09.12.2019

Валюта бағамы:

Салық төлеушілердің назарына!

Құрметті салық төлеушілер!

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, салық төлешілерді ақпараттандыру және халықпен кері байланыс жолдарын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Байланыс орталығында", 1414 телефоннан басқа, Телеграм (https://t.me/KGDMFRK1414) және WhatsApp (8-776-136-41-32) чаттар іске қосылғанын хабарлайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік кірістер органдарында «Электрондық салық төлеушіні тіркеу (электрондық цифрлық қолтаңбаны беру)» мемлекеттік қызметі қысқартылатынын назарларыңызға жеткіземіз. Осыған орай, мемлекеттік кірістер органдарымен электронды құжаттардың айналымы Ұлттық сәйкестендіру орталығынан берілген электронды цифрлық қолтаңбамен жүргізіледі (ЭЦҚ ҰСО).

Мемлекеттік кірістер органдарымен электронды құжаттармен алмасу арқылы өзара іс-әрекетті жүргізу мақсатында ҰСО ЭЦҚ алу, сонымен бірге «Жеке кабинет» ашу үшін «Электрондық үкімет» порталында тіркелу ұсынылады.

Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

  • Жарияланған күні: 22.11.2019 10:38
  • Жаңартылған күні: 22.11.2019 22:41
  • Көргендер саны: 42
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі