26.05.2020

Валюта бағамы:

Құрметті облыс тұрғындары!

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 5 Қаулысына сәйкес:

Облыста эпидемиялогиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты 2020 жылғы 3-ші сәуір сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылғы 17-ші сәуір сағат 07.00-ге дейін Қызылорда облысы аумағы КАРАНТИНДІК РЕЖИМДЕГІ ШЕКТЕУГЕ КӨШІРІЛГЕНДІГІН хабарлаймыз.
Карантин кезінде:
- азық-түлік тауарлары, дәрі -дәрмек, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне ең қажетті қызмет түрлерін, өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қызылорда облысы аумағына автокөліктерге 14 тәулікке дейін кіріп шығуға қатаң ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
- 2020 жылдың 4 сәуір жергілікті уақыт сағат 08:00-ден бастап транзиттік және соңғы станциясы Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының станциялары болып табылатын жолаушылар тасымалына арналған барлық теміржол байланыстарына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
- Қала және ауданаралық автокөліктер мен такси қызметінің қатынауына, облыс орталығындағы таксилердің жүруіне ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
-Азық-түлік дүкендерінің оның ішінде гипермаркеттердің, оптомаркеттердің, супермаркеттердің, минимаркеттердің, азық-түлік сөрелерінің, дәріханалардың және бірінші кезекте ең қажетті тауарлар саудасының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ.
- Ішкі қоғамдық көліктің жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен және жүргізушілер мен кассирлердің сақтық шараларын қатаң сақталуымен таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасауына РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ.
- Қоғамдық моншалар мен автожуу қызметі толығымен ТОҚТАТЫЛАДЫ.
- Қажеттілікке байланысты кәмелетке толмағандар отбасының ересек мүшелерімен бірге және ересектердің тұрғын үйлерінен шығып 3 АДАМНАН АРТЫҚ топтасып жүруіне кешкі сағат 21:00 -ден кейін
ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.

Қызылорда облысының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы

  • Жарияланған күні: 03.04.2020 12:08
  • Жаңартылған күні: 03.04.2020 12:09
  • Көргендер саны: 241
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі