03.06.2020

Валюта бағамы:

Қоғамдық кеңестің қылмыстылықтың алдын алу мақсатында қабылдаған қарары

1. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (Ж.Жұмабаев) мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалынан (А.Ермекбаев) аудан көлеміндегі тойханалар мен кафе-дәмханалдардың, ойын-сауық орындарының жұмыс жасау уақытын сағат 24.00-ге дейін белгілеп, аудандық Қоғамдық кеңес, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы және кәсіпкер арасында үшжақты Меморандум қабылдау бойынша жұмыстар жасау сұралсын.

2. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы (м.а. О.Алдажаров) аудандық полиция бөлімі (Е.Абдрахманов) сатылымдағы спирттік ішімдіктердің мезгілсіз уақыттарда сатылуына шектеу қою, оны бақылау жөнінде тиісінше шараларын қабылдау сұралсын.
3. Аудан орталығында орнатылған бейнебақылау камераларының сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз ету, нақты бақылау жүргізу және тиісінше шаралар қабылдау аудандық полиция бөлімінен (Е.Әбдрахманов) және Жосалы кентінің әкімінен (Ш.Сыдықов) сұралсын.
Қоғамдық кеңес төрағасы К.Раева
12.04.2019 жыл
  • Жарияланған күні: 13.04.2019 12:20
  • Жаңартылған күні: 15.04.2019 12:28
  • Көргендер саны: 471
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі