03.06.2020

Валюта бағамы:

Аудан көлемінде 16 наурыз 2019 жылы сағат 9.00-де елді мекендерді көркейту - көгалдандыру мақсатында жалпыхалықтық сенбілік өткізіледі.

Құрметті аудан тұрғындары!

Қармақшы ауданы әкімінің 07.03.2019 жылғы №141 өкімімен 2019 жылдың 9 наурыз – 11 мамыр аралығында «Аудан елді мекендерінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы» жарияланды. Осы орайда, 2019 жылдың 16 наурыз күні сағат 09.00-13.00 аралығында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында Қармақшы ауданы тұрғындары мен барлық мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, жастардың қатысуымен жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылады. Сол себепті, аудан тұрғындарына бір күнді туған өлкенің экологиясы мен санитарлық жағдайына арнауға және Наурыз мерекесін айнадай таза мекенде қарсы алуға үлес қосуға шақырамыз.

  • Жарияланған күні: 15.03.2019 05:17
  • Жаңартылған күні: 03.04.2019 10:54
  • Көргендер саны: 2682
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі