03.06.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы аудандық мәслихаты Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізілетіндігін хабарлайды

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашасындағы Заңына (бұдан әрі –Заң) сәйкес Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы№322 шешімімен Қармақшы ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілген. Аталған Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.

Осыған орай, Қармақшы аудандық мәслихатыҚоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұқсыныстар хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде қабылданады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының міндеттері мен құзыры жоғарыда аталған Заңмен белгіленген. Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады. Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті төменде көрсетілген мерзімде және мекен жайға ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы :

Жосады кенті, Қорқыт Ата көшесі, №1 үй, Қармақшы аудандық мәслихаты, байланыс телефоны 8 (72437) 2-16-46, электронды мекен жайы: Karmakshi_maslihat@mail.ru.

Қармақшы аудандық мәслихаты

Өтініш нысанын жүктеу...16КБ


  • Жарияланған күні: 11.01.2019 07:27
  • Жаңартылған күні: 28.01.2019 19:43
  • Көргендер саны: 614
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі