16.12.2018

Валюта бағамы:

Қызметке конкурс!

"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы және «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №512 бұйрығына сәйкес «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №24 балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды.

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны :

2018 жылдың наурыз айының 30 жұлдызы күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен – жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы :

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі №7 үй, индекс: 120500, тел: 87243721631 «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №24 балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

III. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар :

Лауазымдық міндеттері : Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.

ІV. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады :

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш ;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме ;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян ;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері
  • Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама

соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері ;

нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай – ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды :

  • Он сегіз жасқа толмаған ;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған ;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

немесе алынбаған соттылығы бар ;

V. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі :

Конкурсқа қатысуға үміткертұлғалардың құжаттарын қабылдаубұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі №7 үй, индекс: 120500, байланыс телефоны: 8(72437)21631,8(72437)21632 электрондық мекен-жайы: karmakshi_bilim@mail.ru «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады.

VI. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн: Құжаттарконкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2018 жылғы 13 наурыздан бастап мен 27 наурызға дейінсағат 09-00-13-00, 15-00-19-00аралығында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.

«Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

  • Жарияланған күні: 13.03.2018 11:51
  • Жаңартылған күні: 13.03.2018 12:38
  • Көргендер саны: 529
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі