18.11.2019

Валюта бағамы:

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының үздік қойылуы бойынша мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқаудың ережесі.

Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес және 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы партияның Бағдарламасын орындау мақсатында Жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша Мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқау (келесіде - Ереже) құрастырылған.

  • Жалпы ережелер

1.1.Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды насихаттау мақсатында Жемқорлыққа қарсы үздік қойылым бойынша Мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқау (келесіде – Байқау) ұйымдастырылып, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің келісімі бойынша, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы аясында жүзеге асырылады.

2. Байқаудың негізгі мақсаттары

2.1.Байқаудың негізгі мақсаттары болып табылады:

-сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалы мен жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту;

-мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекетіне азаматтық бақылаудың белсенділігін күшейту;

-Кадрларды оқыту мен тәрбиелеудің оңтайлы әдіс-тәсілдерін тарату.

2.2.Байқаудың жалпы басшылығы, дайындық пен өткізу бақылауы партия филиалының аймақтық басшылығы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүзеге асырылады.

  • 3.Байқауды өткізудің ұйымдастырылуы мен тәртібі
  • Байқау номинациясы

3.1.Байқау жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелердің арасында (келесіде – Қатысушылар) өткізіледі.

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу үшін төраға мен алты қазылар алқасы мүшелерінен тұратын, қазылар алқасы (келесіде – Қазылар алқасы) құрылады.

3.2.Қазылар алқасының мүшелігіне әртүрлі деңгейлі маслихат депутаттары, мемлекеттік атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, БАҚ, еңбек ардагерлері мен өзге де адамдар кіре алады.

3.3.Қазылар алқасының жұмыс нәтижесі отырыс хаттамаларында тіркеліп, қазылар алқасының төрағасы қолымен бекітіледі.

3.4.Қазылар алқасының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету партияның аймақтық жәнеаумақтық филиалдарының жауапты адамдары мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жүктеледі.

3.5.Партия филиалдарына түскен құжаттар тіркеліп, қазылар алқасының талқылауына тапсырылады.

Байқау келесі номинация бойынша өткізіледі:

-«Үздік департамент (басқарма, бөлім)»;

5. Байқаудың өту кезеңдері

5.1. Ұйымдастырушылық кезең

БАҚ-да, Партия филиалдарының сайтында байқауды өткізу мен оған қатысу шарттары туралы хабарландыру, сонымен қатар қатысу үшін мемлекеттік органдарға шақыру жолдау арқылы жарияланады.

Байқауорталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен облыстық, аудандық және Қызылорда қаласы әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік органдар арасында өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін құжаттар «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында Қызылорда қаласы Жахаев көшесі н/з мекен жайында 1-29 қараша аралығында қабылданады.

Байқаудың нәтижелерін шығару

6.1.Байқаудың қорытынды отырысы қарастыруға ұсынылған құжаттар мен нәтижелерге сәйкес Қазылар алқасының қорытынды отырысында шығарылады.

6.2.«Үздік департамент (басқарма, бөлім)» номинациясында жеңімпаздар келесі критерийлер бойынша анықталады:

- жалпы мемлекеттік, аймақтық, ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың орындалуы, 2015-2016 жылдардағы мемлекеттік органдардың ішіндегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту бойынша өткізілген жұмыстар (басшының қолымен бекітілген А4 форматты 5-тен 10 бетке дейінгі басылып жазылған ақпарат, фотоальбом, бейнероликтер және т.б.)

- «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне 2015-2016 жылдары аталған мемлекеттік органның қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдардың болуы (саны, оның ішіндегі расталғаны);

- мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша соңғы 2 жылда қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны (тартылмағаны) туралы мемлекеттік уәкілетті органдардың мәліметтері;

- тиісті мемлекеттік органның басқа мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттестігі бойынша соңғы 2 жылда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалы мен жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту жұмысы (ақпарат, фотоальбом, бейнематериалдар және т.б.);

- 2015-2016 жылдары ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша бұқаралық ақпараттар құралдарындағы хабарламалар (газет қиындылары, интернет-ресурстардың сайттарына сілтемелер, т.б.);

- соңғы 2 жылдағы мемлекеттік органдардағы «сенім телефоны» жұмысының мониторингі (хабарласу саны, оның ішіндегі расталғаны мен оң шешім тапқаны);

- кадрлық жұмыстың жетілдірілуі (кадрлар тұрақсыздығы, вакансияның болуы, оқыту);

- барлық мемлекеттік органдарға ортақ басқа да көрсеткіштер.

6.3. Егер Қазылар алқасының бекітілген мүшелерінің үштен екі құрамы қатысар болса, отырыс заңды болып саналады.

6.4. Қазылар алқасының қатысқан мүшелерінің жартысынан көбі дауыс бергенде, Қазылар алқасының шешімі қабылданған болып саналады.

6.5. Дауыс саны тең болғанда, Қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болады.

6.6. Қазылар алқасының жеңімпаздарды тану шешімін отырыс хаттамасымен рәсімдеп, Қазылар алқасының төрағасы мен барлық мүшелерінің қолы қойылады.

6.7. Байқау жеңімпаздары Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен «Нұр Отан» партиясы филиалдарының басшылығы тарапынан марапатталады.

6.8. Байқау жеңімпаздары туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары мен «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында жарияланады.

7. Қазылар алқасының құқықтары мен міндеттері

7.1. Қазылар алқасы құқылы:

- байқау Ережелерінің талаптарына сай болмағанда, үміткердің қатысуына рұқсат бермеу;

- Осы Ереже талаптарының бұзылғаны анықталған уақыттан бастап байқау нәтижелерін жою.

7.2. Қазылар алқасының міндеттері:

- барлық қатысушыларға тең жағдай жасау;

- өткізілетін байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету.

8. Қатысушылар құқықтары

8.1. Қатысушылар құқылы:

- байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты алуға;

- байқаудың ережесімен алдын ала танысу, байқауға қатысу талаптарын қарастыруға;

Барлық сұрақтар бойынша «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалына, мекен-жайы: Қызылорда қ., Ы.Жақаев к н/з, тел. 26-46-28 хабарласуға болады.

9. Медиа-ресурстар

Ақпараттық қолдауды Байқау ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді.

  • Жарияланған күні: 01.11.2017 12:41
  • Жаңартылған күні: 20.02.2018 09:55
  • Көргендер саны: 1433
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі