01.06.2020

Валюта бағамы:

16 желтоқсандағы заңсыз митингтер - Бас прокуратора қазақстандықтарға үндеу жариялады

Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауға, қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға және заңсыз митингтерге қатыспауға шақырады.

Сурет: liter.kz

Бас прокуратура 16 желтоқсанда заңсыз акцияларда қатысу үшін шақыруларға байланысты, қазақстандықтарға үндеу жариялады, zakon.kz хабарлайды.

Жеке тұлғалар, оның ішінде шетелден келген тұлғалар, түсіндірулерге қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы алдағы мерекелерде халықты заңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастырып жатқанын қадағалаушы орган атап өтті.

-Бұл адамдар «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның (бұдан әрі - заң) талаптарын айқын бұзуда. Атап айтқанда, жоспарланған митинг туралы хабарланғанға дейін ұйымдастырушылар белгіленген күнге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бермеген. Онда олар: іс-шараның мақсаты, нысаны, өткізілу орнын немесе қозғалыс бағыттарын, оның басталу және аяқталу уақытын, қатысушылардың болжамды санын, ұйымдастырушылардың және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың сауалнамалық деректерін көрсетілуі тиіс болатын. Бұл міндетті талаптар акция қатысушыларының өздерінің, сондай-ақ басқа да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана бағытталған, - Бас прокуратура хабарлады.

Сонымен қатар, рұқсат алғанға дейін ұйымдастырушы мен басқа да тұлғалардың митинг туралы жариялауға, оған қатысуға шақыруға, сондай-ақ осы мақсатта парақшалар, плакаттар және басқа да осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ екеніне Бас прокуратурада назар аударды.

-Басқаша айтқанда, 16 желтоқсанда заңсыз акцияларды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы – бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнаманы бұзу), - Бас прокуратурада атап өтті.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылық туындайды (қылмыстық кодекстің 400-бабы – санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

Әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар осындай акцияларды қолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежеде қолданылатын болады.

-Осыған байланысты, Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады.


  • Жарияланған күні: 15.12.2019 04:21
  • Жаңартылған күні: 15.12.2019 18:44
  • Көргендер саны: 303
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі