19.11.2019

Валюта бағамы:

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссияларының назарына

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қызылорда облысының Қармақшы аудандық мәслихаты №95, №101, №104,№108, №110, №115, №116, №117, №119, №120, №123, №124, №126, №127 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өтетінін хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2019 жылғы 28 қазаннан бастап 28 қараша дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатурала ртуралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері Қармақшы ауданы әкімдігінің ресмии нтернет-ресурсындағы мәслихат парақшасында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындатұруға тиiс.

Мәслихат қақағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 28 қарашаға дейін

дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.

Қармақшы аудандық мәслихаты

Мәслихаттың орналасқан жері: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата, 1 үй.

Жауапты адам –Төрешов Еркін Бекішұлы каб. №14, қала аралық телефон коды (872437), қызметтік телефоны 2-16-46, ұялы телефоны- 87786928845 факс нөмірлері-2-27-63, электрондық поштамекен-жайы karmakshi_maslihat@mail.ru.

Жүктеу...22КБ

  • Жарияланған күні: 31.10.2019 01:11
  • Жаңартылған күні: 01.11.2019 13:25
  • Көргендер саны: 45
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі