03.06.2020

Валюта бағамы:

Хабарландыру!

Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Қоғамдық кеңестер» туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңына және «Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Осы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2018 жылғы 15 маусымынан 28 маусым күні сағ 13:00- ге дейін хабарланады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:

120500 Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Ізтілеуов көшесі №3 (аудандық мәдениет үйі 2-қабаты)

Байланыс телефоны – 8 (72437) 2-28-33, 2-31-09

Электрондық мекен-жай: karmakchi_ovp@mail.ru

Қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 19.00-ге үзіліс 13.00 – 19.00-ге дейін

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

2. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы
  • Жарияланған күні: 15.06.2018 16:23
  • Жаңартылған күні: 19.06.2018 16:37
  • Көргендер саны: 824
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі