03.06.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашадағы № 383-V Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсөткізілетіндігін хабарлайды.

Осы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлауүшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2019 жылғы 28 қаңтардан бастап 8 ақпан аралығында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:

Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, № 1 үй, Қармақшы аудандық мәслихат, байланыс телефоны (872437)2-16-46

электрондық мекен-жай:Маслихат Қармақшы,karmakzhi_mazlihat@mail.ru

Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 19:00-ге, үзіліс: 13:00 - 15:00-ге дейін.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Қармақшы ауданында тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

  • сотталғандығы болмауы;
  • сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;
  • психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобы

  • Жарияланған күні: 28.01.2019 07:18
  • Жаңартылған күні: 28.01.2019 19:20
  • Көргендер саны: 580
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі