03.06.2020

Валюта бағамы:

«Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қ.Бүрлібаев атындағы ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы" Қазакстан Республикасы Ұлтгық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы және Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес «Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қ.Бүрлібаев атындағы ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
I. Конкурс өткізілетін күні мен орны:
2019 жылдың 08 ақпаны күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмагамбет ауылы, «Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің гимараты.
II. Орналасқан орнын, пошталық мекен—жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынының атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, Т.Ізтілеуов көшесі №26 үй, индекс: 120512, тел: 8/72437/25123 «Дауылкөл ауылдық округі экімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қ.Бүрлібаев атындағы ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
III. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар :
Лауазымдық міндеттері:
• шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады жэне клуб мүлкінің сақталуын жүзеге асырады;
• елді мекен (ықшамаудан), сондай-ақ жақын маңдагы елді мекен (ауыл, кент) тұргындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын уйымдастырады;
• клуб жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
• көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады;
• демалыс кештерін, тақырыптық концертгер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді;
• қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени-көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық жэне сабақтас кұқықгар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын, клуб жұмыстарын ұйымдастыруды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
IV. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады :
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш ;
2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме ;
3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян ;
4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері
5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданганы және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6. «Денсаулық сақгау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;
7. Соттылығы жоқ анықтама;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, гылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай - ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар жэне т.с.) бере алады. Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды :
• Он сегіз жасқа толмаған ;
• Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған ;
• Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар ;
• Қазақстан Республикасының зацнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
V. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:
Конкурсқа қатысуга үміткер тұлгалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылы, Ешнияз сал көшесі №57 үй, индекс: 120512, байланыс телефоны: 8(72437)25123 электрондық мекен-жайы: dauylkolaoakim@mail.ru «Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады.
VI. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2019 жылғы 21 қаңтары мен 04 ақпан сағат 09-00-13-00, 15-00- 19-00 аралығында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.

«Дауылкөл ауылдық округі әкімінін аппараты»

коммуналдық мемлекетгік мекемесінің конкурстық комиссиясы

  • Жарияланған күні: 22.01.2019 08:00
  • Жаңартылған күні: 23.01.2019 19:59
  • Көргендер саны: 571
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі