03.06.2020

Валюта бағамы:

Студенттерді әлеуметтік қолдау

2013 жылдан бастап өңірімізде алғаш рет облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін өңірге қажет мамандықтар бойынша грант бөлініп келеді. Облыс әкімінің грантына үміткерлердің әлеуметтік жағдайы, сондай-ақ, білім деңгейі аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссиямен сараланып, шешімімен іріктеледі.

Әрбір жоғарғы оқу орнымен жасалған екі жақты келісім-шарттарға сәйкес оқу ақысымен қатар әр балаға тамақтану мен тұру шығындары өтеледі.

Облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөніндегі Кеңес отырысының хаттамасына сәйкес өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2018 жылға бөлінген облыс әкімінің оқу гранты Қармақшы ауданы бойынша төмендегідей белгіленді:

Студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында облыс әкімі грантының Қармақшы ауданы бойынша бөлінісі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бойынша:

Ақпараттық жүйелер – 2 орын;

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету – 2 орын;

Биология (орыс және ағылшын тілдерінде) – 3 орын;

Дәстүрлі музыка өнері – 3 орын;

Хореография – 2 орын;

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 2 орын (Байқоңыр қаласы үшін)

«Болашақ» университеті бойынша:

Шет тілі, екі шет тілі (ағылшын және қытай) – 1 орын;

Дефектология – 2 орын;

Биология – 1 орын;

Дене шынықтыру және спорт – 1 орын;

Математика – 6 орын (Байқоңыр қаласы үшін);

Биология 6 орын (Байқоңыр қаласы үшін).

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті бойынша:

Жалпы медицина – 2 орын.

Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №117 шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына» сәйкес әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан төмендегі білім алушылар облыс әкімінің грантына үміткер бола алады:

Балалар үйінің түлектеріне (интернат үйінің тәрбиеленушілері), сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын отбасынан шыққан:

бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балалар;

ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын балалар;

асыраушысынан айырылған балалар;

көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

оралман отбасылардан шыққан балалар;

жетім балалар;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің аспайтын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.

Облыс әкімінің грантына үміткерлерден арнайы комиссияға ұсынылатын құжаттар тізбесі

  • Өтініш белгіленген нысанда;
  • Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
  • Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (ХҚКО алынады);
  • Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер (кент, ауылдық округ әкімдерінен алынады);
  • Азаматтың 2018 жылдың 2 тоқсанына (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтері;
  • Өтініш берушінің ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша алған сертификат көшірмесі;
  • Әлеуметтік мәртебесін дәлелдейтін құжаттар (асыраушысынан айырылғандығы туралы, көп балалы отбасы туралы, т.б.);
  • Жеке қосалқы шаруашылығы туралы анықтама;
  • Скоросшиватель

Құжаттар Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен 2018 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады. Туындаған сұрақтар бойынша 2-16-81 телефонына хабарласуға болады.

  • Жарияланған күні: 26.07.2018 16:43
  • Жаңартылған күні: 26.07.2018 16:46
  • Көргендер саны: 1035
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі