03.06.2020

Валюта бағамы:

Қызметке конкурс!

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Қармақшы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны: 2019 жылдың ақпан айының 5 күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рысқұлов көшесі № 2А «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен-жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рысқұлов көшесі № 2А үй, индекс: 120500 . тел:87243723091 «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

ІІІ . Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Лауазымдық міндеттері: Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді, шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарды ұйымдастырады. Байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығының байқауларын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Көркемөнерпаз ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады. Саябақтың және оның бөлімшелерінің аумағында эстрадалық театрлар, кинодәрістер, планетриялар, кітапханалар, би және ойын павильондары мен алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар және халыққа қызмет көрсететін нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар және эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады, бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және сақталуын қамтамасыз етеді.

Білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады. Мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады.

Ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңдарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

ІV. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;

2) Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

V. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қармақшы ауданы Жосалы кенті Рысқұлов көшесі № 2А үйпошталық индексі: 120500 «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады.

VІ.Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн: Құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2019 жылғы 19 қаңтар мен 2 ақпан сағат 9.00-13.00, 15.00-19.00 аралығында жоғарыда көрсетілген мекен жайда қабылданады.

Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің конкурстық комиссиясы

  • Жарияланған күні: 22.01.2019 12:38
  • Жаңартылған күні: 22.01.2019 12:46
  • Көргендер саны: 648
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі