнімін өндіру жұмыстары) Мүшесі 12 адам.
8) Ақжар ауылдық округінен «Қуаныш-Даулет» АШӨК. Бағыты сүт өнімдерін өндіру және өңдеу. Мүшесі 21 адам.
9) Көмекбаев ауылдық округінен «Кекірелі» АШӨК. Бағыты мал азығын дайындау. Мүшесі 20 адам.
10) Жаңажол а/о «Жаңа жол Бірлік» АШӨК. Мүшелері 20 адам.
Қазіргі таңда «АШҚҚ» АҚ арқылы «Ырыс» бағдарламасымен сүт және «Береке» бағдарламасымен ет бағытында 80 млн. тг несиеге құжаттарын дайындауда.
11) Алдашбай ахун а/о «Жеті Нұр Агро» АШӨК. Мүшелері 8 адам.
Көктемгі егіс 2017 жылы аудан бойынша егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі - 23910 гектар, оның ішінде күріш 14205 гектар.
01.04.2017 жылға 1981 гектар жоңышқа, 1120 гектар мақсары, 202 гектар бидай егіліп болды, 4369 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, су алуға дайын.
10 сәуірге дейін ерте көктемде егілетін дақылдар толық орналастырылып болады.
Тұқым 2017 жылдың егісіне қажетті, тексеруге түскен 4100 тн күріш тұқымының 52 пайызы себу дәрежесіне жеткізілді , 25 сәуірге дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Минералдық тыңайтқыш 2017 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 9,5 мың тоннаны құрайды.
Оның ішінде аммоний сульфаты 5,5 мың тонна, карбамид 2,55 мың тонна, аммофос 1,4 мың тонна, аммиак селитрасы 64 тонна.
Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 75,3 проценті тасылып алынды.
Гербицид Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі 12,7 мың литрді құрап, оның 4,5 мың литрі алынды.
Жанар-жағар майАуданның көктемгі егіс және дала жұмыстарына барлығы 2160 тонна дизель отыны қажет.
Жеңілдетілген дизель отыны жеткізуші оператор «Нефтьтранс - Қызылорда» ЖШС арқылы дизель отыны алынуда.
Техника.Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 151 трактор, 85 соқа, 40 тұқым сепкіш, 62 автомашина және 139 трактор тіркемесі толық жөндеуден өтіп, көктемгі егіс жұмыстарына қатысуда.
Су жүйелері дайындығы Қазіргі таңдасу жүйелерінің дайындығы 69 пайызды құрайды, «Қармақшысушар» өндірістік учаскесі мамандары су 15 сәуірге келетінін айтуда, су жүйелері толық дайын болады.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар.

2016 жылы 1709,1 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 100,1 % құрады.

Аудан бойынша биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 21,8 мың гектар болды, былтырғы жылмен салыстырғанда күріш 1365 гектарға аз болса, бидай (+80), мақсары (+670), мал азығындық дақылдар (+444) көлемі көбейіп отыр.

Барлық ауыл шаруашылық дақылдары уақытылы, оңтайлы мерзімде егіліп болды,4142 тонна (549 тн І, 2539 тн ІІ, 1054 тн ІІІ репродукциялы ) 100% жоғары репродукциялы күріш тұқымы жұмсалды. 960 тн аммофос, 2104 тн карбамид, 6370 тн. аммоний сульфаты минералдық тыңайтқыштары берілді.Бидай жиналып болды, (14 ц/га),майлы дақылдарды (мақсары) ору басталды. Ағымдағы жылдың 30 тамызында аудан бойынша күрішке алғашқы орақ басталды. Аудан көлеміндегі барлық шаруашылық құрылымдары бойынша егін жинау жұмыстары бүгінгі күнге жиналатын өнімнің 94,8 пайызы орылды.

Күріш орағына қатысатын 151 трактор, 97 комбайн, 75 жатка, 62 жүк көлігі, 139 трактор тіркемесі толық дайын. Күзгі дала жұмыстарына 1950 тн дизель отыны (алынғаны 550 тн), 440 тн(150 тн алынғаны) бензин, 132 тн.(52тн алынғаны)дизель майы бөлінді, шаруашылықтар белгіленген график бойынша, қажеттілігіне қарай алуда. (оператор «Нефтетранс Кызылорда» ЖШС)

Ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша 2016 жылы егіс көлемінің жиналуы жөнінде қорытынды мәлімет

Дақылегілген егіс көлемі,гажиналған көлем, га%орта өнім ц/габарлық өнім, тн
Барлық егіс көлемі2168521685100
Дәнді дақылдар1425514255100
о.і. жаздық бидай23023010012276
о.і. күріш140251402510058,381766
мақсары7007001006420
картоп 5755751001609200
көкөніс3263261002006520
бақша54354310020010860
жаңа жоңышқа191419141005957
ескі жоңышқа33723372100
о.і.шөпке257225721004010288
о.і.тұқымға8008001000,756
табиғи шөп, тн48000
барлық дайындалған мал азығы, тн58288


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2015 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар.

2015 жылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдары ауыл шаруашылық дақылдарын 20904 гектарға орналастыруға межеленсе 21983 гектар жерге орналастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,8 пайызға артық.
Оның ішінде: күріш-15390 гектар, жаздық бидай - 150 га, мақсары – 175 га, ескі жоңышқа – 3180 га, жаңа жоңышқа-1662 га, картоп – 659 га, көкөніс – 309 га, бақша – 458 га болды.
2014 жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2,8 пайыз, 596 гектарға артық орналастырылды. Негізгі дақыл болып есептелетін күріш көлемі 7,5 пайыз, 1069 гектарға, мал азығындық ескі жоңышқа көлемі өткен жылғы көлемнен 186 гектарға, жаңа жоңышқа 82 гектарға көбейді. 2015 жылы егілген күріш дақылына 4093 тонна І-ІІ репродукциядағы тұқым себілді. Егіс алқаптарына агротехникалық талаптарға сай 8503 тонна аммоний сулфаты, 1870 тонна карбамид, 1152 тн фосфор тыңайтқыштары пайдаланды, бұдан басқа гулливер – 197 кг, рейнбоу – 3780 кг, азимекс – 80 кг, 2М-4Х75 гербицидтері жұмсалды.
Көктемгі, күзгі дала жұмыстарына дизель отынының «Нефтьтранс Қызылорда» ЖШС-і жеткізуші оператор болып бекітіліп, шаруашылықтар келісім шартқа отырып кедергісіз алып отырды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына қолдаулар көрсетіліп барлығы 640,5 млн. теңге субсидилар берілді, оның ішінде егін шаруашылығына 590,7 млн.теңге, мал шаруашылығына 49,8 млн. теңге. Ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетация кезеңінде 445960,0 мың текше метр су пайдаланылды, су жеткізу қызметі үшін 73,9 млн. теңге субсидия төленді.
Диқандар қауымының жаз бойғы еңбегінің нәтижесінде аудан бойынша өсірілген бітік егін қазан айына дейін төкпей – шашпай жиналып алынды.Күріш дақылының әр гектарынан 53,1 центнерден өнім алынып, 80,0 мың тоннадан аса өнім жиналды. Бұл аудан тарихында бұрын-соңды болмаған өнім. Жылдағы дәстүрмен «Жаңажол» ЖШС биыл да облыста алдыңғы қатардан көрінді, сонымен қатар «Ақтөбе и К» ЖШС-нің жақсы жұмыстар атқарғанын айту керек.
Соңғы жылдары шаруашылықтардың машина-трактор паркі шетелдік қуаттылығы жоғары техникалармен айтарлықтай жаңартылып, үстіміздегі жылы 10 КЛАСС, 2 ДжонДир комбайны, 10 МАРА жер тегістеуіші, т.б әр түрлі өнімділігі жоғары ауылшаруашылық техникалары алынды.

  • Құрылған күні: 05.10.2017 02:03
  • Жаңартылған күні: 09.07.2019 14:10
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі