19.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы бойынша электр энергиясымен қамтамасыз ету Қармақшы аудандық электр тарату торабы және Төретам электр тарату торабы мекемелері арқылы жүзеге асуда.

Қармақшы аудандық электр тарату торабы мекемесі бойынша тұтынушылар саны 7083, заңды тұлға 806.

1 күнге қажетті электр энергиясы көлемі жазғы уақытта 76530 кВт, қысқы уақытта 120042 кВт.

1 күнде электр энергиясын пайдалану көлемі жазғы уақытта 76530 кВт, қысқы уақытта 120042 кВт.

Төретам электр тарату торабы мекемесі бойынша тұтынушылар саны 2957, заңды тұлға 340.

Төретам электр тарату торабы мекемесі бойынша 1 күнге қажетті электр энергиясының көлемі жазғы мезгілде 40 000 кВт, қысқы мезгілде 60 000 кВт.

1 күнде электр энергиясын пайдалану көлемі жазғы уақытта 40 000 кВт, қысқы уақытта 60 000 кВт.

Аудан тұрғындары ауыз сумен «ТөретамВодСервис» ЖШС, Қармақшы ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану өндірістік бөлімшесі, Октябрь топтық су құбыры мекемесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Төретам кенті және Ақай елді мекені тұрғындарын ауыз сумен «ТөретамВодСервис» ЖШС-і қамтамасыз етеді. Жазғы мезгілде 1 тәулікке ауыз суға қажеттілік көлемі 1700 м3, берілгені 1700 м3.

Қысқы мезгілде 1 тәулікке ауыз суға қажеттілік көлемі 1500м3, берілуі 1500м3 болады деп жоспарлануда.

Қармақшы ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану өндірістік бөлімшесі аудан бойынша Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе, Қармақшы ауылдық округтерін ауыз сумен қамтамасыз етеді. Жазғы мезгілде 1 тәулікке ауыз суға қажеттілік көлемі 600-700м3, қыс мезгілінде 500-600м3.

Жаз мезгілдерінде 1 тәулікте ауыз су таратылу көлемі- 600-700м3, қыс мезгілінде 500-600м3.

Октябрь топтық су құбыры мекемесі Жосалы кенті, ІІІ- Интернационал, Төребай би, Жаңажол, Иіркөл елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етеді. Жазғы мезгілде 1 тәулікке ауыз суға қажеттілік көлемі 3800м3, таратылып отырылғаны 3800м3. Қыс мезгілінде қажеттілік көлемі жоспармен 2000м3 , 2000м3 су көлемі таратылуы жоспарлануда.

  • Жарияланған күні: 02.10.2017 11:24
  • Жаңартылған күні: 20.02.2018 09:52
  • Көргендер саны: 1121
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі