03.06.2020

Валюта бағамы:

«Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақай ауылдық клуб үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы және Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес «Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақай ауылдық клуб үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны:

2018 жылдың20 тамызы күніҚызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылы, «Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен – жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы :

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылы, Абай көшесі №9 үй, индекс: 120517, тел: 8/72437/24814 «Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақай ауылдық клуб үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

III. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар :

Лауазымдық міндеттері :

  • шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын жүзеге асырады;
  • елді мекен (ықшамаудан), сондай-ақ жақын маңдағы елді мекен (ауыл, кент) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;
  • клуб жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
  • көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады;
  • демалыс кештерін, тақырыптық концерттер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді;
  • қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени-көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын, клуб жұмыстарын ұйымдастыруды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

ІV. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады :

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш ;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме ;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян ;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері
  • Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;

соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай – ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады. Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды :

  • Он сегіз жасқа толмаған ;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған ;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

немесе алынбаған соттылығы бар ;

V. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі :

Конкурсқа қатысуға үміткертұлғалардың құжаттарын қабылдаубұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылы, Абай көшесі №9 үй, индекс: 120517, байланыс телефоны: 8(72437)24814,8(72437)28333 электрондық мекен-жайы: akaikz@mail.ru «Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады.

VI. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2018 жылғы 2 тамыз бен 16 тамыз сағат 09-00-13-00, 15-00-19-00 аралығында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.

«Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

  • Жарияланған күні: 02.08.2018 11:40
  • Жаңартылған күні: 02.08.2018 11:43
  • Көргендер саны: 1968
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі