09.04.2020

Валюта бағамы:

Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында әзірленген «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында еңбек шарттарының тіркелуі мен бірыңғай сақталуын қамтамасыз ететін «Еңбек шарттары есебінің бірыңғай жүйесі» іске қосылды. Бұл жүйеде тіркелу жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шарттардытіркеуді қамтамасыз етеді. «Еңбек шарттары есебінің бірыңғай жүйесі» – жұмыс берушінің қызметін жеңілдетуге бағытталған. Жүйе еңбекке тұрғызу процесін жеңілдетеді, онда жұмыскердің бүкіл еңбек жолы, оның қосалқы жұмыспен қамтылуы туралы деректер жинақталады. Мұнда жеке істерді электронды жүргізу көзделген. Жұмыскер тез жұмыс таба алады, әсіресе жүйе қызметтерді қашықтықтан атқаратын жұмыскерлер үшін ыңғайлы болмақ. Жүйенің беретін мүмкіншіліктері кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Аудан кәсіпкерлерін www.enbek.kz порталында тіркеліп, жүйені өз жұмысында пайдалануға шақырамыз.

  • Жарияланған күні: 20.03.2020 09:11
  • Жаңартылған күні: 20.03.2020 21:26
  • Көргендер саны: 72
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі