26.02.2020

Валюта бағамы:

​​Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттар жайлы конкурс

Хабарландыру

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамынан шыққан мүшелердің орнына кандидаттар бойынша конкурс жариялайды. Кандидат ретінде он сегіз жасқа толған Қармақшы ауданында тұратын және осы заңның 10-бабының 1-тармағында көрсетілген.

  • сотталғандығы болмауы;
  • сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау да кінәлі деп танылмаған болуы;
  • Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уыт құмарлыққа байланысты денсаулық ұйымдарына есепте тұрмауы сияқты талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін:

  • Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  • Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Заңның 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңес мүшелігіне жарияланған конкурсқа жіберілмейді.

Жоғарыда аталған құжаттарды конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он күннің ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қармақшы аудандық мәслихаты, №14 кабинет, телефон: 8/72437/2-16-46, электрондық пошта: karmakshi_maslihat@mail.ru

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы

  • Жарияланған күні: 23.01.2020 08:59
  • Жаңартылған күні: 27.01.2020 01:21
  • Көргендер саны: 75
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі