18.11.2019

Валюта бағамы:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің төленуіне енгізілген өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 459 бұйрығымен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар» енгізілді. Болған өзгерістерге сәйкес, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығының 3 тараудың 36 тармағы «Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады» деп жаңа редакцияда жазылған. Осыған орай, алдағы уақытта төлемдер осы өзгеріспен жүзеге асырылатындығын хабарлай отырып, 2019 жылдың қазан айына төленетін атаулы әлеуметтік көмек қараша айының 10-ші күніне қарай төленетінін назарларыңызға саламыз.

  • Жарияланған күні: 07.10.2019 07:46
  • Жаңартылған күні: 15.10.2019 15:14
  • Көргендер саны: 428
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі