15.09.2019

Валюта бағамы:

«Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметке конкурс жариялайды

ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРС!
I. Конкурс жариялаған орган атауы:
«Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
II. Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының директоры бос лауазымына «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі конкурс жариялайды.
III. Орналасқан орны, оның қызметін қысқаша сипаттай отырып мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы:
Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі «Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының директоры мектептің қызметін оның ережесіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады және орта білім бағдарламасын іске асырады.
IY. Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;
2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);
4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Y. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері:
Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады.
Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.
Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
YI. Лауазымдық жалақы мөлшері:
Қызмет еткен жылдарына байланысты басшылық еңбек ақысы 90 785,61 теңгеден 110 075,34 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
YII. Конкурс өткізу орны және күні:
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті Қорқыт Ата көшесі № 7 үй, «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың маусым айының 13 жұлдызы күні конкурстың біліктілігін бағалау кезеңі бойынша өткізіледі.
Конкурстың 4-ші кезеңі әңгімелесу өту мерзімі, уақыты конкурстың үшінші кезеңі аяқталған соң кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.
YIII. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (7 жұмыс күні ішінде) конкурстық комиссия «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы немесе «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 4-12 маусым күндері сағат: 9.00-13.00 және 15.00-19.00-ге дейін қабылдайды.

IX. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;
3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;
4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Әңгімелесуді ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы бала және жасөспірімдер жасының психологиясы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында конкурстың 1, 2, 3 - кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуді өткізу тәртібін комиссия дербес анықтайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 510 бұйрықтары негізінде өткізіледі.
X.Ақпараты нақтылау үшін байланыс телефондары, электронды адрестері:
Телефон: 8 (72437) 2-16-32. Индекс:120500, karmakshi_bilim@mail.ru

Қармақшы аудандық білім бөлімінің

конкурстық комиссиясы

  • Жарияланған күні: 04.06.2019 01:00
  • Жаңартылған күні: 04.06.2019 13:07
  • Көргендер саны: 216
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі