16.10.2019

Валюта бағамы:

«Қоғамдық қабылдау орындарын» құру жобасы іске асырылуда

«Отандастар қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасын орындау шеңберінде оралмандарды бейімдеу және әлеумттендіру тетіктерін құру, сондай-ақ шетелде тұратын отандастармен байланысты нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

Жоғарыда көрсетілген бағыт шеңберінде «қоғамдық қабылдау орындарын» құру жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде отандастар мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ оралмандар-репатрианттарды жеке қабылдауды жүзеге асыратын қоғамдық қабылдау орындары жұмыс істейді.

Бірыңғай байланыс орталығы келесі ақпаратты бере алады:

  • Виза мәселесін түсіндіру;
  • Қазақстанда туыстарына уақытша тұру тәртібін түсіндіру; Көші-қон карточкасын ресімдеу, оралман мәртебесін алу, белгілі мекен-жай бойынша тұрақты тіркеуге тұру, ҚР-ның азаматтығын алу тәртіп, талаптары туралы құқықтық ақпарат беру;
  • Қазақстанда туыстарына уақытша тұру тәртібін түсіндіру;
  • Көші-қон картасын ресімдеу, оралман мәртебесін алу, тұруға рұқсат, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібі;
  • Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы, мүгедектігі туралы, үкіметтің көпбалалы отбасыларға берілетін жеңілдіктер туралы ақпараттары;
  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына, білім беру мекемелеріне оқуға түсуге ниет білдірген жастарға, емтихан тапсырудың тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат беру;
  • Оралмандарға арналған оқу квотасы туралы сенімді ақпарат беру және т.б.

Орталыққа көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласа аласыз:

1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін)

8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін)

+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен)

8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін)

E-mail: komek@oq.gov.kz

Skype: komek@oq.gov.kz

  • Жарияланған күні: 09.08.2019 01:24
  • Жаңартылған күні: 12.08.2019 18:49
  • Көргендер саны: 105
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі