09.04.2020

Валюта бағамы:

Облыс әкімі Қ. Д. Ысқақовтың халық алдындағы есепті кездесуі өтеді

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қ.Д.Ысқақовтың 2020 жылғы 19 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында халық алдындағы есепті кездесуі өтеді. Есепті кездесуге байланысты халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер төмендегі мекен жайларда орнатылған:

Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімі аппаратының ғимараты (Қорқыт ата көшесі№1), Темір жол вокзалы ғимараты (Сексенбаев көшесі №6), «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның аудандық бөлімшесінің ғимараты (Е.Көшербаев көшесі №52), «Қазпошта» АҚ-ның аудандық бөлімше ғимараты (М.Шоқай көшесі №47).

Қызылорда қаласы бойынша: Теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Жайна», «Универсам», «SMALL», «Сырдария» сауда үйлері және «Жаңа базар» базары;
Ескертпе: Барлық аудандарда және Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың қоғаммен өзара байланысты құру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын тиімді іске асыру мақсатында облыс әкімі Қ.Д.Ысқақовтың және облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының «Facebook» әлеуметтік желісінде жеке парақшалары ашылған.

Егер Сізді толғандырып жүрген қандай да бір сауал болса, әлеуметтік желі арқылы сұрақ қоюыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 25.01.2020 12:42
  • Жаңартылған күні: 25.01.2020 14:20
  • Көргендер саны: 129
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі