24.02.2019

Валюта бағамы:

Аудан тұрғындарының назарына

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы екі ай ішінде Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдайтын болады.
Аудан бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау бағытындағы тиісті ұсыныстар мен ақпараттарды ұсыну мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы тобы құрылды.
Осы мақсатта аудандық жұмысшы топ әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Зерделеу нәтижесімен тұрғындардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері шешімін табуы үшін аудандық, облыстық және республикалық болып, 3 деңгейге бөлінеді. Аудан деңгейінде ұйымдастырылатын шаралар бойынша нақты жұмыс жоспары бекітілетін болады. Ал облыс, республика деңгейінде шешімін табуы тиісті мәселелер жоғары тұрған органдарға жіберіледі.


Қосымша ақпарат үшін аудан әкімдігінің жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2-16-53, 2-16-81 телефон номерлеріне хабарласуға болады.


Қармақшы ауданы әкімдігі
  • Жарияланған күні: 09.02.2019 10:18
  • Жаңартылған күні: 11.02.2019 23:00
  • Көргендер саны: 38
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі