15.09.2019

Валюта бағамы:

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434 Заңына 01.01.2019 жылдан бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті тарапынан Қызылорда облысы бойынша барлық аудандарда семинарлар ұйымдастырылуда.

Осы семинарлар барысында төменде көрсетілгендей өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап (Заңның 39-бабы) бір көзден сатып алудың шекті сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен 500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (252 500 теңгеден 1 262 500 мың теңгеге дейін).

Негізінен, бұл ереже кішігірім бюджеттері бар тапсырыс берушілерге (балабақшалар, мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдени орталықтар, интернаттар, қарттар үйлері т.б.) қатысты.

Ауыл әкімдіктерінің бюджеті шеңберінде осы шек 3 мың айлық есептік көрсеткішке (7 575 000 теңге) дейін ұлғайтылды.

Ауылдық әкімдіктерге бұл норма әкімдіктің мемлекеттік сатып алулардағы қызметкерлерінің біліктілігін қалыптастыру кезеңінде 2021 жылға дейін жарамды болады.

Одан бөлек, баға ұсыныстарын сұрату әдісі арқылы сатып алу кезінде 1000 АЕК-ке (2 525 000теңге ) дейінгі сатып алуда тапсырыс берушілер тауарлардың фирмалық атаулары көрсетсе алады. Бұл сатып алынатын тауарлардың сапасын арттыруға көмектеседі. «Бұл баға ұсыныстарымен сатып алуда сапасыз тауарларды жеткізу мәселесімен негізделген. Мұндай өнім техникалық ерекшелікке көрсетілген сипаттамаларға сай келмейді. Тауарларды қабылдап, қолдануға бергенде-ақ істен шығады»

Заңға сәйкес, ықтимал жеткізушіге «қаржылық тұрақтылық» деп аталатын жаңа біліктілік талабы қойылады. Ол төлеген салықтар, айналымдық және негізгі қаражаттың болуы және еңбекақы төлеу қоры арқылы анықталады. Сонымен бірге, жаңа қабылданған Заңда «кәсіби шағымданушылардың» жолын кесу де көзделген. Яғни, олардың сатып алу ниеті жоқ, тек қана өтінімдерді өзара қарау шеңберінде басқа қатысушылардың ақпаратына қол жеткізу үшін өтінім береді.

Мұндай жағдайды болдырмау үшін басқа қатысушылардың құжаттарын қарауға тыйым салынады, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылауға қатыспаған тауар жеткізушілердің арыз-шағымы қаралмайды.

Сондай-ақ, сатып алуға қатыспаған үшінші тұлғалардың шағымдары бойынша шарт жасасу мерзімі тоқтатылмайды. Заңдағы ең негізгі жаңалық - мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдаланудың ақылы түрге ауысуы. Сатып алуларға қатысу үшін жарна сомасы сатып алу сомасына тікелей байланысты болмақ. 1 миллион теңгеге дейін - жылына 1 АЕК, 10 миллион теңгеге дейін - жылына 10 АЕК, 100 миллион теңгеге дейін - 20 АЕК, 1 миллиард теңгеге дейін - жылына 60 АЕК. Ал егер, шексіз сома болса - жылына 122 АЕК төлеу міндеттелген. «Конкурс қорытындысын қарауда еш мәселе жоқ. Бірақ, қатысуға өтінім берерде қатысушының ақы төлегені тексеріледі. Шағын және орта бизнесті қорғау үшін ықтимал тауар жеткізушілер түрлі теңгейде шектелген. 1 миллион теңгеге дейінгі сатып алуға қатысатын ШОБ 1 АЕК немесе 2,5 мың теңге төлейді. Бұл әрбір сатып алуға емес, жылына бір рет қана төленеді. Егер жеткізуші көрсетілген сомадан асатын өзге де сатып алуға қатысқысы келсе, жетпей тұрған қаражатты ғана төлейді.

Қызылорда облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

басшысының орынбасары

Қ. Қ.Тұрымтаев

  • Жарияланған күні: 24.04.2019 04:47
  • Жаңартылған күні: 24.04.2019 16:48
  • Көргендер саны: 676
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі