19.11.2019

Валюта бағамы:

Алаяқтықтан сақ болайық!

Байқоңыр қаласының прокуратурасымен қадағалау аумағындағы қылмыстылық деңгейіне талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау негізінде ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда өңірімізде алаяқтық санатындағы қылмыстардың өсім алуы қала прокуратурасын алаңдатып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сай, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Десекте, алаяқтықтық қылмыстары қазіргі кезде қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беруде. Өңіріміздегі бұл қылмыстың жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялар яғни, интернет жүйесімен жұмыс жасайтын мобильдік «Whatsapp», «ВК» жүктемелері арқылы алаяқтық айналысушы кез-келген тұлғаның «чат» мәзіріне басқа тұлғалардың мобильдік телефон нөмірін қосу арқылы олардың сеніміне кіріп, алдау-арбау арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденумен ұштасуда. Бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады. Мәселен, олар интернетті пайдаланатындықтан, қала, облыс аралық деңгейде таралуымен ерекшеленеді. Яғни, бір қалада отырып, екінші қаладағыадамдарды алдап-арбай беретін шекара талғамау сипаты бар. Екіншіден, интернет-алаяқтар жасырын болып келеді және олар жалған жеке тұлғалардың атынан жиі әрекет етуде. Ағымдағы жылы қадағалау аумағында "Whatsapp" «МК-Портал Байконур» мессенджері арқылы 36 азаматшаның 4 684 500 тенге ақшасын алаяқтық жолмен алып, соңғыларға мүліктік шығын келтірген қылмыстық іс тіркелген. Қала прокуратусымен істі зерделеу барысында күдікті «МК-Портал Байконур» чатына «қаржы пирамидасы» секілді «Тез әрі жеңіл ақша тапқыңыз келеме? 5000 тенге салсаңыз, 7000 теңге аласыз, 10000 теңге салсаңыз, 15000 теңгеаласыз» деген мәтінде смс хабарлама таратып, жәбірленушілердің ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденген. Нәтижесінде, бірнеше азамат алаяқтың арбауына түсіп, өздеріне тиесілі қаражаттарынан айырылған. Бұдан бөлек, қарапайым халық несие алу, жұмысқа орналасу, пәтер, жер алып беру түріндегі қызметтердің қолданыстағы заңнама талаптарына сай белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатындығынан бейхабар болып, аталған қызметтерді жеңіл жолмен жүзеге асырып беретіні туралы жалған уәде беретін алаяқтардың арбауына түсіп қалуда. Көбіне бұл жағдайлар жалған жолмен жасалған «сенімхат» арқылы орын алады. Қала прокуратурасы жоғарыда келтірілген деректерді негізге ала отырып, кез-келген күдікті әрекеттер мен жарнамаларадан сақ болуға шақырады.

Байқоңыр қаласының прокуратурасы

  • Жарияланған күні: 27.09.2019 08:56
  • Жаңартылған күні: 30.09.2019 14:05
  • Көргендер саны: 143
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі