19.05.2019

Валюта бағамы:

Ветеринария

Ветеринария саласы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша 2019 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға аудандық бюджеттен 72687,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 21806,1 мың теңгесі игерілді.

Осы қаржыға (эпизоотиялық аурулар) оның ішінде аусылға қарсы МІҚ- 10000 бас, уақ мал- 16000 бас, сібір жарасына МІҚ –10000бас, жылқы - 2000 бас, түйе-700 бас, эхиноккокоз ит – 750 бас,қарасан МІҚ -2000 бас, оба түйе – 1000 бас, уақ малға-2000 бас,брадзот уақ мал -3000 бас, туберкуллезге қарсы МІҚ - 8500 бас, түйе - 650 бас,маңқа жылқы - 500 басқа, нодулярлы дерматит МІҚ-11400 басқа алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 6436,0 мың теңге бөлінді.

Энзоотиялық ауруларға қарсы өттеуге МІҚ – 5140 бас, сақауға жылқы -3800 басқа егу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылға ауру жануарларды санитарлық сою мен жоюды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 636,0 мың теңге, жоюға 373,0 мың теңге қаржы қаралды. Бөлінген қаржылар аурудың анықталуына байланысты игерілетін болады.

Иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 3166,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 790,5 мың теңгесі игеріліп, 621 ит,9 мысық жойылды. Барлығы, 56 ит паспортталды.

2019 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге аудандық бюджеттен 2104,0 мың теңге қаржы қаралды. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес МІҚ-10000 бас, уақ мал-20000 бас, жылқы-2000 бас, түйе-600 бас, шошқа-300 басқа бекітіліп, осы кезеңге МІҚ-2400 бас, уақ мал-1750 бас, жылқы-1016 бас, түйе-23 басқа орындалып, ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу дерек қорына енгізілді.

Үстіміздегі жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен Қармақшы ауданы бойынша 15 елді мекені қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын. Атап айтқанда Т. Көмекбаев (Бөртөбе, Тектұрмас), Кекірелі, Шобанқазған, Қуаңдария, Тұрмағамбет, Ақжар, Таңшапағы, Смайыл тамы, Иіркөл, Төребай би, Жосалы кенті, Қорқыт ата бекеті, Диірментөбе, Кемесалған (Уәлі малшы ауылы), Ақай.

Осы елді мекендерге залсызданыру жұмыстарын жоғарғы деңгейде орындау мақсатында аудан әкімінің «Аудан көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық безгегі індетін алдын-алу туралы» 2019 жылғы 01 наурыздағы №238-ө/нқ өкімімен іс-шаралар жоспары мен штаб құрамы бекітілді. Аталған қолайсыз болып анықталған елді мекендердің барлығы мал басы МІҚ-18563 бас, уақ мал-32728 бас, түйе-2070 бас, қора-3797, 64-суттар мен 72-шаңлақтар нақтыланып, қазіргі таңда санитариялық тазалау жұмыстары жүргізілді.


Ветеринария саласы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша 2018 жылы аудандық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға бөлінген 68573,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді, осы қаржыға құтыруға қарсы МІҚ-3 500 бас, жылқы-300 бас, түйе-350 бас, ит-2 100 бас, мысық-1 100 бас, аусылға МІҚ-50 000 бас, уақ мал-108 000 бас, шошқа-500 бас, пастереллез МІҚ-15 000 бас, уақ мал-3 000 бас, сібір жарасы МІҚ- 25 000 бас, уақ мал 50 000, жылқы-5 000 бас, түйе-2 700 бас, шошқа-500 бас, эхинококкоз-3 000 бас, күл уақ мал-31 000, қарасан МІҚ-20 500 бас, оба түйе-1 350 бас, уақ мал-5 000, бродзот уақ мал-10 300 бас, туберкуллез МІҚ-47 000 бас,маңқа жылқы-1 800 басқа, нодулярлы дерматит МІҚ-18 000.

Сонымен қатар, энзоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға бөлінген 6436,0 мың теңге қаржыға энзоотиялық ауруларға қарсы өттеу МІҚ-10 800 бас, бауыр құрт уақ мал-29 500, жылқы сақау-4 000 бас, гастрофилез жылқы-1 800 бас, пироплазмоз МІҚ-6 700 бас, трипономосоз түйе-1550 басқа алдын ала егу жоспарға сәйкес жүргізілді.

2018 жылға ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 600,0 мың теңге, игерілгені 118,0 мың теңге жоюға 352,0 мың теңге қаржы қаралып, игерілгені 257,3 мың теңге. 2018 жылға арналған аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін диагностикалық тексеру жоспарына сәйкес сарып (бруцеллез) МІҚ-37 082 бас, уақ мал-80 200 бас, жылқы-55 бас, түйе-2800 бас, шошқа-220 басқа тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 3 бас мүйізді ірі қара мен 5 бас уақ малдардан сарып (бруцеллез) ауруы анықталды.

Осы жұмыстарға байланысты Түркістан қаласындағы «Түркістан» селолық тұтыну кооперативі мен бөлім арасында өзара әріптестік келісім туралы меморандумға отырылып, барлығы3 бас МІҚ, 4 бас уақ мал өткізілді. Ауру малдар орналасқан қоралар түгелдей залалсыздандырылды.

Сондай ақ, 2018 жылы иесіз, қаңғыбас ит, мысықтарды аулап, жоюға аудандық бюджеттен 2987,0 мың теңге қаржы қаралып,кент, әр бір елді мекенде жою шаралары күнделікті жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жыл басынан бері кент, елді мекендерде барлығы 1706 ит, 52 мысық ауланып, жойылса, 624 ит паспортталды.

2018 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге аудандық бюджеттен 1375,6 мың теңге қаржы қаралып, 1260,9 мың теңгесі игерілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес МІҚ-10000 бас, уақ мал-20000 бас, жылқы-2000 бас, түйе-600 бас, шошқа-300 басқа бекітіліп, осы кезеңге МІҚ-14098 бас, уақ мал-31730 бас, жылқы-3869 бас, түйе-789 бас, шошқа-399 басқа орындалып, ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу дерек қорына енгізілді.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі мал қозғалысы ішкі сауда объектілері мен мал сою алаңдары күнделікті бақыланып отырады.

Жыл басынан көршілес облыс, аудандардан тасымалданған 153 бас МІҚ,14 бас жылқы, 11 бас уақ малдарының ілеспе құжаттары тексерілсе, 6 бас түйе малы Біріккен Араб Әмірлігіне экспортталуға карантиндік бақылауға алынды.

2018 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен Қармақшы ауданы бойынша 17 елді мекені қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын. Атап айтқанда Т. Көмекбаев (Бөртөбе, Тектұрмас), Кекірелі, Қуаңдария, Алдашбай ахун,Ақжар, Таңшапағы, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Иіркөл, Төребай би, Жосалы кенті, Қорқыт ата бекеті, Диірментөбе, Кемесалған (Уәлі малшы ауылы), Абыла, Анакөл,Қызылтам, Ақай. Барлығы 18 елді мекендердің мал басы МІҚ-20932 бас, уақ мал-36432 бас, түйе-2436 бас, шошқа-290 бас,қора-4678, 80-суттар мен 105-шаңлақтар саны мен көлемі нақтыланды.

Осы қолайсыз болып анықталған 18 елді мекеннің мал басы, қора, шаңлақтар мен суаттарды көктемгі залалсыздандырудың 1 және 2 кезеңдерітолығымен аяқталды. Бұл жұмыстарды жүргізуге мердігер «Төрт-түлік белгілері» ЖШС мекемесі 11 арнайы техникаларымен 16 адам тартылып, дезинсекциялық шаралар ЦИПЭК 10 % ерітіндісімен, нұсқаулыққа сәйкес жүргізілді.

Сонымен бірге, аудан көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мен тұрғындарды кене шағудан қорғану мақсатында елді мекендерде хабарламалар ілініп, жергілікті газет беттеріне материалдар жарияланса, тиісті облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен көшпелі мәжіліс өткізілді.


Ветеринария саласы бойынша 2018 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша 2018 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен 68573,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 53532,0 мың теңгесі игерілді. Осы қаржыға (эпизоотиялық аурулар) оның ішінде қаржыға құтыруға қарсы МІҚ-3000 бас, жылқы-300 бас, түйе-350 бас, ит-1600 бас, мысық-900 бас, аусылға МІҚ-39000 бас, уақ мал-75000 бас, шошқа-500 бас, пастереллез МІҚ-11000 бас, уақ мал-3000 бас, сібір жарасы МІҚ- 22500 бас, уақ мал 44000, жылқы-5000 бас, түйе-2700 бас, шошқа-500 бас, эхинококкоз-2250 бас, күл уақ мал-23 500, қарасан МІҚ-15500 бас, оба түйе-1350 бас, уақ мал-5000, бродзот уақ мал-8600 бас, туберкуллез МІҚ-37000 бас, маңқа жылқы-1400 бас жылқыға егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4544,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда 3461,2 мың теңгесі игерілді. Энзоотиялық ауруларға қарсы өтеу МІҚ-5000 бас, бауыр құрт уақ мал-18500, жылқы сақау-4000 бас, гастрофилез жылқы-1800 бас, пироплазмоз МІҚ-5550 басқа егу жұмыстары жүргізілді. Ауру жануарларды санитарлық сою мен жоюды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 600,0 мың теңге, 118 мың теңгесі игерілді, жоюға 352,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда 257,3 мың теңгесі игерілді. Иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 2987,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 2278,0 мың теңгесі игеріліп, 1443 ит, 48 мысық жойылды. Барлығы 2300 ит және 1100 мысық есепке алынып, 589 ит паспортталды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуге 1375,6 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда 688,0 мың теңгесі игерілді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және дерек қор базасына тіркеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес орындалуда. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің мәліметі бойынша жоспарланған 10000 бас мүйізді ірі қара малының - 11898 бас, 20000 бас уақ малдың –16403 бас, 600 бас түйе малының –393 бас, 2000 бас жылқы малының - 1749 бас, 300 бас шошқа малының - 393 басы бірдейлендіріліп, дерек қорға енгізілді.


Ветеринария саласы бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша 2018 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен 68573,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 38312,0 мың теңгесі игерілді. Осы қаржыға (эпизоотиялық аурулар) оның ішінде аусылға қарсы МІҚ - 21000 бас, уақ мал - 45000 бас, пастереллез МІҚ – 6900 бас, сібір жарасына МІҚ – 20000 бас, түйе - 1700 бас, туберкулезге қарсы МІҚ - 23500 бас, брадзот уақ мал – 4700 бас, оба уақ малға - 5000 бас, түйеге – 1350 бас, маңқаға қарсы 700 бас жылқыға егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4544,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда 2543,9 мың теңгесі игерілді. Энзоотиялық ауруларға қарсы өтеуге МІҚ – 5000 бас, сақауға МІҚ - 4000 бас, пироплазмоз МІҚ - 3100, бауыр құрты уақ мал - 15200бас, гастрофилез жылқы - 1800 басқа егу жұмыстары жүргізілді. Ауру жануарларды санитарлық сою мен жоюды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 600,0 мың теңге, жоюға 352,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда 118 мың теңгесі игерілді. Иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 2987,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 1504,5 мың теңгесі игеріліп, 1085 ит, 36 мысық жойылды. Барлығы 2300 ит және 1100 мысық есепке алынып, 489 ит паспортталды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуге 1375,6 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда 687,8 мың теңгесі игерілді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және дерек қор базасына тіркеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес орындалуда. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің мәліметі бойынша жоспарланған 10000 бас мүйізді ірі қара малының - 6980 басы 69% , оның ішінде дерек қорға енгізілгені – 6980 бас 69%, 20000 бас уақ малдың - 12288 басы 61%, дерек қорға енгізілгені - 12288 бас 61%, 600 бас түйе малының – 382 басы 63%, дерек қорға енгізілгені – 382 бас 63%, 2000 бас жылқы малының - 1218 басы 60%, дерек қорға енгізілгені - 1218 бас 60%, 300 бас шошқа малының - 376 басы 125% бірдейлендіріліп, дерек қорға - 376 басы 125% енгізілді.


Ветеринария саласы бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша 2018 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен 68573,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 20572,0 мың теңгесі игерілді. Осы қаржыға (эпизоотиялық аурулар) оның ішінде аусылға қарсы МІҚ - 10000 бас, уақ мал - 15000 бас, пастереллез МІҚ – 900 бас, сібір жарасына МІҚ – 13800 бас, түйе - 700 бас, туберкулезге қарсы МІҚ - 9000 бас, брадзот уақ мал – 1300 бас, оба уақ малға - 2000 бас, түйеге – 1350 бас, маңқаға қарсы 300 бас жылқыға егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4544,0 мың теңге бөлінді. Энзоотиялық ауруларға қарсы өтеуге МІҚ – 5000 бас, сақауға МІҚ - 4000 басқа егу жұмыстары жүргізілді. Ауру жануарларды санитарлық сою мен жоюды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 600,0 мың теңге, жоюға 352,0 мың теңге қаржы қаралды. Бұл қаржы аурулардың анықталуына байланысты игерілетін болады. Иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 2987,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 751,4 мың теңгесі игеріліп, 647 ит, 28 мысық жойылды. Барлығы 2300 ит және 1100 мысық есепке алынып, 489 ит паспортталды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуге 1375,6 мың теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және дерек қор базасына тіркеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес орындалуда. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің мәліметі бойынша жоспарланған 10000 бас мүйізді ірі қара малының - 3374 басы 34%, оның ішінде дерек қорға енгізілгені – 3374 бас 34%, 20000 бас уақ малдың - 845 басы 4 %, дерек қорға енгізілгені - 845 бас 4%, 600 бас түйе малының – 105 басы 17 %, дерек қорға енгізілгені – 105 бас 17%, 2000 бас жылқы малының - 489 басы 24%, дерек қорға енгізілгені - 489 бас 24%, 300 бас шошқа малының - 17 басы 6% бірдейлендіріліп, дерек қорға 17 басы 6% енгізілді. 2018 жылы Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 17 елді мекені қолайсыз елді мекендер қатарына еніп отыр. Атап айтқанда Анакөл, Таңшапағы, Қызылтам, Қармақшы (Абыла), Қуаңдария, Кекірелі, Т.Көмекбаев, Алдашбай Ахун, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Төребай би, Ақай, Диірментөбе, Қорқыт бекеті, Кемесалған, Жосалы кенті. Осы жұмыстарды жоғары деңгейде орындау мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Аудан көлемінде Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы» 23.02.2018 жылғы №186-Ө/НҚ санды өкіміне сәйкес аудандық штаб құрамы бекітілді. Осы қолайсыз болып анықталған елді мекендердің мал басы МІҚ - 19 653 бас, уақ мал - 34064 бас, түйе - 2426 бас, шошқа - 290 басқа, қора - 4526, 76 - суаттар мен 100 - шаңлақтар нақтыланды. Санитариялық тазалау (қораларын механикалық қалдықтарын тазарту) жұмыстарын жандандыру мақсатында ауылдық округ әкімдеріне қатынас хаттар жолданды. Әрбір елді мекендерде хабарламалар ілініп, жергілікті «Қармақшы таңы» газетінде жарияланды.


Ветеринария саласы бойынша 2017 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша2017 жылы аудандық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға бөлінген 65258,0 мың теңге қаржы толығымен игеріліп, эпизоотиялық ауруларға қарсы құтыруға МІҚ-3300 бас, уақ мал-700 бас, жылқы-300 бас, түйе-300 бас, ит-2000, мысық-1000 басқа, аусылға қарсы МІҚ-50000 бас, уақ мал-107000 бас, шошқа-500 бас, лептоспирозға қарсы МІҚ-6000 бас, уақ мал-12000, листериозға қарсы МІҚ-6500 бас, листериоз уақ мал-8500 бас, пастереллезге қарсы МІҚ-14500 бас, уақ мал-3000, сібір жарасына қарсы МІҚ-25000 бас, уақ мал-50000 бас, жылқы-4500, түйе-2500 бас, шошқа-500, эхинококкоз ит-3000, күл ауруына қарсы уақ мал-30000 бас, қарасанға қарсы МІҚ-20000 бас, оба түйе-2500 бас, уақ мал-5000 бас, бродзот уақ мал-20000 бас, туберкуллез МІҚ-45000 бас, түйе-2500 бас, маңқа жылқы-3000 басқа алдын ала егіліп, жоспарға сәйкес жүргізілді.Сонымен бірге, энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4287,0 мың теңге қаржыда толығымен игеріліп, энзоотиялық ауруларға қарсы МІҚ тейлериоз – 5000 бас, уақ малдың бауыр құрты-21800 бас, жылқы сақау - 4200 бас, түйе қатпа – 2100 бас, пироплазмоз МІҚ – 2300 басқа егу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылға ауру жануарларды санитариялық сою мен жоюды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 898,0 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. Бруцеллез ауруына қарсы тексеру жұмыстары бойынша 26237 бас мүйізді ірі қара, 58503 бас уақ малдар тексерілді. Нәтижесінде 32 бас мүйізді ірі қара мен 55 бас уақ малдардан бруцеллез ауруы анықталды. Осы жұмыстарға байланысты Түркістан қаласындағы «Түркістан» селолық тұтыну кооперативі мен бөлім арасында өзара әріптестік келісім туралы меморандумға отырылып, барлығы 29 бас МІҚ, 55 бас уақ мал өткізілді. Ауру малдар орналасқан қоралар түгелдей залалсыздандырылды. 2017 жылы иесіз, қаңғыбас ит, мысықтарды жоюға аудандық бюджеттен бөлінген 2818,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Иесіз ит, мысықтарды жою кестесі бекітіліп, кент, әр бір елді мекенде жою шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда жыл басынан бері Жосалы кентінде -1090 ит, 47 мысық, ІІІ Интернационал-78 ит, Төретам кенті-204 ит, Ақай-66 ит, Төребай би-16 ит, 1 мысық, Алдашбай ахун-25 ит, Тұрмағамбет-42 ит, Ақжар-17 ит, Ақтөбе-56 ит, Жаңажол-15 ит барлығы 1609 ит, 48 мысық ауланып, жойылса, барлығы 450 ит паспортталды. 2017 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасын күйге келтіруге аудандық бюджеттен 1873,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда толық игерілді. Сондай ақ, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жыл басынан бері МІҚ-10747 басқа, уақ мал-20696 басқа, жылқы-2523 басқа, түйе-676 басқа, шошқа-219 басқа орындалып, ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу дерек қорына енгізілді. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі мал қозғалысы ішкі сауда объектілері мен мал сою алаңдары күнделікті бақыланып отырады. Ағымдағы жылы жыл басынан көршілес облыс, аудандардан тасымалданған 64 басы асыл тұқымды бұқалар, 4 бас жылқы, 47 бас уақ мал, 2 бас түйе малдарының ілеспе құжаттары тексеріліп, карантиндік бақылауға алынды. 2017 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 15 елді мекені қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын. Атап айтқанда Анакөл, Таңшапағы, Қызылтам, Қармақшы Абыла, Қуаңдария, Т. Көмекбаев, Алдашбай ахун, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Төребай би, Жосалы кенті, Ақай, Диірментөбе, Қорқыт ата бекеті. Аталған қолайсыз болып анықталған елді мекендердің мал басы МІҚ-18 290 бас, уақ мал-35 614 бас, түйе-2046 бас, шошқа-280 бас, қора-4 497, 69-суаттар мен 101-шаңлақтар нақтыланып, көктемгі залалсыздандырудың 1 және 2 кезеңдері жүргізілді. Қазіргі таңда, осы қолайсыз болып анықталған 15 елді мекеннің мал басы, қора, шаңлақтар мен суаттарды көктемгі залалсыздандырудың 1 және 2 кезеңдері толығымен аяқталды. Бұл жұмыстарды жүргізуге мердігер «Дезо Сервис» мекемесі 4 арнайы техникаларымен 17 адам тартылып, дезинсекциялық шаралар креолин және ЦИПЭК 25 % ерітіндісімен, нұсқаулыққа сәйкес жүргізілді. Сонымен бірге, аудан көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мен тұрғындарды кене шағудан қорғану мақсатында елді мекендерде хабарламалар ілініп, «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және одан сақтану шаралары» атты 11.03.2017 жыл №19 санды «Қармақшы таңы» газетінде және «Кене энцофолиті және аурудың алдын алу жолдары» тақырыбында «Ел тілегі» газетінде 27.04.2017 жылы №17 санында материалдар жарияланды.


Ветеринария саласы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша 2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен 64 млн 258 мың теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн 634 мың теңге қаржы толық игеріліп, барлығы 1544 ит, 102 мысық жойылды. Барлығы 3453 ит және 1040 мысық есепке алынып, 3000 ит паспортталды.
Сондай ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуге бөлінген 1750,0 мың теңге толығымен игерілді.
Ауыл шаруашылығы жануаралрын бірдейлендіру және дерек қор базасына тіркеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес орындалуда.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің мәліметі бойынша жоспарланған 9000 бас мүйізді ірі қара малының - 12002 басы, оның ішінде дерек қорға енгізілгені - 12002 бас, 20000 бас уақ малдың - 23440 басы, дерек қорға енгізілгені - 23440 бас, 500 бас түйе малының - 742 басы, дерек қорға енгізілгені – 742 бас, 900 бас жылқы малының - 2259 басы, дерек қорға енгізілгені - 2259 бас, 200 бас шошқа малының - 247 басы бірдейлендіріліп, дерек қорға 247 басы енгізілді.
Зерттеулер қорытындысымен аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 12 қолайсыз елді мекендер қатарына енген елді мекендерінің күзгі айында тендер жеңімпазы Қызылорда қаласының «Дезинфекция» ЖШС арнайы техникаларымен (2- Уаз Дук автокөлігі, 12 адам) аудан бойынша барлығы 16 864 бас мүйізді ірі қараға, 29 352 бас уақ малға, 1399 бас түйеге, 420 бас шошқаға, 4714 қораға, 28 суатқа, 101 мал жиналатын шаңылақтарға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.
Осы жұмыстарды жоғары деңгейде орындау мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Аудан көлемінде Қырым Конго геморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы» 24.03.2016 жылғы № 51-Ө /НҚ санды өкіміне сәйкес аудандық штаб құрамы бекітілді. Сондай ақ барлығы 40 900 бас уақ мал ванналарда тоғытылды.
Барлық елді мекендерде тұрғындардың мал қораларына механикалық тазарту жұмыстары толық атқарылып және аудан тұрғындарына кенеге қарсы үгіт насихат жүргізілді.


Ветеринария саласы бойынша 2015 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Ветеринария саласы бойынша 2015 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға Республикалық бюджеттен 55 млн 258 мың теңге қаржы бөлініп, қаржы толық игерілді.
Осы қаржыға (эпизоотиялық аурулар) оның ішінде аусылға қарсы МІҚ- 60000 бас, уақ мал- 127200 бас, шошқа – 900 бас, оба қарсы түйе - 2000 бас, сібір жарасына МІҚ - 31000 бас, уақ мал – 60000 бас, жылқы - 3000 бас, түйе - 2000 бас, шошқа-500 бас, қарасанға МІҚ - 10000 бас, күлге уақ мал - 45000 бас, туберкуллезге қарсы МІҚ - 40000 бас, түйе – 2000 бас, құтыру МІҚ-5000 бас, уақ мал-2500 бас, жылқы-2000 бас, ит-2500 бас, мысық-1100 бас, Лептеспироз МІҚ-10000 бас, уақ мал-5500 бас, листериоз МІҚ-7000 бас, уақ мал-2000 бас, Пастереллез МІҚ-13000 бас, шошқа-500 бас, Брадзот уақ мал-7500 бас, маңқаға қарсы 3000 бас жылқыға егу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге энзоотиялық ауруларға қарсы егуге аудандық бюджеттен бөлінген 4745,0 мың теңге қаржы игерілді.
Осы бөлінген қаржыға барлығы (энзоотиялық аурулар) Сақау жылқы-3300 бас, су ауруы түйе-1600 бас, бауыр құрт уақ малға-28950 бас, пироплазмозға МІҚ-4800 бас, Гастрофиллез жылқы-950 басқа вакцина егілді.
Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 5700,0 мың теңге бөлініп, осы кезеңге 110 мың теңгесі игерілді. Осы жұмыстарға байланысты Қазалы ауданындағы «Рза-Нан» ЖШС-гімен бөлім арасындағы өзара әріптестік келісім туралы меморандумға отырылып, барлығы 3 бас уақ мал өткізілді.
Үстіміздегі жылы иесіз ит, мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн 462 мың теңге қаржыға барлығы 1461 ит, 180 мысық жойылды. Оның ішінде Жосалы кенті бойынша 1104 ит, 157 мысық, Төретам кентінде 145 ит, Ақай ауылдық округінде 73 ит, ІІІ-Интернационал ауыл округі бойынша 57 ит, 15 мысық, Иіркөл ауыл округі бойынша 6 ит, 3 мысық, Ақтөбе ауыл округі бойынша 58 ит, 5 мысық, Қармақшы ауыл округі бойынша 11 ит, Жосалы ауыл округі бойынша 7 ит жойылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде 2955 ит және 1505 мысық есепке алынып, оның ішінде 2040 ит паспортталды.
Сондай ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуге бөлінген 2461,0 мың теңге толық игерілді.
Ауыл шаруашылығы жануаралрын бірдейлендіру және оларды дерек қор базасына енгізу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.
2013 жылы зерттеулер қорытындысымен аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның («Қармақшы», («Қуаңдария» а/о, «Қызылтам», Жосалы кенті) қолайсыз елді мекендер қатарына енген болатын.
Осы елді мекендерді күзгі және көктемгі айларда залалсыздандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 2487,2 мың теңге бөлініп, залалсыздандыру жұмыстарының көктемгі, күзгі кезеңдерінде «Креолин» Х препараттарымен тендер жеңімпазы Қызылорда қаласының «Дезинфекция» ЖШС 5 бригада (27 адам) арнайы техникаларымен Жосалы кентінде
жоспарланған 5128 бас мүйізді ірі қара, 4084 бас уақ мал, 490 бас түйе, 167 қора, 9 суат, 9 мал жиналатын шаңылақтар, «Қармақшы» елді мекенінде 1973 бас мүйізді ірі қара, 4458 уақ мал, 673 бас түйе, 248 қора, 18 суат, 18 мал жиналатын шаңылақтар және «Қызылтам» елді мекенінде 577 бас мүйізді ірі қара, 1091 бас уақ мал, 17 бас түйе, 69 қора, 2 суат, 2 мал жиналатын шаңылақтар және «Қуаңдария» елді мекенінде 1217 бас мүйізді ірі қара, 1494 бас уақ мал, 390 бас түйе, 167 қора, 15 суат, 12 мал жиналатын шаңылақтар залалсыздандырылды.
Осы жұмыстарды жоғары деңгейде орындау және алдағы уақытта аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің «Аудан көлемінде Қырым Конго геморрагиялық қызбасының алдын-алу туралы» 06.04.2015 жылғы №108-Ө санды өкіміне сәйкес аудандық штаб құрамы бекітілді.
Барлық елді мекендерде тұрғындардың мал қораларына механикалық тазарту жұмыстары толық атқарылып және аудан тұрғындарына кенеге қарсы үгіт насихат, облыстық, аудандық түтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының мамандарымен семинар-кеңестер ұйымдастырылып және жергілікті газет бетінде мақала жарияланды. 2014 жылы ауданның 13 елді мекендерінде типтік жобада мал көмінділерін салуға облыстық бюджеттен 129441,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ал Төретам кентінде жердің көп бөлігі Ресей мемлекетіне жалға берілгендіктен бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілмеді. Аудан бойынша 13 типтік жобадағы мал көмінділері жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне енгізілген. Сонымен қатар ауданның 12 елді мекендерінде (Ақтөбе, Қармақшы, Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Иіркөл, ІІІ-интернационал, Ақжар, Дауылқөл, Алдашбай ахун, Жосалы, Ақай, Жаңажол) мал тоғытатын ванналарда уақ малдардың көктемгі, күзгі тоғыту жұмыстарының кестесі жасалып, көктемгі айда 28653 бас, күзгі айда 35879 басқа тоғыту жұмыстары жүргізілді. Төретам кентінде санитарлық талапқа сай жердің болмауына орай, яғни, жердің көп бөлігі Ресей мемлекетіне жалға берілгендіктен, мал тоғытатын ванна салу құрылысы жүргізілмеді. Төретам, Жосалы кенттерінде әр үйдің аулаларында қолмен шашу арқылы жүргізілді.Сондай-ақ Жосалы кентінен екі мал тоғытатын ванналардың жері белгіленіп, құрылыс жұмыстарына 1400,0 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Сонымен бірге сібір жарасы індетінің Кадастрге тіркелген 2 ошағына байланысты аудан әкімдігінің 27.02.2015 жылғы № 102-Ө өкімімен «Сібір жарасы індетінің Кадастрі» координаттарын нақтылау жөнінде жұмысшы тобы құрылды.
Осыған орай арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде індет ошақтарының координаттары анықталды. Қазіргі уақытта құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 152 000 теңге бөлініп, «Жер ҒӨО» РМК-ның Қызылорда филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесімен келісім-шартқа отырылды. Бұл жұмыстар толық атқарылды.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 08.04.2019 17:41
  • Көргендер саны: 1725
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі