19.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы бойынша жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 175 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қармақшы аудандық білім бөлімі» КММ 120500, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №7 , 2 қабат, №1 кабинет.

Конкурстық құжат ақысыз ұсынылады.

Жалпы ережелер

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қызмет көрсететін жеткізушіні таңдау мақсатында конкурс жүргізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындарды анықтау.

«Қармақшы аудандық білім бөлімі» КММ жан басына қаржыландырғанда бір балаға 33 560 теңге тұратын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 175 (жүз жетпіс бес) жаңа орындардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың негізгі факторы, Байқоңыр қаласының тұрғындарының жоғары сұранысы болып табылады.

Конкурсқа қатысуға өтінішті рәсімдеу талаптары және конкурсқа қатысуға өтініш салынған потенциалды жеткізушілердің ұсыныстары.

Конкурсқа қатысуға өтініштер

Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі.Өтініш ерікті нысанда жазылады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6)"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін рәсімдеуге қойылатын талаптар

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Потенциалды жеткізуші конкурсқа қатысу өтінімін конвертке салып, сыртқы жағында потенциалды жеткізушінің толық атауы және мекен-жайы, конкурс ұйымдастырушысының толық атауы және мекен-жайы көрсетіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жазылып, ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың тәртібі

Конкурсқа өтінімді потенциалды жеткізушілер немесе олардың сенімді өкілдерімен конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе почта байланысының тапсырысын қолдана мына мекен-жайға:

«Аудандық білім бөлімі» КММ 120500, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, №7, 2 қабат тел. 2-16-31, 2-12-97 2019 жылдың «25» қазанынан «14» қазанғадейін сағат 13-00 дейін.

Потенциалды жеткізушілер немесе олардың сенімді өкілдерімен конкурсқа ұсынылған өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушы немесе конкурс комиссиясының хатшысы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсетіп журналға тіркейді.

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтару

Потенциалды жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді қабылдаудың мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Өзгертулерді енгізу конкурсқа қатысуға берілген өтінім сияқты дайындалып, жапсырылып ұсынылады.

Конкурсқа қатысуды кері қайтарып алу жайлы хабарлама конкурсты ұйымдастырушының атына еркін нұсқадағы өтініш түрінде рәсімделіп, потенциалды жеткізушінің қолы қойылып, мөрі соғылады (бар болған жағдайда).

Конкурсқа қатысуға берілген өтінімге өзгерістер енгізу немесе өтінімді кері қайтарып алу жайлы өтінім, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың мерзімі аяқталғанға дейін конкурс ұйымдастырушысына жеткен жағдайда ғана жарамды.

Конкурсқа қатысуға берілген өтінімге өзгерістер енгізу немесе өтінімді кері қайтарып алу жайлы өтінім, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың мерзімі аяқталған кезде конверт ұсынылса мүмкін емес болып табылады.

Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы жарияланады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қатысуға өтімдерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарды электронды пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқарламаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.

Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

Конкурс комиссиясының конкурсқа қатысушылардың өтінімдері бар конверттерді ашуы

Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурс комиссиясы өткізеді. 2019 жылдың 15 қараша сағат 11-00-де «Қармақшы аудандық білім бөлімі» КММ,120500, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, №7, аудандық білім бөлімі басшысы кабинеті.

Конкурсты ұйымдастырушының және нақты конкурстық құжаттардың хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген мерзімде және ретімен ұсынылса ғана потенциалды жеткізушілердің конверттері ашуға жарамды.

Егерде, конкурсқа тек бір өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысу өтінімі ашылады.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға және олардың конкурстық құжаттар талаптарына сәйкес келуін қарастыру және потенциалды жеткізушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат беруі

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру конкурс комиссиясымен, конкурсқа қатысуға үміткерлердің ішінен біліктілік талаптарына және конкурс құжаттарына сәйкес келетін потенциалды жеткізушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде мойындау мақсатында жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар өтінімдерін қарастыру барысында құқылы:

1) конкурсқа қатысуға үміткерлердің ішінен, потенциалды жеткізушілерден жазбаша түрде олардың өтінімдеріне қатысты мәлімдеме немесе мағлұматтарға сұраныс жасауға;

2) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында, жазбаша түрде, мемлекеттік органдардан, жеке тұлға мен заңды тұлғалардан қажет ақпараттарды сұрауға.

Конкурстық құжаттардың талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінімдерге қатысты конкурстық комиссияның сұраныстары мен өзге әрекеттері конкурстық комиссияға жіберілмейді. Конкурстық құжаттардың талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтініштерді қарастыруды конкурсқа қатысуға жеткіліксіз құжаттарды жіберілген өтінімдері, конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдерді алмастыруы, талаптарға сәйкес рәсімделмеген құжаттарды реттеуі деп түсіну қажет.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжат талаптарына жауап беретін ретінде қарастырады, егерде онда ұсынылған өтінімнің маңыздылығына нұқсан келтірмейтін, түзетуге болатын, грамматикалық немесе арифметикалық қателер ғана болса.

Конкурстық комиссия келесі жағдайда потенциалды жеткізушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) потенциалды жеткізуші сәйкестігін растау үшін ұсынылған құжаттарды потенциалды жеткізуші ретінде дұрыс рәсімдемесе немесе ұсынбаса;

2) потенциалды жеткізушінің сәйкестігін растау үшін ұсынылған ақпараттардың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін деректер анықталса, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

3) біліктілік талаптары бойынша күмәнді ақпараттар ұсынылса.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатыспай отырыс хаттамасына кіргізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілген шешім хаттама түрінде рәсімделеді.

Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:

1) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосу туралы;

2) осы Қағиданың 10-тармағымен сәйкес болмаған жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосудан бас тарту туралы.

Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі.

Хаттаманы хатшы рәсімдейді, комиссия төрағасы және хатшы қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

  • Жарияланған күні: 01.11.2019 10:42
  • Жаңартылған күні: 01.11.2019 10:43
  • Көргендер саны: 161
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі