09.12.2019

Валюта бағамы:

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Аудандық оқушылар үйі»» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының үйірмелері балаларға ақылы және тегін қызмет көрсетеді

Құрметті аудан тұрғындары!

Игі мақсаттар жолында жұмыс жасайтын Қармақшы аудандық оқушылар үйі мемлекеттік кәсіпорыны Қармақшыауданы әкімінің 14.01.1999 жылғы № 872 шешімімен құрылған. Аудандық оқушылар үйі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, өзге де нормативтік – құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 22 маусымдағы №849 қаулысымен бекітілген «Мектептен тыс ұйымдардың қызметі туралы» ережесін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 14 тамыздағы «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары» туралы ереженібасшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді. Балаларға қосымша білім беру, оларды рухани тұлғалық, шығармашылық жағынан қолдау, дамыту, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көркем – эстетикалық бағытта «Креатив», «Заманауи дизайн», «Құм анимациясы», «ART-дизайн», «Hand Made» үйірмелері, спорттық бағытта «Тоғызқұмалақ» үйірмесі мен «Шахмат» үйірмесі, музыкалық бағытта «Үкілі домбыра», «Халық әні»,«Хореография» үйірмелері,био – экологиялық бағытта «Биоәлем», «Фитодизайн», «Жас натуралист», «Зерде» үйірмелері, рухани- адамгершілік бағытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын «Руханият» үйірмесі, тарихи - өлкетану бағытта «Алтын глобус» үйірмесі мен «Өлкетану» үйірмесі, гуманитарлық бағытта «Ақ қауырсын», «Медиа», «Ағылшын тілі», «Айтыс өнері», «Балбұлақ», «Жылдам оқу», «Тілашар» үйірмелері, техникалық бағытта «Робототехника» үйірмесі, жаратылыстану бағытында«3D модельдеу », «3D принтинг» үйірмелері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі комитетінің тапсырмасына сәйкес «Жайдарлы Жас Ұлан» үйірмесі жұмыс жасайды.

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Аудандық оқушылар үйі»» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының үйірмелері балаларға ақылы және тегін қызмет көрсетеді. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген білім алушылар санатына мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін немесе жеңілдік негізінде ақылы түрде көрсетіледі. Осыған орай, 2019-2020 оқу жылында 1 айға төленетін жарнапұл мөлшері жеңілдетілген негізде 100 теңге болып бекітілгендігі және ерекше білімді қажет ететін балаларға қызмет көрсету тегін екендігі туралы хабарлаймыз.

  • Жарияланған күні: 21.11.2019 06:52
  • Жаңартылған күні: 21.11.2019 18:56
  • Көргендер саны: 325
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі