03.06.2020

Валюта бағамы:

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ашық есік күніне шақырады

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында 10:00 мен 17:00 аралығында Қызылорда қаласы, Тәжібаев көшесі, 26 үйдеөтетін «Ашық есік күніне» шақырады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».

Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі:

  • міндетті зейнетақы жинақтары;
  • міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;
  • ерікті зейнетақы жинақтары туралы.

Бұған қоса, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы мәлімет алу әдістері туралы біле аласыздар:

  • пошта арқылы;
  • электрондық пошта арқылы;
  • www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы;
  • «e-mail–ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу» электрондық сервисі арқылы;
  • ENPF мобильді қосымшасы арқылы;
  • EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы.

Сонымен қатар, біздің мамандарымыз зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарыңыз бойынша жеке кеңес беруге дайын.

enpf.kz

  • Жарияланған күні: 18.06.2018 10:22
  • Жаңартылған күні: 18.06.2018 10:24
  • Көргендер саны: 887
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі