22.11.2019

Валюта бағамы:

Аудан тұрғындарның назарына! Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру шаралары жүргізілуде.

Қызылорда облысында «Бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру және сапалы жұмыс орындарын құру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (Жол картасы)» бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру шаралары жүргізілуде.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 22 бабы, 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінде (сауда орталықтарында, қоғамдық тамақтану нысандарында, қызмет көрсету, құрылыс, өндіріс, фермерлік және шаруа қожалықтарында және т.б салаларында) жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылармен еңбек шарты жасалуы тиіс. Сонымен бірге еңбекке ақы төленуі заңмен бекітілген ең төменгі айлық жалақыдан төмен болмауы, жұмысшы үшін міндетті төлемдердің төленуі қажет.

Жұмыс берушілер тарапынан Заң бұзушылықтар орын алған жағдайда 2-28-59 «Сенім телефонына» хабарлауыңызға болады. (құпиялық сақталады)

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

  • Жарияланған күні: 05.09.2019 09:13
  • Жаңартылған күні: 05.09.2019 21:17
  • Көргендер саны: 1265
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі