19.11.2019

Валюта бағамы:

Бұзақылық қылмыстар өсім алды

Бұзақылық қылмыстар көбіне адамдардың эмоциялық мінез-құлқын өзінде ұстай алмай, өзінің айналасындағы қоғамға сыйламаушылық көрсете отырып, басқа адамдарға күш қолданумен дене жарқатын салу және адамдар мен ұйымдарға тиесілі мүліктерді бүлдірумен ұштасу арқылы орын алады.

Бұзақылықтың бірден-бір орын алуына адамдардың спирттік ішімдік ішкен күйде болмашы нәрселерді елеп,одан әрі спирттік ішімдікті іздеп, түн мезгілінде заңсыз 24 сағат бойы жұмыс жасайтын дүкендер мен кафелерге барып, сол жақта да спирттік ішімдігін ішкен өздері секілді тұлғалармен сөзге келіп, артынша төбелесуі, сондай-ақ қолдарына суық және атыс қаруларын алып, топтасып бірін-бірі ұрып-соғу, дене жарақатын салумен аяқталады.

Қадағалау аумағы бойынша ағымдағы жылы бұзақылық санатындағы қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 15-тен 33-ке дейін өсім алған.

Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздікке өзіндік әсерін тигізеді. Сол себепті қала прокуратурасы Ресейлік әріптестермен бірлесіп, РФ ІІМ-нің «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасы мен ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.

Шара ағымдағы жылдың тамыз айында түңгі уақытта Байқоңыр қаласы және Төретам кенті менАқай ауылдық округі аумағында көпшілік жиналатын орындар да, сондай-ақ түңгі көңіл көтеру орындары маңында аумағында жүргізілді.

Рейд шаралары барысында түңгі мезгілде қоғамдық орындарда ата-анасының еріп жүруінсіз 3 кәмелетке толмаған және бір кәмелетке толмағанның заңды өкілі болып табылмайтын тұлғамен еріп жүруі анықталды. Балалар ата-аналарына табысталды, профилақтикалық әңгімелесу жүргізілді.

Қала прокуратурасымен осы тектес бірлескен шаралар одан әрі өз жалғасын табады.

Байқоңыр қаласының прокуратурасы

  • Жарияланған күні: 27.09.2019 08:54
  • Жаңартылған күні: 30.09.2019 15:35
  • Көргендер саны: 93
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі