19.11.2019

Валюта бағамы:

Жүргiзушi куәлiгiн рәсiмдеу ретi жеңiлдедi

Жүргiзушi куәлiгiн алатын көлiк иелерi үшiн медициналық тексерiстен өту ретi жеңiлдедi. «Азаматтарға арналған үкiмет» көлiк жүргiзуге рұқсат беретiн құжатты алу үшiн талап етiлетiн 083 үлгiсiндегi медициналық анықтамаға өзгерiстер енгенiн хабарлайды.

Бұдан былай жүргiзушi куәлiгiн рәсiмдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрiгерден 4-ке дейiн қысқарды. Ендi терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрiгерлерiнiң тексерiсiнен өту жеткiлiктi. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивтi заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдердi тапсыру қажет емес.

Медициналық тексерiс барысында терапевт дәрiгер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлi науқастардың электронды тiзiлiмi» ақпараттық жүйесi, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердiң есебiнде тұрмауы жөнiдегi ақпаратты мәлiметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердiң анықтамасы негiзiнде тексере алады.

Айта кетейiк, бүгiнде жүргiзушi куәлiгiн алу үшiн медициналық анықтама үш жағдайда талап етiледi:

  • Жүргiзушi куәлiгiн бiрiншi рет рәсiмдеу барысында;
  • Жүргiзушi куәлiгiнiң мерзiмi өтiп кеткенде;
  • Жүргiзушi куәлiгiнен айырылғандар құжатты қайта рәсiмдегенде.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы

Байқоңыр қалалық ХҚКО баспасөз қызметi

  • Жарияланған күні: 30.09.2019 04:52
  • Жаңартылған күні: 30.09.2019 17:04
  • Көргендер саны: 589
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі