24.06.2019

Валюта бағамы:

«ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйі» МКҚК директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРС !

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 Бұйрығы және Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдырының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіті туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығына сәйкес «ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны:

2019 жылдың 25 маусым күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылы, «ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен-жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылы, Астана көшесі №4Б үй, индекс:120504, тел:(8-724-37) 25-3-25.«ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Лауазымдық міндеттері:

Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді. Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарды ұйымдастырады.Байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығының байқауларын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Көркемөнерпаз ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады. Саябақтың және оның бөлімшелерінің аумағында эстрадалық театрлар, кинодәрістер, планетриялар, кітапханалар, би және ойын павильондары мен алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар және халыққа қызмет көрсететін нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар және эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және сақталуын қамтамасыз етеді. Білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады. Мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады. Ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», Қазақстан Республикасының«Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңдарын, клуб жұмыстарын ұйымдастыруды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "Өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

ІV.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2. Мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме;

3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4. Білімі туралы құжаттарының көшірмелері;

5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7. Соттылығы жоқ анықтама;

Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты /біліктілігін арттыру,ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с/ бере алады.Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

. Он сегіз жасқа толмаған;

. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

V. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылы, Астана көшесі №4Б үй, индекс: 120504, байланыс телефоны: (8-724-37)25-3-25, электрондық мекен-жайы: kar_inter@maiI.ru

«ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынады.

VІ. Бұқаралық ақпарат құралдарындаконкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн:

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2019 жылғы 4 маусым мен 18 маусым сағат 9.00-13.00, 15.00-19.00 аралығында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.

«ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

  • Жарияланған күні: 04.06.2019 08:21
  • Жаңартылған күні: 04.06.2019 20:30
  • Көргендер саны: 51
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі