22.07.2019

Валюта бағамы:

Студенттерді әлеуметтік қолдау

2013 жылдан бастап өңірімізде алғаш рет облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін өңірге қажет мамандықтар бойынша грант бөлініп келеді. Облыс әкімінің грантына үміткерлердің әлеуметтік жағдайы, сондай-ақ, білім деңгейі аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссиямен сараланып, шешімімен іріктеледі.

Әрбір жоғарғы оқу орнымен жасалған екі жақты келісім-шарттарға сәйкес оқу ақысымен қатар әр балаға тамақтану мен тұру шығындары өтеледі.

Облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөніндегі Кеңес отырысының хаттамасына сәйкес өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2019 жылға бөлінген облыс әкімінің оқу гранты Қармақшы ауданы бойынша төмендегідей белгіленді:

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бойынша:

Электроэнергетика – 1 орын (таңдау пәні – математика, физика);

Химия – 1 орын (таңдау пәні – биология, химия);

Орыс тілі мен әдебиеті – 1 орын (таңдау пәні – орыс тілі, орыс әдебиеті);

Шет тілі: екі шет тілі – 1 орын (таңдау пәні – шет тілі, дүниежүзі тарихы);

География – 1 орын (таңдау пәні – биология, география);

Археология және этнология – 1 орын (таңдау пәні – дүниежүзі тарихы, география);

Агрономия – 1 орын (таңдау пәні – биология, химия).

«Дәстүрлі өнер» институты бойынша:

Хореография – 1 орын (таңдау пәні – шығармашылық емтихан);

Аспаптық орындау – 1 орын (таңдау пәні – шығармашылық емтихан);

Өнертану – 1 орын (таңдау пәні – шығармашылық емтихан);

Сәндік қолтаңбалы өнер және халықтық кәсіпшілік – 1 орын (таңдау пәні – шығармашылық емтихан).

«Астана Халықаралық » университеті бойынша:

ІТ-технология – 2 орын (таңдау пәні – физика, математика)

«Болашақ» университеті бойынша:

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру – 1 орын (таңдау пәні – математика, геграфия);

Биология – 1 орын (таңдау пәні – биология, химия);

Дефектология – 1 орын (таңдау пәні – биология, георафия);

Математика – 1 орын (таңдау пәні – математика, физика).

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік медицина университеті бойынша:

Жалпы медицина – 3 орын (таңдау пәні – биология, химия).

Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №117 шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына» сәйкес жалпы білім беретін мектепті және медицина мен өнер саласы бойынша колледж бітірген әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан төмендегі білім алушылар облыс әкімінің грантына үміткер бола алады:

Балалар үйінің түлектеріне (интернат үйінің тәрбиеленушілері), сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын отбасынан шыққан:

бала кезінен мүгедектер, мүгедек балаларға;

ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балаларға;

ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын балаларға;

асыраушысынан айрылған балаларға;

көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;

«Алтын алқа» және «Күміс алқа»алқасымен наградталған аналардың балаларына;

оралман отбасылардан шыққан балаларға;

жетім балаларға;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға.

Жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс денгейінің аспайтын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.

Облыс әкімінің грантына үміткерлерден арнайы комиссияға ұсынылатын

құжаттар тізбесі

  • Өтініш белгіленген нысанда;
  • Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
  • Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (ХҚКО алынады);
  • Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер (кент, ауылдық округ әкімдерінен алынады);
  • Азаматтың 2019 жылдың 2 тоқсанына (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтері;
  • Өтініш берушінің 2019 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша алған сертификат көшірмесі;
  • Колледж бітіргендер үшін диплом және оның қосымшасының көшірмесі және2019 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша алған сертификат көшірмесі;
  • Әлеуметтік мәртебесін дәлелдейтін құжаттар (асыраушысынан айырылғандығы туралы, көп балалы отбасы туралы, т.б.);
  • Жеке қосалқы шаруашылығы туралы анықтама;
  • Скоросшиватель

Облыс әкімінің грантына өтініштер, 2019 жылдың 25 шілдесінен бастап Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен қабылданады.

Туындаған сұрақтармен 2-16-81 телефонына байланысуға болады.

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.

  • Жарияланған күні: 11.07.2019 05:32
  • Жаңартылған күні: 11.07.2019 17:36
  • Көргендер саны: 49
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі